Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стигма

Автор:   •  Ноябрь 17, 2019  •  Реферат  •  505 Слов (3 Страниц)  •  516 Просмотры

Страница 1 из 3

     Стигма – бұл эмбриогенезде әртүрлі қолайсыз факторлардың әсер етуі нәтижесінде пайда болатын дамудың ауытқуы. Бұл даму ауытқуы жатыр ішілік зақымдануы, хромосомалық синдромы және тұқым қуалайтын аурулары бар балаларда жиі кездеседі.

     Пренатальдық кезеңде жүйке жүйесінің қарқынды қалыптасуы, ұрықтың қолайсыз факторларға ұшыраған кезде оның жекелеген элементтерінің даму синхронизмін оңай бұзуы мүмкін: а) ананың вирустық аурулары; б) қан айналымының бұзылуы; в) иондаушы сәулелену; г) тербелістер; д) тератогенді заттар және т.б. Эмбриональдық дамуды бұзудың маңыздылығы зиянды фактордың сипатына ғана емес, оның жүйке жүйесінің қарқынды қалыптасу кезеңіне әсер етуінің уақытша сәйкестігіне байланысты – сын кезеңдер деп аталады. Жүктіліктің алғашқы триместрінде эмбриональды дамудың бұзылуы жүйке жүйесінің жалпы бұзылыстарына: жүйке түтігінің жабылуындағы ақауларға,  мидың жарты шарының және мидың қарыншалық жүйесінің бөлінуін, дифференцирленуін бұзады.Жүктіліктің соңғы кезеңдерінде және перинатальдық кезеңде патологиялық әсері, әдетте, қатерлі даму ақауларына әкелмейді, бірақ жүйке жүйесі құрылымының миелинденуінің  бұзылуына, дендридтердің өсуін төмендетеді. Мидың аномалиясы мен кемістігі көбінесе дамудың кішігірім аномалиясымен (дизэмбриогенетикалық стигма) қатар жүреді.

Негізгі дизэмбриогенетикалық стигмалар

Локализация

Сипаттамасы

Бассүйек

Бассүйек формасы: микроцефалдық, гидроцефалдық, брахицефалдық (бассүйектің қысқа болуы), долихоцефалдық (бассүйектің ұзын болуы), ассиметриялы.

Бас шеңбері (көлемі): микроцефалия, макроцефалия.

Бастың шаш бөлігінің ерекшеліктері: маңдайдағы  және желкедегі шаштың қысқа болып өсуі, алопеция (шаштың түсуі).

Маңдайдың төмен болуы, желкенің жалпақ болуы.

Бет

Монголоиды немесе антимонголоидты көздің қимасы. Гипотелоризм немесе гипертелоризм (көздің бір-біріне жақын немесе алшақ орналасуы). Синофриз (қас ортасының қосылып өсуі).

Мұрын: қысқа немесе ұзын болуы, ассиметрия, қырының, ұшының жалпақ болуы. Мұрынның қисық болуы. Макрогнатия, микрогнатия, прогения.

Көз

Телекант (көздің ішкі бұрышының латеральды ығысуы), эпикант (көз саңылауының ішкі бұрышын жабатын жартылай дөңгелек пішінді терінің тік қатпарлануы), үшінші қабақтың болмауы, дистихиаз (қалыпты өсіп келе жатқан кірпіктердің жанынан қосымша қатардың пайда болуы), колобома, гетерохромия, қылилық, птоз.

Ауыз

Микростомия және макростомия (ауыз қуысының үлкен немесе кішкентай болуы), балық ауыз, тар және биік таңдай, жалпақ таңдай, тілдің екіге бөлінуі, тіл ұшының қысқалығы, ерін жырығы, жоғарғы еріннің жіңішкелігі, микрогения, макрогения, таңдай жырығы, макроглоссия, микроглоссия, тістердің ретсіз орналасуы, диастема.

Құлақ

Құлақтың әртүрлі деңгейде орналасуы, құлақ ұшының үшкір болуы.

Мойын

Мойынның ұзын немесе қысқа болуы, қисық мойын, артық қатпардың болуы.

Дене

Арқаның ұзын, қысқа, ассиметриялы болуы. Кеуде қуысы қысылған, конус тәрізді, көпемшектілік, гипертелоризм.

Кіндік жарығы, кіндік шеңберінің үлкеюі, омыртқаның қисаюы, жауырынның қанат тәрізді болуы.

Қол

Брахидактилия, арахнодактилия, синдактилия, саусақтардың қисаюы, полидактилия.

Аяқ

Брахидактилия, арахнодактилия, синдактилия, жалпақ табандылық, полидактилия.

Жыныс мүшелері

Крипторхизм, фимоз.

Тері

Секпілдің болуы, меңдер, теріде ақ дақтың болуы (витилиго), теріде ұсақ тамырлардың шоғырлануы, теріні түк басу, терінің созылмалы болуы, теріде түктің жетіспеушілігі, гиперкератоз.

     Бір пациенттің дамуындағы даму ауытқуларының саны 5-тен (кейбір деректерге сәйкес 7-ге дейін) жоғары стигма шегі пренатальды дамудың қолайсыз бағытын және жүйке жүйесінің бұзылулары мен ақаулары мүмкіндігін көрсетеді.

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (63.4 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club