Отчет по практике в "Азамат" ШҚ
Автор: Saule Sherimova • Октябрь 15, 2026 • Отчет по практике • 6,475 Слов (26 Страниц) • 4 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.................................................................................................... | 4 | |
1 | Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама: «Азамат» ШҚ, Қызылорда облысы, Ақсуат а/о, Ж.Маханбетов ауылы........................................................................... | 5 |
2 | СҒЗЖ: Жүрек –қан тамырлары жүйесі мен жүйелер қызметін реттеуші заттар фармокологиясы....................................................... | 6 |
2.1 | Ветеринарлық фармакология және токсикология ІІ......................... | 14 |
2.2 | Ветиринарлық акушерлігі және гинекологиясы ІІ............................ | 16 |
2.3 | Жануарлар патологиясы ІІ................................................................... | 17 |
2.4 | Ара шаруашылығы негіздері............................................................... | 18 |
2.5 | Ара аурулары........................................................................................ | 18 |
2.6 | Ара шаруашылығы селекция биотехнологиясы және зиянкестермен күресу жолдары.......................................................... | 19 |
Практиканың қорытындысы................................................................ | 22 | |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................ | 23 |
КІРІСПЕ
Жүрек –қан тамырларына әсер ететін гликозидтер химиялық табиғаты жөнінен стероидтарға, өт қышқылына, кейбір гормондар(овариогормондар) мен витаминдерге (холекальцеферрол) сондай-ақ буфатолинге жақын. Бұл жүректің қызметі қатты бұзылғанда,оның қызметін қалпына және тіпті жүрек бұлшық етін қалпына компенсаторлық дамуына жағымды әсер ететін фармокологиялық затар болып табылады.
Гениндер гликозидтер бағытында әсер етеді.Бірақ 5-10 есе әлсіз әсер етеді. Гликондар өздігінен әсер етпейді,гликозидтердің сіңірілуі мен таралуын тездетеді.
Барлық жүрек –қан тамырларына әсер ететін гликозидтер тітіркеніп те әсер етуі мүмкін. Асқазанға түскеннен соң олар құстыртып, ал жиі қолданғанда кілегей қабатты қабындыруы да мүмкін.Сондықтан оларды емдік мақсатта қолданғанда ескеру керек.Гликозидтердің жарақатты бетке тітіркендіргіш әсерін кейде жарақаттың жазылуын жандандыру үшін пайдаланады. Олардың жүрекке әсері пайдалы сипатта. Жиырылу күшейе түседі,сирегірек және тезірек сипатта болады, ал диастолалық әлсіреу толығырақ және ұзағырақ болады,жүрек бұлшық етінің қозуымен жүрек серпінділерінің өткізгіштігі өзгереді, ырғақтың бұзылуы жойылады, қан айналысы қалпына келеді.
Жүрекке әсер ететін гликозидтер тек жүректегі патологиялық күйде ғана осылай әсер етеді және жүрек қызметінің бұзылуы айтарлықтай болған сайын жүрекке әсер ететін гликозидтер сау жүрекке болмашы әсер етеді.
Жүрекке әсер ететін гликозидтердің әсерінен жүрек қызметі жақсарады,сондай-ақ қан айналысы қалпына келеді, қанның іркілуі жойылады, ісік сорылып тарылады, қан тамырларының тонусы қалпына келеді. Соның нәтежесінде ағзадағы заттардың алмасуы,тыныс алу , бөліну және басқалар жақсарады.
Жұмыстың күшеюіне қарамастан ырғақтың қалпына келуі, диастолалық әлсіреудің жақсаруы,систолалық жиырылудың күшеюі мен жылдамдауы нәтижесінде жүректің энергияны аз жұмсауы өте бағалы болып табылады. Бұл орайда жүрек аз уақыт тыныш күйде болады,сондықтан жұмсалған энергия қалпына келеді [1].
1 Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама: «Азамат» ШҚ, Қызылорда облысы, Ақсуат а/о, Ж.Маханбетов ауылы
«Азамат» шаруа қожалығы Ақсуат а/о, Ж.Маханбетов ауылы орналасқан қой шаруашылығымен маманданған ауыл шаруашылығы кәсіпорны. Шаруа қожалығы көркем аймақта және 1500 гектар аумақта орналасқан. Бұл облыстағы ірі қой шаруашылығы кәсіпорнының бірі және қой шаруашылығына жоғары кәсіби деңгейімен және заманауи көзқарасымен танымал. Шаруа қожалық қой бағуға қолайлы, сапалы өнім алуға қажетті заманауи инфрақұрылым мен техника бар. Шаруа қожалығында қой бағуға арналған заманауи ғимараттар, жайылым, қоршалған қоралар, шөпқоралар және қойлардың өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызатын басқа да нысандар бар. Шаруа қожалығы ет сапасы мен жоғары өнімділігімен танымал Ордабасы сияқты етті тұқымды қойларды өсіруге маманданған.
...