Миокард инфарктісі
Автор: Диана Сейсенбай • Декабрь 5, 2021 • Лекция • 822 Слов (4 Страниц) • 375 Просмотры
Миокард инфарктісі
Миокард инфарктісі (МИ) – жедел коронарлық қан айналысының жетіспеушілігінен туындайтын жүрек бұлшық етінің некрозы (өлі еттенуі).
Коронарлық қан айналысының жетіспеушілігі – коронарлық артериялардың бойымен қанның келуінің кенет тоқтауының немесе миокардтың оттегін қажет етуі мен тəж артерияларының бұл қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіншіліктерінің арасында болатын сəйкессіздіктің салдары.
Еркектер əйелдерге қарағанда анағұрлым жиі ауырады. 60 жасқа дейін МИ əйелдер арасында еркектермен салыстырғанда 4 есе сирек кездеседі. Əйелдерде МИ еркектерге қарағанда 10-15 жыл кеш дамиды жəне оның себебі əйелдерде атеросклероздың кеш дамитынымен жəне атеросклероздың əйелдер арасында сирек кездесетінімен байланысты деген пікір бар. 70 жастан кейін МИ жиілігінің əйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылығы жойылады. Ересек жастағы тұрғындардың арасындағы жүрек-тамыр ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 70% болса, онда жүрек-тамыр ауруларының ішінде миокард инфарктісінен болатын өлім 80% құрайды. Жедел миокард инфарктісінен болатын өлім ауырғандардың 35% құрайды, олардың ішінде жартысынан көбі госпитальға дейінгі сатыда өледі, тағы 15-20% инфарктіден кейінгі бірінші жылдың ішінде өледі.
Этиологиясы жəне патогенезі. Басым көпшілік жағдайда (85% жоғары) МИ тікелей себебі – коронарлық артериялардың атеросклерозы (тəж артериялары қуысының 75% көбі атеросклероздық түймедақпен тарылады). Сирегірек МИ себебі жергілікті коронароспазм болады. МИ дамуының қауіпті факторларына атеросклероздың қауіпті факторлары жатады, олардың ішіндегі ең маңыздылары – гиперхолестеринемия, артериялық гипертензия жəне шылым шегу. Миокард инфарктісінің дамуына тікелей себеп болатын көптеген түрткі факторлардың ішінде бірінші орынды стресс жағдайы, ұзақ уақыт нервке күш түсу, жиі қайталайтын күшті жағымсыз эмоция алады. Екінші орынды денеге түсетін күш алады. Басқа факторлар да белгілі бір рөль атқарады, олардың ішінде ауа-райы мен күн сəулесі белсенділігінің орны маңыздырақ.
Жүрек бұлшық етінің некрозы оның жиырылу функциясын бұзады. Егер миокард массасының 10% жиырылу функциясы бұзылған болса, онда жүректің айдалма қан фракциясы азаяды, 15% жоғары миокард массасының жиырылу функциясы бұзылған болса, диастолалық қысым мен сол жақ қарынша көлемі көбейеді. 25% масса некрозданса сол қарыншалық жүрек əлсіздігі көрініс береді, 40% массадан жоғары некроз болатын болса, онда кардиогендік шок дамиды.
Патоморфология. Некроздың бұлшық етке тарау тереңдігіне қарап, миокард инфарктісінің төмендегідей түрлерін бөледі:
- Субэпикардиальды инфаркт – эпикардқа жақын жатқан жүрек бұлшық еті бөлігінің некрозы;
- Интрамуральдық инфаркт – қарыншалар мен жүрекшелер қабырғасының ішінің некрозы;
- Субэндокардиальды инфаркт – миокардтың эндокардқа жақын жатқан бөлшегінің некрозы;
- Трансмуральдық инфаркт – миокардтың барлық қабатына тараған некроз.
Ең жиі инфаркт сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасы мен ұшында орналасады, екінші орынды жиілігі жағынан сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының инфарктісі алады, науқас адамдардың 1/4 инфаркт қарынша аралық перде аймағында орналасады. 3-5% жағдайында жекеленген оң жақ қарыншаның инфарктісі болады.
Классификациясы.
J 21 Жедел миокард инфарктісі.
J 21.0 – Жедел трансмуральды миокард инфарктісі;
J 21.1. Жедел трансмуральды миокард инфарктісі
J 21.2. Жедел трансмуральды орны анықталған миокард инфарктісі
J 21.3. Жедел трансмуральды орны анықталмаған миокард инфарктісі
J 21.4. Жедел субэндокардиальды миокард инфарктісі (трансмуральды емес миокард инфарктісі)
Аумағына қарай МИ ірі ошақты (трансмуральды) жəне ұсақ ошақты инфаркт болып бөлінеді.
Даму барысына қарап, МИ төмендегідей клиникалық кезеңдерін бөледі:
...