Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адвокаттық қызмет мәселелері

Автор:   •  Апрель 4, 2022  •  Реферат  •  2,877 Слов (12 Страниц)  •  309 Просмотры

Страница 1 из 12

Адвокаттық қызмет мәселелері

Адвокатура азаматтық қоғамның институты бола отырып, азаматтарға қолжетімді және білікті заң көмегін көрсету жөнінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағына сай конституциялық функцияны жүзеге асырады [1].

Құқықтық демократиялық мемлекетті қалыптастырудың біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйесі ретінде азаматтық қоғам құрылысы жеке мемлекеттік және қоғамдық институттарды реформалау процесімен тығыз байланысты.

Ұлттық заңнаманы уақыттың жаңа сын-қатерлеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Қылмыстық, Қылмыстық процестік және Қылмыстық атқару кодекстері күшіне енді. Атқарылған жұмыстардың оң нәтижелерінің бірі сот бақылауының кең мазмұнды болуы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында да сот процесіне тартылған тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалайтын қылмыстық процес үрдісінде тергеу судьясының процессуалдық тұлғасын енгізу болды.

Бүгінде республикада сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге, азаматтарымыздың құқық қорғау органдары мен соттарға сенімін нығайтуға ықпал ететін бірқатар жаңашыл заңдар мен бағдарламалар әрекет етуде. Бірақ әлемде ешнәрсе тоқтап тұрған жоқ, сондықтан құқықтық процесті одан әрі реформалау қажет, әлемнің бірқатар алдыңғы қатарлы елдерінің осы саладағы оң тәжірибесі отандық заңнамаға өзгеріс әкелуі мүмкін, өйткені ол талаптар мен тәжірибе мемлекет басшысының барлық құқық қорғау органдарының алдына қойған міндеттеріне сай келеді.

Адвокатураны реформалау барысында нормативтік бекітілген және бейресми деңгейде мемлекеттік билікке тәуелділік проблемаларымен бетпе-бет келіп, халықаралық қауымдастықтың тәжірибесін ескере отырып, адвокатура құрылымын жетілдірудің жолдары мен тәсілдерін үнемі іздестіруде адвокаттық қызметтің принциптері мен стандарттарын әзірлеген жөн.

Адвокат азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізудегі негізгі тұлғалардың бірі ретінде тәуелсіз, өз қызметін клиенттің мүдделеріне сүйене отырып, бірақ заңдылық қағидалары мен нормаларын, мораль мен ар-намысты қатаң сақтай отырып жүзеге асыратын тұлға.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдікті (айыпталушы, сотталушы) адамдарды қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оған қол жеткізу үшін қылмыстық процестің бәсекелестік сипатын арттыру, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейту саласындағы заңнаманы өзгерту қажет. Адвокаттар, атап айтқанда, өзі өкілдік ететін адамның мүддесі үшін дәлелдемелерді жинау кезінде, адвокаттың тергеу судьясы алдында қандай да бір зерттеу жүргізуге, зерттеуге, дәлелдемелерді анықтауға және топтастыруға рұқсат беру қажеттілігін қозғау және т.б. қылмыстық қудалау органдарының айыптау айғақтарының бар екендігі туралы мәліметтері шынайы қорғаудың белсенді рөлі сотқа дейінгі өндіріс сапасын арттыруға көмектеседі.

Адвокат мүмкіндіктерінің кеңеюі олардың азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметіне жауапкершілігінің де артуына әкеп соғатыны сөзсіз. Бүгінгі күні заң деңгейінде адвокаттардың құқықтары мен міндеттері бекітілген, бірақ олардың, былайша айтқанда, сапасыз орындалған жұмысы үшін жауапкершілік деңгейі ешқандай реттелмеген. Бірақ әрбір азаматтық, қылмыстық істің артында белгілі бір адам тұрады және оның тағдыры адвокаттың ар-ожданы мен инабаттылығы мен біліміне байланысты.

Оның үстіне азаматтық, қылмыстық істердің санаттары алуан түрлі, терең білімді талап ететін жаңа құрамдар үнемі пайда болып отырады, мысалы, жаңа технологиялар саласында және т.б., бұл өз кезегінде қорғаушыларды арнайы оқытуды талап етеді. Бұл бағытта адвокат-заңгер мамандығына терең оқыту басты негіз болуы тиіс. Мысал ретінде соттағы мамандандырудың дәлелденген жүйесін келтіруге болады.

...

Скачать:   txt (45.4 Kb)   pdf (112.6 Kb)   docx (20 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club