Алкогольсіз сусындар
Автор: Ainur Kabdenova • Февраль 5, 2022 • Курсовая работа • 6,980 Слов (28 Страниц) • 589 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | |
Әдеби шолу | |
Негізгі бөлім | |
Алкогольсіз газдалған сусындарды өндіруде қолданылатын шикізаттар | |
Газдалған алкогольсіз сусындар өндірісі | |
Газдалған суды дайындау сұлбалары | |
Суды анықтау | |
Қоспаларды араластыру | |
Алкогольсіз газдалған сусындар өндірісінде пайдаланылатын микроорганизмдердің сипаттамасы мен морфологиясы | |
Газдалған алкогольсіз сусындардың жалпы сипаттамасы | |
Қаптау және буып-түю | |
Газдалған сусындарға қойылатын талаптар | |
Алкогольсіз сусындардың ақаулары | |
Сапасын бақылау | |
Газдалған сусындардың ассортименті | |
Қорытынды | |
Қолданылған әдебиеттер тізімі | |
Қосымшалар |
Кіріспе
Алкогольсіз сусындар бұл – құрамында алкоголь жоқ сусындар. Ең жиі қолданылатын алкогольсіз сусындар – кола, пепси, спрайт, фанта, газдалған су, лимонад, пунш және т.б. көптеген сусындар. Алкогольсіз сусындарды таңдаған кеде олардың дәмдік артықшылықтарымен қатар, құрамындағы пайдалы заттардың молшерін де ескерген дұрыс. Көптеген алкогольсіз сусындардың құрамында көп мөлшерде қант болады, сәйкесінше сізге қажетсіз каллория да болады. Мынаған назар аударыңыз: егер толып кеткіңіз келмесе, қант алмастырғыштары бар сусындарды ішіңіз. Сусынның құрамында дәрумендердің бар-жоғына назар аударыңыз. Көбінесе бұлар тек тәтті заттардың, ароматизаторлар және бояғыштардың ерітіндісі, олар ағзаға ешқандай пайдалы әсерін тигізбейді.
Дәрумендендірілген сусындарды пайдаланған жөн. Қазіргі кезде өнеркәсіп құрамында 4-5, тіпті 12 дәрумендері бар, күнделікті қажеттілікті 1-2 стакан мөлшердегі сусынмен қанағаттандыратын алкогольсіз сусындар шығарады. Мұндай сусындардың көпшілігін құрғақ күйінде сатып алып, үйде дайындауға болады. Кез-келген шырын-дәрумендердің көзі болып табылмайды. Көптеген шырындар дәрумендерге кедей болады, тек арнайы дәрумендендірілген шырындар, сәбіз шырыны (бета-каротин көзі), қарақат шырыны (С және Р дәрумендері) және басқа да шырындар. Жеміс балшырындарының құрамындағы дәрумендер мен басқа да пайдалы заттар, әсіресе жеміс сығындарында, шырындар құрамына қарағанда аз болады, жеміс шырыны толығымен жемістен тғрса, жеміс нектарларында жартылай ғана, ал жеміс сусындарында одан д аз. Сусын құрамын жазылатын этикеткадағы жазуларға назар аударыңыз, оқылғандарды өзіңіздің дәрумендерге қажеттілігіңізбен салыстырыңыз. Квас- пайдалы алкогольсіз сусын. Ол сіздің ағзаңызды дәрумендерге айтарлықтай байытпайды, дегенмен квас қышқылдары (ең алдымен сүт қышқылы) ас қорытуды жақсартады.
Табиғаты, құрамы, органолептикалық қасиеттері мен алу технологиясы әртүрлі, белгіленуі бойынша шөлді басатын және салқындататын сусындар алкогольсіз газдалған сусындарға жатады. Мұндай сусындардың сипаты ерекшелігі болып оарда судың көп мөлшері табылады.
Біздің елде алкогольсіз газдалған сусындарды өндіру және тұтыну жылдан жылға артуда. Өнім шығарылымы артуымен қатар оның сапасы да жақсарады, ассортимент те артады, табиғи шырындар негізінде сусындар өндірісі артады, төмен калориялы сусындар, диабетпен ауыратындарға арналған сусындар жасалады.
Әдеби шолу
Қазақстан Республикасының 2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасында жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану арқылы – өмір сүру сапасының деңгейін арттыруға ерекше мән берілген. Атап айтқанда, ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесінде экономикалық жетістіктерге, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалануға, сондай-ақ ұлтты сауықтыру үшін тамақ өнімдерін қатаң бақылауға, халықтың жан басына шаққандағы табиғи шырындар мен сүт өнімдерін ұлғайтуға, ішкі нарықтағы тамақ өнімдерінің сапасын бақылауды күшейтуге ерекше көңіл бөлу қажеттілігі айтылған.
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілеттілігін арттыратын экологиялық таза технологияны қолдану нәтижесінде алынатын экологиялық таза өнімдер арқылы халықтың орташа өмір сүру деңгейінің өсуіне, генетикалық ауытқулардың азаюына, иммунитеттің нығаюына, кәсіпорындардың қосымша пайда табуына, денсаулықты қалпына келтіру шығындарын азайтуға, соның нәтижесінде еңбекке қабілеттілікті арттыруға қол жеткізе аламыз.
...