Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Гражданскому праву"

Автор:   •  Декабрь 11, 2022  •  Контрольная работа  •  755 Слов (4 Страниц)  •  203 Просмотры

Страница 1 из 4

11 «Б» сынып оқушысы Жамбылқызы Жұлдыз.

ТЖБ Дүниежүзі тар

1-таспырма

1)Либерализмнің арқасында буржуазия мен интеллигенцияның абсолюттік құқығына қарсылық танытып, адам бостандығы үшін күресі нәтижесінде өркениеттің негізін қалыптастырушы құндылық ретінде қарастырыла басталды. Жекетұлғаның құқығы мен бостандығы, халық еркіндігі, индивидуализм және т.б. идеялар қалыптасуына жол ашты.

2)Позитивизм-бүкіл адамзат ой-пайымын жүйелеу. Позитивизм арқасында мемлекет қайраткерлері нақты, дәл, дұрыс тәртіп қалыптастыра алады. Позитивизм адамзат қоғамының дамуын 3 сатымен көрсетті. Мысалы, рухтар мен жындарға сенуден дүниетанымы нақты, “болмыс, себеп” сияқты ұғымдарды ұстанды, ең соңғы кезең-адамзаттың жоғарғы дамуы-барлық құбылыстың нақты бір себебін, заңдылығын анықтады.

3)Марксизм-күнделікті қоғамдағы ғылымның белгілі бір салаларымен байланыстырып, әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды қарастыру.

4)Экзистенциализм-филосифияның бір ағымы, адамның ішкі рухани тәжірбиесіне назар аудару арқылы жаңа дүниетаным қалыптастыру.

5)Ұлтшылдық-ұлттық артықшылық пен даралық идеясына негізделген идеолгия, басты ұстанымы-ұлттың құндылық тезисі.

2-тапсырма

1)Махатма Ганди өзі құрған Сатьяграха қозғалысының арқасында еш қандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш көрсетусіз, асқан төзімділікпен Үндістан халқын тәуелсіздікке жеткізді.

Ол бүкіл Үндістанды жаяу аралап, будда, христиан, мұсылман дін орындарында болып, ешкімді ұлтына, дініне, әдет-ғұрпына алаламай ортақ күреске шақырады. Бірақ күрестің басты шарты - ешқандай күш көрсетпеу болып есептеледі.

2)Себебі:ағылшын үстемдігі, Үндістандағы жалпы халықтың және  кедей, шаруалардың құқығының елеусіздігі, британдықтардың жергілікті жерде байлықты соратын жүйе құрып, үндістандықтардың қара жұмыс істеп өте аз жалақы алуы.

Мақсаты:ағылшын үстемдігінен құтылып, Үндістанның тәуелсіздігін алу, кедейлікке, жоқшылыққа мейірімділікпен қарау, жапа шегу, тақуалық принциптері мен қоғамдағы дамуы - адамның өсімпаз мұқтажын қамтамасыз ету арқылы емес, оны саналы түрде тежеу арқылы іске асырылу.

3)1947 жылы Ганди күресінің негізгі мақсаты орындалды. Үндістан тәуелсіздігін алды. Бірақ, мақсатына жеткен Гандидің қуанышы су сепкендей басылды. Сол жылы тамызда әлемнің саяси картасында бір емес, екі мемлекет пайда болды: Үндістан мен Пәкістан. Қос мемлекеттің пайда болуы қақтығыстар мен соғыс өртінің тұтануына әкелді. Азамат соғысын тоқтату үшін Ганди төтенше шаралар қабылдады. 1948 жылдың қаңтарында аштық жариялады. Ол өз шешімін былай деп түсіндірді: «Өлім маған керемет құтылыс болады. Үндістанның өзін өзі құртып жатқанын көрген бишара куәгері болғанша өлгенім артық». Оның бұл қадамы халықты алаңдатып, қақтығыстар уақытша тоқтатылды. Ал, соғысты қалаған топтардың оған ашуы келді. Ганди олардың жоспарларына үлкен кедергі келтірген еді.

4)М. Гандидің жетекшілігі өте дұрыс, себебі ол бейбіт жолмен, ешкімге қарсы шықпай,бейбіт шерулер арқылы, қарапайым халықтың құқығын қорғап шығып, Үндістанның тәуелсіздік алуына зор үлес қосты. Махатма Гандидің 20-40-шы жылдары жаппай зорлық- зомбылық қарсылық кампанияларын ұйымдастырудағы көрнекті рөлі Үндістанда оған жалпыға ортақ махаббат пен құрмет әкелді. Гандидің бұл кезеңінде ИНК идеялық көсемі ғана емес, сонымен қатар бірыңғай және еркін Үндістан үшін елдің индуистерінің, мұсылмандарының және христиандарының діни татуласуының табанды науқанын ашты.

Гандидің әсері мен табандылығының арқасында елде кең және белсенді, әрі дәл жалпыұлттық, антиколониалды майдан қалыптасты және нығайған.

3-тапсырма

1) Оңтүстік Африка Республикасының Парламентіне қара нәсілділер сайланбай, жалпы олардың пікірі ешбір ескерілмеді.

Қара нәсілділер құқықтары тапталып, саяси, әлеуметтік- экономикалық тұрғыдан кемсітіліп отыруынан туындады

2) Апартеидті тоқтату және жою.

Қара нәсілділердің ақтармен құқытарын теңестіріп, құқықтар мен мүмкіндіктерге қол жеткізу.

3) Оңтүстік Африка Республикасының халқының қолдауына ие болып, Мандела қара нәсілділердің бірқатар құқықтарына қол жеткізді. 1990 жылы абақтыдан босаған соң Африка Халық конгресі партиясының жетекшісі болды.

...

Скачать:   txt (12.2 Kb)   pdf (51.2 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club