Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Политологии"

Автор:   •  Ноябрь 30, 2023  •  Шпаргалка  •  1,957 Слов (8 Страниц)  •  115 Просмотры

Страница 1 из 8

 1.Ежелгі дәуір, Ортағасыр, Жаңа заман және қазіргі замандағы саяси ойдың дамуы. Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси танымға келетін болсақ,көне шығыс халықтарының саяси ой жүйелерінің мифологиялық бастауларға  жүгінетіндігін жəне адамның дүниедегі орны мен рөлі туралы көзқарастың да мифиологиялық дүниетанымдарға негізделетіндігі белгілі. Мысалға, ежелгі Египет, Қытай, Вавилон халықтарының таным-түсініктері дінимифологиялық сипат алған. Бұларда, сол кездегі саяси билік пен тəртіп аспан тəңіріне тəуелді дейтін таным басым болды. Демек, саяси құқықтық көзқарас өзінің алғашқы даму сатысында жеке адами білім, ой ретінде əлі бөлініп шықпағандығын, оның сол кездегі, мифологиялық дүниетанымының құрамдас элементі болғандығын байқауға болады. Күрделі əлеуметтік-саяси құрылым, жазба мəдениетінің дамуы тұрғысынан алғанда ежелгі Қытай өркениеті жуықтап алғанда біздің жыл санауымызға дейінгі 14-13ғ.ғ. қалыптасқан. Ал, саяси ойлар 6-5ғ.ғ. б.з.д. жəне саяси жағдайлар ойшыл-ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала бастады. Мысалретінде конфуцишылдарды алуға болады. Конфуций əлеуметтік, этикалық, саяси ілімнің жəне патриархалық мемлекет теориясының негізін салушы болып есептеледі. Конфуций өзінің ілімін Лунь юй деген жинағында баяндаған.

2.Саяси жүйе түсінігі, құрылымы және қызметтері. Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе сыртқы ортамен “кіріс” , “шығыс” принциптері арқылы байланысады.

Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар мен қолдау. Құрылымы. "Жүйе" ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901 -1972). Ол бұл терминді клетканың сырткы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде карады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастымен өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға жəне өзінің ішкі элементгерінің талаптары на жауап қайтару арқасында дамиды.Саяси жүйе кызметтері: 1.Белгілі бір əлеуметтік топтың немесе көпшілік халыктың саяси билігін камтамасыз ету. Ол биліктің тəртіпке келтірілген, ережелерде, калыптарда бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті зандар шығарады. Сол арқылы қоғамда тəртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.

2.Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген əлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың максат-мүддесіне сəйкес адамдардың тіршілік əрекетінін əр түрлі салаларын басқарады. Ол əлеуметтік институттар қызметінің мақсаггарын айкындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

3. Саяси жүйе қоғамда жинактаушылык, топтастырушылық кызметті атқарады. Ол ортақ əлеуметтік-саяси мақсаттар мен кұндылыктардынң айналасында барлық əлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4.Экономиканың калыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс кұралдарына меншік түрлерін күқыктық тұрғыдан бекітеді, каржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді.           5. Коғамды, оның мүшелерін ішкі жəне сырткы бүліндіргіш əрекеттерден корғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сырткы агрессиядан (əскери.экономикалык, информациялык) жəне т.с.с

3. Мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арасында билік қалай бөлінеді? Демократиялық қоғамдарда билікті тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье болды. Билік заңшығарушы, атқарушы және сот билігі болып үш тармаққа бөлінеді. 1. Заңшығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджеті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар бақылау жасайды. 2.Атқарушы билікке үкімет пен әкәмшілік жатады. Оларды заңшығарушы өкілдік органдар қалыптастырады.Атқарушы билік заңшығарушыбиліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді.Оныңжұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде әрекет етуі керек. Сырттай қарағанда ол заңшығарушы билікке тәуелді.Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды. Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады. 3.Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды ,парламент не президент қабылдаған заңдардың конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды.Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алды. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органнның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық,айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады. 4.Мемлекет пен қоғам. Қоғам түрлері.       Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шекаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану бірқатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр. «Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі. Бос уақыт қоғамы. Бос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген.

...

Скачать:   txt (29.4 Kb)   pdf (110.7 Kb)   docx (15 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club