Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике по "Журналистике"

Автор:   •  Июнь 21, 2020  •  Отчет по практике  •  2,399 Слов (10 Страниц)  •  565 Просмотры

Страница 1 из 10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИО

Группа,мамандық

ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ЕСЕП

Оқытушы: ФИО

Тәжірибе жетекшісі: ФИО

Алматы, 2020


МАЗМҰНЫ

Кіріспе ............................................................................................................

 

  1. Түлектермен өткен кездесу
  2. Медиа, коммуникация, журналистика, адам құқығы, тұлғалық жетілуге қатысты онлайн-семинарға қатысу
  3. . JournalismCourse.kz сайтындағы курстарды қарап шығу (20%/100). С​ізге қарап шығуға 3 дәріс ұсынылады
  4. Қ​азақ медиасына қатысты 3 мақала
  5. Портфолио

КІРІСПЕ

Жалпы, әлемде сонымен қоса мемлекетімізде туындаған Пандемиялық төтенше жағдай уақыты көптеген мамандық иелерін, мемлекетті, оқыту жүйесін, жалпы адамзатты жаңашыл әлемдік шынайылыққа алып келді. Ортақ жау жақындастырады,-деп айтқандай халық арасында қадыры кетіп бара жатқан, лайықты бағалана бермейтін мамандықтар дәрігер, мұғалім, тәртіп сақшылары сынды мамандықтардың маңыздылығын көре бастадық. Сонымен қатар, мен қоса кететін маңызды мамандық Медиа қызметкерлері. Себебі, әлем, адамзат, медиа құралдары арқылы әлемдегі жағдайларға сол медиа қызметкерлерінің көзімен қарап, жрналист, блогерлер, халық алдына шығып жүрген адамдарға қарап көңіл күйлерін тудыра алды. Яғни, тікелей теледидардан, ғаламтор беттеріндегі ақпараттардан адамдардың ортақ жауға қарсы көзқарасы, ойы қалыптаса бастады. Осы тұста, халықтың психологиялық хал ахуалын, карантин кезіндегі теледидардан болсын беріліп жатқан көңіл-күйін, белгілі бір деңгейде позитивты бағытта ұстап отырған билік пен  халықты жалғастырушы негіз- журналисттер болды.

Әлем, адамдар бір мезет күйбең тірлікті тоқтатып, жан-жағына қарап, қайда бара жатқандығын, жеткен жерін, жетістіктерін, құндылықтарын қайта қарастыра бастады. Карантин салдарынан әлем экономикасына, алпауыт мемлекеттерге де біраз зиян келді.

Адамзат толықтай ғаламтор өміріне, жеке оқшаулануға көшті. Мектеп, колледждер, Жоғары оқу орындары жаңа оқу форматына көшті. Қашықтықтан білім алу. Осы шынайылықпен бізде бетпе бет келдік. Дәл осы уақытқа біздің де оқу тәжірибеміз сай келді. Міндетті түрде редакция, газет-журналдар, телевидениеге барып тәжірибеден өту қажеттілігі туындаған жоқ. Осы тұста оқу тәжірибесін қашықтықтан, онлайн өте бастадым. Ғаламтор желісінде, көптеген ақпараттарға, ой-пікірлерге, адамға ой салатын фильмдерге, жеке тәжірибе жинақтауға кірістім. Мақалалар оқыдым, онлайн курстар, семинарларды іздестіру, көптеген журналисттерден бөлек қоғам белсенділері, блогерлерді де бақыладым. Сол бақвлау, оқу, қарау нәтижесіне бағытталған оқу тәжірибесінің есебін жазуға кірістім.

Оқу тәжірибесі бұл- студенттің семестр барысында қол жеткізген теориялық және практикалық білімін одан әрі жетілдіруге үлес қосып, оқу үрдісіне оң әсер тигізетін қосымша білім ресурстарымен қамтамасыз етуді мақсат ететін іс-шаралар мен тапсырмалардың жиынтығы.

Оқу тәжірибесі барысында адами болмыс, тұлғалық даму, тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар, сөз сөйлеу мәнері, тыңдаушыға сөзді ұтымды жеткізу, Отандық журналисттер, филологтарды, шетелдік медиа , журналистика саласында жұмыстар қарастырылды.


2. МЕДИА, КОММУНИКАЦИЯ, ЖУРНАЛИСТИКА, АДАМ ҚҰҚЫҒЫ, ТҰЛҒАЛЫҚ ЖЕТІЛУГЕ ҚАТЫСТЫ ОНЛАЙН-СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУ

​Бұл тапсырманың орындалу барысында көптеген материалдар кездесті, көп ізденісте болдым. Журналистика, медиа, коммуникация туралы мақалалар мен семинарлыр іздей бастадым. Осы тұста қазыргі пандемия, карантин жағдайында әлеуметтік желіде онлайн оқу, жаңа заманауи шынайылықа бағытталған марафондар, білім жетілдіру, шынайы табыстан қағылған адамдарға онлайн табыс табуға бағыттаған көптеген ақпараттарды қарадым. Бірден журналистика саласындағы классикалық жанрдағы ұлттық мектептерге де кіріп оқуды ойладым. Бірақ, осы тұста маған келген сұрақ осы көптеген журналисттердің беріліп жатқан ресми, ғылыми тілдегі ақпараттарын аудитория неге қабылдай алмай жатады. Немесе, жаттанды сөзді, субтитрдағы сөздерді оқып шыққан дикторлардың кейбіреулері тыңдаушыны өзіне баурай алмайды деген сұрақтар келді ойыма. Мысалы, әр каналдағы журналисттердің сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, мимикасы, өзін ұстауы, жаңалықтың сіңімділігіне де ісер ететіндігін байқадым. Ұлттық телеарнадағы жаңалықтар дауыс ырғағы, аудиториясы бір қалыппен, нақты айтылады. Ресми, ғылыми тілде беріледі ақпараттар, сол себепті монотонды текст арасынан көп жаңалық есте қалмайды. Ал, мысалға  Нартай Аралбайдың дауыс ырғағын ұтымды пайдаланып, сөз иірімдерін жақсы меңгеріп, қазақша сөздерді тосылмай нақты, нық, зілдей қылып айтуы, тыңдаушыны «бұл рас айтып жатыр, иә айтқанының жаны бар»,-деп сеніп жатады. Бұған себеп іздедім.

...

Скачать:   txt (35.3 Kb)   pdf (156.1 Kb)   docx (19.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club