Сессия сенсорометрия
Автор: madina_altaeva • Ноябрь 13, 2023 • Контрольная работа • 16,145 Слов (65 Страниц) • 137 Просмотры
Сессия сенсорометрия
- Тамақ өнімдерін зерттеудің инструментальдік және сенсорлық әдістеріне салыстырмалы сипаттама беру
Талдаудың инструментальдық әдістері - электрохимиялық оптикалық, радиохимиялық және басқа да жабдықтарды қажет ететін сандық аналитикалық әдістер. Талдаудың инструментальдық әдістеріне әдетте мыналар жатады:
электрохимиялық әдістер – потенциометрия, полярография, кондуктометрия және т.б.;
сәуле шығаруға немесе жұтуға негізделген әдістер — эмиссиялық спектрлік талдау, фотометриялық әдістер, рентгендік спектрлік талдау және т.б.;
массалық спектрлік талдау;
радиоактивтілікті өлшеуге негізделген әдістер.
Сенсорлық талдау – көру, есту, иіс, дәм, сипап сезу, вестибулярлық қабылдау және интероцепция арқылы ағзаны қоршаған орта туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін сезім мүшелерін (жоғары спецификалық рецепторлық органдар) пайдаланып талдау.
- Тамақ өнімдерін зерттеудегі инструментальдік және органолептикалық әдістердің принципиальдік айырмашылығын түсіндіру
Талдаудың инструментальдық әдістері - электрохимиялық оптикалық, радиохимиялық және басқа да жабдықтарды қажет ететін сандық аналитикалық әдістер. Талдаудың инструментальдық әдістеріне әдетте мыналар жатады:
электрохимиялық әдістер – потенциометрия, полярография, кондуктометрия және т.б.;
сәуле шығаруға немесе жұтуға негізделген әдістер — эмиссиялық спектрлік талдау, фотометриялық әдістер, рентгендік спектрлік талдау және т.б.;
массалық спектрлік талдау;
радиоактивтілікті өлшеуге негізделген әдістер.
Сенсорлық талдау – көру, есту, иіс, дәм, сипап сезу, вестибулярлық қабылдау және интероцепция арқылы ағзаны қоршаған орта туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін сезім мүшелерін (жоғары спецификалық рецепторлық органдар) пайдаланып талдау.
- Сапа көрсеткіштерінің типтік классификациясын атап өту
-эргономикалық – өнім-тұтынушы-қоршаған орта жүйесін сипаттайды және келесі көрсеткіштерді қамтиды:
-гигиеналық –өнімнің санитарлық талаптарға сәйкестігін білдіреді (адамның денсаулығына улы, концерогенді және өзге де зиянды заттардың болмауы).
Темір банкаларға салынған консервілерде ауыр металл тұздарының болмауы қатаң бақыланады.
- Өнімнің сапасын сипаттайтын органолептикалық көрсеткіштердің классификациясын атап өту
-көру арқылы сыртқы келбетін анықтайды;
-толық сипап сезу (ұстап көру);
-иіс сезу мүшесі арқылы;
-ауыз қуысындағы сезім мүшелерінің көмегімен;
- Иіскеу сезімімен анықталатын өнімнің сапа көрсеткіштерін суреттеу
иісі – сапалық және сандық анықталатын иіс сезу рецепторларымен қозуынан туындайтын сезім; аромат – берілген дәл сол тағамдық өнімге тән жағымды иісі; «букет» - пісу, ашу және ферментация барысында күрделі процесттердің әсерінен түзілетін жағымды үдей түсетін иіс.
- Сезім органдары мен ауыз куысы көмегімен анықталатын өнімнің сапа көрсеткіштерін суреттеу
Шырындылығы – шайнау барысында өнімнен бөлінетін шырыннан алынған дәмдік әсері; біркелкілігі – өнімнің бөліктерінің көлемінен сипап сезу арқылы алған әсері; консистенциясы – өнімнің қоюлығын, жабысқақтығын, басылу күшін сипап сезу; талшықтылығы – сандық және сапалық тұрғыда сезілетін, өнімді шайнағанда кедергі көрсететін талшықтар тудыратын әсер; үгітілгіштігі – ұсақ бөлшектерінің арасындағы байланысу деңгейінің әлсіздігіне байланысты тістеу немесе шайнау барысында үгітілетін қатты өнімнің қасиеті; нәзіктігі – шартты термин, шайнау барысында өнімнің кедергі көрсетуі ретінде анықталады; ауыз қуырарлық дәмі – өнімді жегенде ауыз қуысы ішкі қабаты жиырылып, ауызда құрғақтың пайда болуымен байланысты түйсінуді сезіну; дәм-сезу – рецепторлардың қозуынан пайда болады және сапалық та сандық тұрғыда анықталады; флевор немесе дәмділігі – өнімнің ауызда ыдырауы барысында оның дәмін, иісін және құрылымын комплексті сезу, сапалық та сандық та тұрғыда анықталады.
...