Журналистикадағы мәтіннің мәні мен маңызы
Автор: tubetovashyryn • Январь 27, 2026 • Эссе • 1,131 Слов (5 Страниц) • 5 Просмотры
[pic 1]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ
СӨЖ
Тақырыбы: “Журналистикадағы мәтіннің мәні мен маңызы”
Орындаған: Нұржақып Шырын
Тексерген: Филология ғылымдарының кандидаты,
Профессор Тоқтағазин Мұратбек Балқыбекұлы
[pic 2]
Журналистикадағы мәтіннің мәні мен маңызы
Журналистика мамандығының қайнар көзі - мәтін. Мәтін - сөз бен сөйлемнің логикалық жағынан байланысқан жүйесі. Адамзат жазу жазып үйренген заманнан бері, мәтін қалыптасып, одан әрі ұштасуда. Мәтіннің журналистикадағы маңызын дәлелдейтін алғашқы жазба Орхон-Енисей ескерткіші болып табылады. Орхон-Енисей ескерткіштері Тоныкөк, Білге қаған және Күлтегін ескерткіштерінен құралады. Бұл тастардағы жазбалар біздің салаға қатысты екенін оның маңыздылығы айқындайды. Яғни, сол ғасырдағы аталмыш оқиғаларды газет бетіне түсіргендей тасқа қашап жазған. Осы кезден-ақ мәтіннің құдыреттілігін байқауға болады. Ол тек ақпараттандырып қоймай, сол ақпаратты физикалық формаға келтіріп болашақ буынға мұра ретінде қалдырады.Біздің заманымыздың II ғасырында Қытай елінде қағаз ойлап табылғаннан бері мәтін жазудың маңыздылығы артып, білімнің алтын діңгегі дейгейіне дейін жетті. Бізді қоршап тұрған әрбір зат та, құбылыс та кезінде сол қағаз бетіне мәтін ретінде түсіріліп, мағынасы ашылып, “қалай? қайдан?” деген сұрақтарға жауап іздеген жанның алдынан табылды. Ұлы ойшылдар, мысалы, әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұнилар өз еңбектерінде мәтіннің мол мүмкіншілігін аңғаруының арқасында адамзаттың дамуын алға итермеледі.
Мәтін жазудың маңызы жайында жазушы Әбіш Кекілбаевтің сөзі осы тұста өз орнын тапқандай. Ол:
“Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең үлкен жаңалық - жазу. Одан асқан жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде ғылым, дін, мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді.” - деп жазған.
Ол жазуды адамзат ойлап тапқан ең ұлы жаңалық деп бағалай отырып, ғылым мен мәдениеттің, дін мен руханияттың барлығы жазу арқылы қалыптасқанын атап өтеді. Бұл ой мәтін жазудың адамзаттың ой-санасын кеңейтіп, таным көкжиегін ұлғайтады дегенге саяды. Шынында да, мәтінсіз ғылым да, тарих та, журналистика да өмір сүре алмас еді.
Уақыт өте келе мәтіннің формасы өзгерді. Тасқа қашап жазудан бастап, қағаз бетіне түсумен жалғасып, медиакеңістікке жол тапқан жазу өнері журналистиканың ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі қоғамда мәтін экран арқылы қабылданады, цифрлық форматта таралады, жылдам әрі ықшам түрде ұсынылады. Дегенмен оның атқаратын қызметі әлі де сақталып отыр. Мәтін әлі де ақпарат жеткізудің, қоғамдық пікір қалыптастырудың негізгі құралы болып қала береді. Осы тұрғыдан алғанда медиамәтіннің рөлі ерекше. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Мұратбек Балқыбекұлы Тоқтағазиннің “Медиамәтін - ақпарат әлемінің әміршісі, медиакеңістіктің қуатты қаруы. Оны шебер өрнектеген жан - журналистика жұлдызы.” деген тұжырымы бүгінгі журналистиканың мәнін дөп басады. Себебі қазіргі медиакеңістікте мәтін арқылы қоғамға әсер ету, аудиторияны сендіру, ой салу мүмкіндігі әлдеқайда күшейді. Мәтіннің осындай күшке ие болуы журналист маманына үлкен жауапкершілік жүктейді.
Мәтін жазу - оңай іс емес. Оның қиындығы да, ләззаты да бар. Бұл туралы белгілі журналист Қайырғали Медет: “Жазудың қиындығы да, ләззаты да болады. Журналист қай тақырыпты жазса да, объектісін жан-жақты зерттеп алуы керек. Ол академикпен академикше, дәрігермен дәрігерше, қойшымен қойшыша сөйлесе алуы тиіс. Бұл - журналист жан-жақты білімді болуы керек дегенге саяды” деп атап көрсетеді. Бұл пікір журналистің мәтін арқылы түрлі әлеуметтік топтармен байланыс орната алатынын аңғартады. Демек, сапалы мәтін терең білім мен жан-жақты дайындықты талап етеді. XXI ғасырдың екінші жартысына дейін журналистикада мәтін көбіне газет пен журналға арналды. Ақпарат баяу тарады, мәтін ұзақ уақыт оқылатын, талданатын өнім болды. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысында радио мен телевидение пайда болып, мәтіннің жаңа формалары қалыптасты. Радиомәтін қысқа, нақты, ауызша қабылдауға ыңғайлы болуы керек еді. Телевизияда мәтін бейнемен ұштасып, көрерменнің назарын ұстайтын құралға айналатын. Осы өзгерістерді жүйелі түрде талдаған еңбектердің бірі - Роберт Хиллиардтың “Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу” атты кітабы. Автор бұл еңбегінде медиамәтіннің әр платформада әртүрлі талапқа сай жазылуы қажет екенін көрсетеді. Хиллиардтың пікірінше, журналист тек жақсы жазушы ғана емес, аудитория психологиясын түсінетін коммуникация маманы болуы тиіс. Радиоға арналған мәтін құлаққа жағымды, жеңіл қабылданатын болса, телевидение мәтіні көрініспен үйлесуі қажет, ал жаңа медиа мәтіні интерактивтілікке негізделуі тиіс.
...