Тромбоз. Инфаркт
Автор: Raiana2015 • Апрель 21, 2020 • Реферат • 972 Слов (4 Страниц) • 372 Просмотры
10-шы тәжірибелік сабақ
ТРОМБОЗ. ИНФАРКТ
Сағат саны: 1 сағат (50 минут).
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: микроскоптар, макро және микропрепараттар, атлас, түрлі – түсті карандаштар, интерактивті тақта.
Жұмысты орындауда пайдаланылатын әдістемелік құралдар: «Жануарлар патологиясы» пәнінен ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған оқу әдістемелік құрал, таратылым материалдары, іскерлік ойындар, мультимедиалық жобада дайындалған материалдар, кроссворд және скандвордтар, гистопрепараттар, кестелер.
Түйін сөздер: қанайналымының бұзылуы, тромб, тромбоз, инфаркт.
Тақырыпқа байланысты қолданылатын әдебиет: 1. Ө. Ығылманұлы. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, 2010 ж. 2. Ибажанова А.С. Дәрістер жиынтығы// Алматы, Нұр принт баспасы, 2016 жыл.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге иммундық патологияны үйрету.
Негізгі қарастырылатын сұрақтар: 1) тромбоз;
2) инфаркт;
Тақырыпқа қысқаша сипаттама: Тромбоз - тірі организмде тамырлар мен жүрек қуыстарың канның ұюы. ал ұйыған қанды тромбм деп атайды. Тромб әдетте зақымданған тамыр қабырғасында түзіледі. Ол нығыз және құрғақ келеді, беті кедір бұдырлы болады. Қан тамырлар қабырғасының зақымдануы, қан айналысының баяулауы, қан құрамындағы торшалар мен басқа да элементтер; тепе-теңдігінің бұзылуы - тромбының пайда болуына әкеліп соғатын қолайлы жағдайлар. Түр-түсіне құрылымына қарай тромб ақ. қызыл. ала және гиалин тромбтар болып төртке бөлінеді. Тромбының құрамына тромбоциттер. фибрин. лейкоциттер және эритроциттер кіреді. Тромб қан тамыры қуысын тығындап тастауы немесе жартылай жауып тастауы мүмкін.
Жылқының шажырқайлық алдыңғы артериясының делиафондиозы кезінде туындаған аневризмасы және тромбозы. Қан тамырының қалталанып кеңіген қуысында сұрғылт түсті, көмескі тромб заты орналасқан. Деляфондиозды тоқ ішектің кілегейлі қабығында тоғышарлық өмір сүретін жұмыр гельминттер қоздырады. Бұл гельминттердің организмге енген балаңқұрттары әуелі қан арқылы денені шарлайды, сонан соң қан тамырларының қабырғасын зақымдап, қабындырып, тромбының пайда болуына әкеліп соқтырады. Негізінен мұндай өзігерістер шажырқайлық алдыңғы артерияда туындайды.
Бұқа өкпесі артерияларының тромбозы - мүшенің тілік бетінде қуысы кеңіп, қызыл тромбымен толған артериялар көрінеді.
51 а гистопрепарат. Вена қуысын тығындаған қызыл тромб. Организацияға ұшыраған және қантамырлаған тромб. (Гематоксилин-эозинмен боялған). Препаратты алдымен микроскопсыз жай көзбен зерттеп, онда әртүрлі түске боялған домалақ пішінді көлденең кесілген қантамырлар көрінеді. Олардың ең үлкенінің диаметрі 5 мм-дей, үшеуі күңгірт-қызыл түсті. төртіншісі ақшыл боялған. Бұлар көлденең кесілген, қуыстары тромбпен тығындалған веналар. Енді преператты микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап зерттегенде қызыл түсті тромбпен тығындалған венаны табыңыз. Тромбты қоршаған тамыр қабырғасы ақшыл қызыл боялған тромбтың түсі біркелкі емес. Оның бір жері күңгірт-қызыл екініші бір жері алқызыл боялған, үшіншісі көкшіл түсті, түйірлі. Тромб пен қантамыр қабырғасының шектескен жеріне көңіл аударыңыздар. Тромб интимаға өте жақын, тіпті жабыса орналасқандықтан екеуінің шекарасы айқын емес, бір жерде тромб пен интима қосылып кеткен. Микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарағанда тромбтың эритроциттерден, фибрин талшыктарынан, лейкоциттерден тұратынына көздеріңіз жетеді. Сөйтіп, сендер қантамырын тығындаған қызыл тромбты зерттедіңіздер.
Енді қуысы тығындалып, ақшыл боялған венаны зерттеңіздер препаратты қарапайым көзбен қарағанда қабырғасы калыңдаған және оның біркелкі емес боялғаны байқалады. Бұл вена қабырғасының сыртқы қабаты қызғылт түске боялған талшықты дәнекер тоқымадан тұрады, ал орта шені тұтас көкке боялған (дистрофиялық әктену). Вена қабырғасының ішкі қабаты кызғылт түске боялған, ешқандай құрылымсыз, онда торшалар да, талшықтар да көрінбейді. Яғни, тамырдың ішкі қабаты гиалинозға ұшыраған.
Вена қуысы толық талшықты дәнекер тоқымамен бітелген. Бұл тоқыма құрылымында коллаген талшықтары, фибробластар, лимфоциттер және ұсақ, қан тамырлары бар. Бұл өзгерістердің мәні мынада: қабырғасы өзгеріске ұшыраған (гиалинозға, дистрофиялық әктенуге т.б.) вена қуысы тромбпен бітелген. Сонан соң бұл тромбқа талшықты дәнекер тоқыма өскен (тромб организацияланған) және онда майда қантамырлары өскен (тромбтың қантамырлануы - васкулярлану).
...