Егіншілік
Автор: aitorgyn • Август 6, 2022 • Реферат • 1,099 Слов (5 Страниц) • 454 Просмотры
Егіншілік – аз шығын жұмсау арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарынан тұрақты жоғары жəне сапалы өнім алу үшін жерді тиімді пайдалануға жəне топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған техникалық, мелиоративтік, ұйымдастыру-экономикалық жəне экологиялық шаралардың жиынтығы.
Егіншілік жүйесіне көп шаралар кіреді. Олардың бəрі шаруашылықтағы егістік жерді толық жəне тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын ұдайы арттырып отыру, табиғаттың залалды құбылыстарын бəсеңдету немесе жою мақсатында жүргізіледі.
Егіншілік жүйелерін жоспарлағанда жергілікті агроклиматтық, су жəне басқа қорларды, топырақ құнарлылығының деңгейін, дақылдардың биологиялық мүмкіншілігін, шаруашылықтың экономикалық даму дəрежесін, оның материалдық мүмкіншілігін еске ала отырып жасау керек. Егіншілік жүйесінің жалпы ортақ белгілері (нышандары) – жерді тиімді пайдалану жолдары (пайдаланатын жердің ара-қатынасы, егіс көлемінің құрылымы) мен топырақ құнарлылығын арттыру тəсілдері болып келетінін есте сақтау қажет.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алу үшін жер мен басқа ресурстарды пайдалануға, топырақ құнарлылығын сақтауға және жоғарылатуға бағытталған кешенді өзара байланыстырылған агротехникалық, мелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар жиынтығын Егіншілік жүйесі деп атаймыз.
Егін шаруашылығында топырақтың құнарлылығын орнына келтіру мен арттырудың негізгі 4 тəсілі жүзеге асырылады. Олар:
- Жерді тыңаю үшін аз-көп уақытқа пайдалануды доғару арқылы табиғи факторлардың əсерінен оның құнарлылығын жоғарылату;
- Пар қолдану (парлау) арқылы егіндіктің құнарлылығын арттыру;
- Топырақ құнарлылығын арттыру үшін көпжылдық шөптерді пайдалану;
- Алға қойған мақсатты орындау үшін, органикалық, минералдық тыңайтқыштарды қолдану жəне осы аталған тəсілдерді өзара əртүрлі ара-қатынаста үйлесімді түрде қолдану.
Қарқындануына байланысты егіншілік жүйесі 5 топқа бөлінеді: қарапайым, экстенсивті, экстенсивтен – қарқындануға ауысуы немесе өтпелі, қарқынды және инновациялы.
Атырау облысы Махамбет ауданы – өңірдегі ауыл шаруашылығымен айналысатын іргелі аудандардың бірі.
Ауданның жалпы жер көлемі – 923,487 мың гектарды құрайды. Махамбет ауданы – негізінен ауыл шаруашылығы саласы кең өрістеген аудан. Ауданда егістік тек суармалы алқаптарда өсіріледі. Негізгі өсірілетін өнімдер – көкөніс, бақша, картоп, және мал азықтық дақылдары. Негізінен егіншілікпен айналысатын – орташа және шағын шаруа қожалықтары.
Атап айтсақ, егін шаруашылығымен айналысатын «1 Мамыр» ЖШС, «АтырауАгроөнімдері» АҚ, «Мұра», «Дастан» ӨК, «Райхан», «Раушан», «Қорған», т.б. шаруа қожалықтары бар.
Аудан жері Атырау қаласының іргесінен басталып, солтүстікке қарай Жайық өзенінің екі жақ бетіне орналасқан. Аудан жері Каспий ойпатының орталық бөлігін алып жатыр. Жер бедері тегіс және теңіз деңгейінен 9 м-ден (солтүстігінде) 27 м-ге (оңтүстігінде) дейін төмен.
Жайық өзенінің оң жағасымен Каспий теңізінің солтүстігіндегі жіңішке өңірді қызғылт қоңыр топырақты, басым бөлігін сортаңды сұр топырақты және сор жерлер алып жатыр.
Егіншілікті жүргізу бағытында Махамбет ауданы аумағында дәстүрлі топырақ өңдеу жұмыстары жүргізіледі:
- 22-27 см тереңдікке дейінгі негізгі өңдеу немесе жырту жұмыстары (күзгі немесе көктемгі мерзімдерде);
- көктемгі қопсыту (культивация), тырмалау, тұқым себу алдындағы егілетін дақыл түріне, топырақ жағдайына байланысты өңдеу (қопсыту, тырмалау, малалау, т.б.) жұмыстары атқарылады;
- тұқым себу;
- минералды тыңайтқыштармен қоректендіру;
- мерзімдерінде суару;
- егін өсіру, баптау барысында қажеттілікке қарай арамшөптерге, өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жұмыстары, тыңайтқыштармен үстеме қоректендіру жұмыстары атқарылады.
...