Отчет по практике в «Құқықтану»
Автор: Ayazovaakmaral • Ноябрь 5, 2022 • Отчет по практике • 2,691 Слов (11 Страниц) • 234 Просмотры
[pic 1]
2021-2022 оқу жылына арналған
ТАНЫСУ ТӘЖІРИБЕСІН ОРЫНДАУ БОЙЫНША
ЕСЕП
1 – КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
04210100 - «ҚҰҚЫҚТАНУ» МАМАНДЫҒЫ
ТАНЫСУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
ТАҚЫРЫП 1. КІРІСПЕ ӘҢГІМЕ. 3
ТАҚЫРЫП 2. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША НҰСҚАУ. 4
ТАҚЫРЫП 3. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ, МЕКЕМЕЛЕРДІҢ, ҰЙЫДАРДЫҢ, СОТ ОРГАНДАРЫ МЕН ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСУ. 5
ТАҚЫРЫП 4. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІ БІЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ. 7
ТАҚЫРЫП 5. ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ. 8
ТАҚЫРЫП 6. МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ. 9
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР 10
ТАҚЫРЫП 1. КІРІСПЕ ӘҢГІМЕ.
Мен, Аязова Акмарал танысу тәжірибесінде «Құқықтану» мамандығы бойынша 23.05 - 08.06 2022 ж. аралығында өттім. Танысу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 04210100 «Құқықтану» (салалары бойынша) мамандығы бойынша дайындалды. Мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бойынша оқу тәжірибесін өттім.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстанның тікелей интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу және сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мемлекет мүддесін қорғайды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (90,42%) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (9,58%). Ұлттық компания еліміздің мұнай мен газ конденсатын өндірудің 25%-ын, сондай-ақ табиғи және ілеспе газ өндірудің 15%-ын қамтамасыз етеді. Компанияның магистралды құбырлары арқылы Қазақстан мұнайының 56%-ы тасымалданады. Отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемінің үлесі 81%-ды құрайды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да 47 мыңнан аса адам еңбек етеді.
Нарықтық экономика және құқықтық мемлекет құру жағдайында ұлттық бағдарламада маңызды орын заңдардың нақты орындалуын бақылайтын сотжүйесін, құқық қорғау органдарын және басқа мемлекеттік органдарды қалыптастыруға, сонымен қатар, оларды жоғары мамандандырылған мамандармен қамтамасыз етуге беріледі. Еліміздің Президенті халқына жолдауында "Қазақстан 2030", "Кәсіп қойлық, отаншылдық, ұзақ мерзімді міндеттер қоюға қабілеттілік, оларды жаңа жағдайда шеше алатын білімділік пен жігерлілік - кадрларды іріктеу мен жоғарлатудың бастыөлшемдері" - деп көрсеткен.
Осыған байланысты жоғары мамандандырылған заңгерлердің даярлау маңызды мәселе болып табылады. Заңгердің қызметі заңнаманың азаматтық, кәсіпкерлік, коммерциялық қызмет, әкімшілік, еңбек, қаржы салаларындағы, төрелік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқықтары, қылмыстық іс жүргізу негіздері бойынша білімін пайдалануымен байланысты. Заңгер үшін логикалық дамыған ойлау қабілеті, жауаптылық, табандылық, бастамашылдық сезімдерінің жоғары болуы, зейін қоя білу және зейінін басқа нәрсеге аудара білу, эмоциялық жағынан тұрақты болу жәнемәліметтерді жақсы есте сақтай білу маңызды.
Тәжірибенің мақсатына тоқталатын болсақ, дәрістерде алған білімімді қалыптастыра отырып кәсібіммен танысу және де ұйымның нақты тәжірибелік қызметімен танысатын боламын, бұл маған мамандықты жақсы басқаруға мүмкіндік береді.
Осы тәжірибеден өту арқылы өз маманымның кәсіби шеберлігін арттыра отырып, осы тәжірибе арқылы өмірлік тәжірибеге ие болу.
ТАҚЫРЫП 2. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША НҰСҚАУ.
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық - жұмыс берушінің өндірістік орындарда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында және ұйымның осы жұмыстар жүргізілетін немесе қызмет міндеттері орындалатын өзге де орындарында жұмыстар атқару кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында заңдардың қолданылуын нақтылайтын актісі.
...