Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в «Ақмарал» балабақшасында

Автор:   •  Март 19, 2019  •  Отчет по практике  •  4,700 Слов (19 Страниц)  •  1,859 Просмотры

Страница 1 из 19

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 Өңдеу технологиясы және стандартау кафедрасы

Өндірістік практика бойынша есеп

Мамандық 5В072800 –Азық түлік өнімдерінің технологиясы

Орындаған:                                                Құдабай Ә., күндізгі оқу

                                                        нысанының 3-курс студенті

                                                        (негізгі оқу бағдарламасы)

Жетекшісі:                                                Здерева Л.Б., а. ш. ғ, доцент

                        

Есеп қорғау

__________ болды

     Бағасы___________

Қостанай, 2019


Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................3

  1. Тамақ дайындау...............................................................................................4
  2.   Тамақтануды ұйымдастыру принципі...........................................................6

2.1 Тамақты әзірлеуге қажетті санитарлық- гигиеналық жағдайлар..............7

Негізгі бөлім

  1. Балаларға арналған тағамдар.........................................................................8

3.1 Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының гигиеналық негіздері...12

3.2 Балаларға арналған ас мәзірі.........................................................................14

4    «Ақмарал» балабақшасының апталық ас мәзірі.........................................18

5    Балабақшадағы  жасөспірімдердің тамақтануы .........................................19

Қорытынды...........................................................................................................21

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі......................................................................22


Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс тамақтануының негізгі ережесі, күнделікті ағзаның құрамы барынша сан алуан болғаны дұрыс. Бала ағзасына пайдалы дәрумендері бар: ет, балық, сүт және сүт өнімдерін, жұмыртқа, жеміс-жидектер мен көкөністер, қант және кондитерлік бұйымдарды, нан, дәнді-дақылдар және т.б. азық-түліктерін күнделікті тамақ үлесіне қосып отырған жағдайда, баланың берік денсаулығын қамтамасыз ете аласыз. Бала ағзасының әртүрлі инфекцияларға қарсы тұруын: ет, балық, жұмыртқа, сүт, айран, ірімшіктің құрамындағы жоғары сапалы табиғи ақуыздары қамтамасыз етеді. Дұрыс тамақтану – өсіп келе жатқан жас ағзаның денсаулығы мен дұрыс өсуіне жағдай жасап, үнемі әсерін беретін маңызды фактор. Тамақтану ережесін ұйымдастырудың негізі – ұсынылған азық-түліктер жиынтығын ұстану болып табылады. Осы топқа енетін тағамдардың құрамы – мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калорийлік құндылығын қамтамасыз етеді.

Балабақшада басты назар ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен тамақ дайындау технологиясына аударылады. Тамақ әзірлеу ережелерін сақтап, ас мәзірін қадағалау жұмыстары бас медбикеге жүктеледі және ол балалардың дұрыс тамақтануын қадағалап отырады. Сонымен қатар медбике балабақшадағы ас әзірлейтін бөлімнің санитарлық тазалығы мен қызметкерлердің жеке басының гигиенасын ұстауын күнделікті тексеріп, топтағы балаларға тамақтардың жеткізілуін қадағалайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс тамақтану тәртібі – нақты ұйымдастырылған ережелер болуы керек. Мектепке дейінгі ұйымдардың балаларын күніне төрт мезгіл тамақтандыру қажет. Негізгі тамақтанудың арасы 3,5-4 сағат болғаны дұрыс. Қосымша жеңіл-желпі тісбасарлар беріледі. Дұрыс тамақтану тәртібінің тағы бір талабы – тәуліктік тұтынатын тағамдардың сәкестендірілген тізімі. Күннің бірінші жартысында бала ағзасына пайдалы дәрумендермен байытылған және ақуыз бен майға қаныққан тағамдарды беру ұсынылса, кешкі асқа: тез қорытылатын жеміс-жидектер мен көкөністер, балық, сүт өнімдерін дайындап беруге кеңес беріледі.

...

Скачать:   txt (64 Kb)   pdf (271.8 Kb)   docx (37 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club