Саяси режим түсінігі
Автор: Аян Жақып • Февраль 4, 2021 • Контрольная работа • 507 Слов (3 Страниц) • 375 Просмотры
І САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 0.1 Саяси режим түсінігі Саяси режим -- саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, əдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары Қазіргі саясаттануда ең кең тараған жіктеудің түрі қоғамдағы қалыптасқан саяси тəртіптің ерекшеліктерінде негізделеді. Саяси тəртіп деп, саяси билік, қоғамды басқару əдіс-тəсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дəрежесін айтады. Саяси билікті жүзеге асырудың қоғамды басқарудың тəсілдер жиынтығы ретінде демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тəртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тəртіпті айқындағанда оның көрсеткіші өлшеуші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады. Саяси режим-мемлекетте билік жүргізудің арнайы тəсілдері. Қазақстандағы саясиқұқықтық режимнің қалыптасуы мəселесінің өзекті екендігін ескеріп,біз мақалада саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына өте терең ықпал жасайтын саяси факторларының дамуының тарихи-құқықтық қырларын зерделедік. Саяси жүйе қоғам, мемлекет жəне тұлға арасындағы бай- ланысты жүзеге асырады. Осы байланыстың əлеуметтік өмірдің басты субъектілерінің арасында қалай жəне қандай тəсілдердің, құралдардың, күштердің көмегімен қандай ұйымдасқан формада жүзеге асатыны -- өте маңызды мəсе- ле. Бұл жағдайда біз қоғамды, мемлекетті, тұлғаны өзара əрекеттесуші субъектілердің жүйесі ретінде көре аламыз. Мұндағы субъектілер дербес элементтер жəне олардың ара- сындағы өзара əрекеттесудің өзіндік тəсілі "саяси режим" ұғымымен белгіленеді. Саяси режим саяси жүйенің де, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның да мəнді сипаттамасы. Ерте кезден, яғни қоғамның пайда болу кезеңінен бастап адамдарды қауымдастыққа қалай біріктіруге болады, жеке адам мен қоғамды, яғни жеке адамдардың мүдделері мен тұтастай қоғамның мүдделерін калай біріктіруге болады де- ген əлеуметтік проблемалар "мəңгілік" сұрақтар болып кала берді. Осы проблеманы шешудің шынайы тəжірибесі зерде- ленген саяси ойлар тарихында оларды біріктірудің автори- тарлық жəне демократиялық деп аталатын екі тəсілі бар. Бұл жағдай да, жеке немесе ортақ мүдденің қайсысы ба- сым; тұлға өзінің мүдделерін сезінуде жəне жүзеге асыруда қаншалықты еркін; осы мүдделерді жүзеге асыру мен олар- ды түйістіру үшін биліктік іс-əрекеттің қандай ұйымдастыру құрылымдары мен əдістері қолданылады деген мөселе- лер əрқашан күн тəртібінде тұрды. Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықгы жəне оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның əлеуметгік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да, сая-си режим -- абстракгілі категория емес, ол шынайы əлеуметтіксаяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның кұндылық бағдарларын қалыптастырады. Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына, биліктік əсер етудің əдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді Саяси режим қоғамдық - саяси процестің интенсивтілігі мен даму деңгейімен, басқарушы элитаның құрылымдылығымен, бюрократиямен қарым-қатынас жағдайымен, қоғамдағы саяси сана мен мінез-құлықтың қоғамдық-саяси дəстүрлі дамуымен анықталады. Саяси режимдердің тарихқа белгілі үш түрі бар:
...