Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в «ҚазБШҒЗИ»

Автор:   •  Январь 17, 2019  •  Отчет по практике  •  5,478 Слов (22 Страниц)  •  523 Просмотры

Страница 1 из 22

Экономика  мамандығының 1 курс магистранты

Булатова Динара Жәнібекқызының кәсіптік практика жұмысы бойынша

дайындаған қорытынды

ЕСЕБІ

Мен Булатова Динара 25.05.2018 – 27.07.2018 уақыт аралығында кәсіптік практиканы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де өттім. Кәсіптік практика бағдарламасына сәйкес төмендегідей жұмыстарды орындадым.

  • Мамыр айының 25і «ҚазБШҒЗИ» ЖШС-мен, ұжыммен, мекеменің құрылымы және мақсатымен танысу;
  • 30.05. «ҚазБШҒЗИ» ЖШС атқаратын қызметімен, жұмыста қолданатын құқықтық –нормативті құжаттарымен танысу;
  • 04.06 – 08.06 уақыт аралығында жалпы ережелермен, өзіме жүктелген міндеттермен танысу;
  • 11.06 – 17.06 – институттың соңғы 6 ай ішіндегі көрсеткішін сараптау;
  • 20.06 – 23.06 – «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты» «ҚазБШҒЗИ» ЖШС ресми сайтымен танысу;
  • 23.06 – 28.06 – Институттың ресми сайтымен жұмыс істеуге үйрену;
  • 01.07 – 03.07 – әр ширек сайын тапсырылатын мекеме есебімен танысу;
  • 05.07 – 07.07 – мекеме есебін істеуге үйрену, оны тапсыру;
  • 09.07 – 11.07 – жаңа бағдарламамен жұмыс істеу;
  • 13.07 – 15.07 – ұйым хаттамаларын дайындау;
  • 17.17 – 19.07 – қайта даярлау, аудит мамандықтары бойынша жүргізілген іс-шараларды зерттеу;
  • 21.07 – 22.07 – мекеменің нұсқаулықтарымен танысу;
  • 24.07 – «ҚазБШҒЗИ» мекемесіне талдау жасау;
  • 25.07 – практикадан өту барысына мінездеме, келешекке қажет болатын мәліметтер алу;
  • 26.07 – 27.07 – практиканы қорытындылау.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында ішкі суқоймаларының саны бойынша Ресейден кейін 2-ші орынды иемденеді, 8 балық шаруашылықтық бассейні бар. ХХ ғасырдың бірінші төртжылдығында республика ихтиофаунасында 100 түр мен түршелер есептелінген. Кейіннен, 1930 жылдары ол есеп үлкен масштабты жерсіндіружұмыстарының әсерінен өзгерді. Қазіргі уақытта ихтиофаунада 150-ге жуық түр кездеседі, олардың кейбіреуі өндірістік бағалы түрлерге жатса, кейбіреулері – әр бассейннің эндемик түрлері болып табылады. Балқаш алабұғасы, арал албырты, арал қаязыгенофондтың сирек кездесетін бірегей түрлеріне жатады. Каспий теңізінің ихтиофаунасы бірегей – әлемдік генофондының резерваты және бекіре балықтарының қоры болып табылады.

Институттың тарихы 1929 жылдан Бүкілодақтық балық шаруашылығы және окенография ғылыми-зерттеу институтының Арал қаласындағы ғылыми балықшаруашылықтық станциясынан басталады. 1933 жылы осы станцияның филиалы Балқаш қаласында ашылды, кейіннен 1934 жылы Бүкілодақтық балық щаруашылығы және окенография ғылыми-зерттеу институтының жеке станциясы болды. 1938 жылы Бүкілодақтық балық шаруашылығы және окенография ғылыми-зерттеу институты жүйесінен Бүкілодақтық көл және өзен балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының құрамына енгізілді.

1957 жылы Арал және Балқаш қалаларындағы Бүкілодақтық көл және өзен балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан ҚазКСР ҒА зоология институтына берілді (Бүкілодақтық көл және өзен балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты №92 29.08.1957 ж. Министрлер кеңесінің 22.10.1957 ж. №749 тапсырысы, ҚазКСР ҒА 10.11.1957 ж. №474 және 481 бұйрығы, 14.11.1957 ж. №149 Зоология институтының бұйрығы), сонымен қатар 1950 жылдардың ортасында Өскемен қаласында ихтиологиялық бөлімшесі болған.

1959 жылы су және балық ресурстарының бай болуына байланысты Қазақстанда республикалық Ғылым академиясының жүйесіне жеке ихтиология институтын және балық шаруашылығы институтын құу туралы шешім қабылданды. 1959 жылы ҚазССР және ОК КП 20.08.1958 ж. №725 және Ғылым академиясының 19.03.1959 ж. №417 бұйрығы бойынша Зоология институтының құрамынан ҚазССР ҒА ихтиология институты және балық шаруашылығы институты бөлініп шықты, орталығы Гурьев қаласында орналасты (қазіргі Атырау), және оған Алтай, Арал, Балқаш бөлімшелері және Жезказған ихтиологиялық опорлы пункті кіреді.

...

Скачать:   txt (94.1 Kb)   pdf (224.6 Kb)   docx (37.8 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club