Отчет по практике в «Аманкулова А.А»
Автор: Galina125 • Март 6, 2019 • Отчет по практике • 2,569 Слов (11 Страниц) • 533 Просмотры
Практиканың мақсаты мен міндеттері
Өндірістік практиканың мақсаты – ет және оның өнімдерін өндіру технологиялық желісімен танысу. Мен, Төре Шынар, 5B072700- «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 4-ші курс студенті, Жамбыл облысы,Тараз қаласы ИП «Аманкулова А.А» өндірістік кәсіпорнында өндірістік практикадан өттім. Практика өту мақсатыма тағы шұжық өнімдерін жасаудың технологиясымен таныса отырып, аппараттарда жұмыс жасау жатады. Сондай-ақ сол аппараттарда жұмыс істеп, шикізатты қабылдау, тазалау, пісіру, қақтау, қалыптау аппараттарымен таныса отырып, сол аппараттарда жұмыс жасап үйрену. Осы мақсатты орындау үшін алдыма бірнеше міндеттер қойдым.
1. Өнімдердің шикізатымен танысу
2. Шұжық өндірісіндегі аппараттармен танысып, жұмыс жасап үйрену.
3. Басқару панелінде жұмыс жасап үйрену.
Негізгі бөлім
1. «Аманкулова А.А» өндіріс орнының құрылған тарихы
Өндіріс орны – тамақ өнеркәсібінің Тараз қаласында жаңадан ашылған кәсіпорындардың бірі. ЖК 2015 жылы құрылған. Бұл кәсіпорында көптеген шұжық өнімдерінің 8 түрі өндіріледі. Олар: қайнатылған шұжықтар: докторская, астана докторская, любительская Алатау, Нәрлен, нежная, Астана, Курдюк, Кокшетауская, Казахская любительская Мусулманская прима, молочная, особая без жира, мусульманская, чесночная, сардельки говяжи, сосиски молочные, сардельки с сыром, жартылай қақталған: колбаса полукапченная из мяса индейки, фирменная, черева, салями пикантная, президентская, мусульманская, сервелат корона, особая прима, прима особая, сервелат мусульманский, алматинская прима, салями астана, прима халал, астан халал, деликатес: куриное филе, куриные крылышки, окорочка, куры, куриный рулет, говяжьи рулет, индейка,индейка с сыром, краковская,прима в кишке, московская, особая, халал. Өндірісте мал сою цехы, шұжық цехы жұмыс жасайды. Кәсіпорын өнімділігі күніне 8 сағатта 25 ірі қара мал немесе 120 ұсақ мүйізді қара мал сойылады және 500-600 кг-ға дейін шұжық өнімдері шығарылады. Шұжық өнімдері Қызылорда облысының барлық ауданына және де Қазақстанның бірнеше қалаларына тасымалданады.
Қазіргі таңда ет және шұжық өнімдері өнеркәсібінің тұрақты дамуына және осы салдағы өнімдердің сапалылығы мен сұранысқа ие болуына саладағы өндірістің тиімділігіне ұйымдық-технологиялық жетістіктермен қатар, өндіріс шығындарының басқарушылық есебі мен бақылауы және жедел талдауының алатын орны өте айрықша десек қателеспейміз. Яғни, саладағы дұрыс ұйымдастырылған басқарушылық есеп пен бақылау және талдау қаржылық, материалдық еңбек және басқа да ресурстарды тиімді, әрі үнемді пайдалануға, өзіндік құнды төмендетуге, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыруға толық мүмкіндіктер беретіні анық. Осы аталған міндеттерді орындау үшін шұжық өнеркәсібінің технологиялық ерекшеліктеріне қарай жабдықтау-дайындау қызметіндегі, сонымен қатар өндірістік және коммерциялық-сату қызметтеріндегі басқарушылық есептің ұйымдастырылу тәртіптерін, шығындар мен пайданың өзара байланысын талдау, шығындарды төмендету жолдарын қарастыру, жұмсалған шығындарға ішкі бақылау мен жедел талдау ұйымдастыруды жетілдіру өзекті мәселелер болып саналады. Ет және шұжық өнеркәсібі тұрғындарды тек сапалы өніммен қамтамасыз етумен шектелмейді, сонымен қатар олардың нарықта жоғары деңгейде дамуы тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сала болып саналады.
Өнеркәсіптің басқа да салалары сияқты, ет және шұжық өнімдерін өндіруші салалардағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне елеулі әсер ететін факторлардың бірі – бұл ұйымның коммерциялық-сату қызметі екенін айта аламыз. Ұйымның жабдықтау-дайындау, өндіріс және коммерциялық-сату қызметтері үнемі бірін-бірі толықтырып, үздіксіз өзара байланыста болуы тиісті. Өйткені шұжық өнімдерінің технологиялық ерекшеліктері мен сипатына байланысты, оларды сақтау орындарында ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Тек берілген тапсырыстар мен нарықтағы ұсыныстарға байланысты орындалатын шқжық өндірісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, ұйымның ішінде өткізу-сату бөлімінің басқарушылық есебін өндірістік жоспармен және нақты өндіріс көлемімен байланыстыра отырып ұйымдастыру қажет деп тұжырым жасаймыз.
...