Миокард инфаркті
Автор: Koktem15 • Апрель 26, 2020 • История болезни • 884 Слов (4 Страниц) • 1,993 Просмотры
«Астана Медицина Университеті» КеАҚ
№1 Ішкі аурулар кафедрасы
[pic 1]
Тақырыбы: «Миокард инфаркті
Орындаған: Рахимгулова К.А.
Тексерген: Курманова Г.Б
Топ: 354 ОМ
Нұрсұлтан, 2020ж
Клиникалық жағдаят.
Науқас 56 жаста. Алғаш рет жүрек аймағындағы 40 минутқа созылатын қысқан ауыру сезім, аралас типті ентігу, өлім үрейі, айқын әлсіздік мазалаған. Жағдайы орташа ауыр. Бас шамалы көтерілген мәжбүрлі қалыпта. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. ЖСЖ 120 рет, АҚҚ 110/80 мм сб
Науқастың шағымдары:
Негізгі:
- Жүрек тұсының,төс артының сығып,басып, күйдіріп ауырсынуы
- Ауыру сезімінің сол жаққа иррадиациялануы
- Өлім үрейі
- Нитроглицерин бергенде басылмайды
Қосымша:
- Жалпы әлсіздік
- Басының айналуы
- Жүрек айну
- Құсу
- Демікпе
- Тұншығу
- Ұйқының бұзылуы
- Дене қызуы 38-38,5 ̊C
Ауру тарихы(Anamnesis morbi)
Науқас өзін осыдан 3 күн бұрын жүрек тұсының түйіліп, шаншып ауыратындығын байқаған. Осыған дейін ешқандай аурумен ауырып көрмеген. Түнімен ұйықтай алмай, басы айналып, құсу сезімі пайда болғандықтан дәрігерге келіп шағымданған.
Өмір тарихы (Anamnesis vitae)
Арманов Рамазан Бақытұлы 1964 жылы мамыр айының 26күні Қазалы ауданында отбасында екінші бала болып дүниеге келген. Одан басқа екі әпкесі мен қарындасы бар. Мектепке 8 жасында барған, ақылы және физикалық жетілу жағынан қатарластарынан қалмаған.
16 жасынан бастап құрылыста жұмыс жасаған.18-22 жас аралығында Кызылорда қаласында «Акмешит» техникалық университетінде білім алған. Кейін құрылыспен айналысатын зауытта жұмыс жасады.
Тамақтануы тұрақты, біркелкі, құнарлы.
Зиянды әдеттері жоқ, темекі шекпейді, арақ ішпейді. Бұрын ауырған аурулары науқастың есінде жоқ.
Венерологиялық аурулар болмағанын, түберкулезбен ауырмағанын мәлімдейді. Он жылдан бері қантты диабетпен ауырады.
Отбасылық анамнезі: жолдасы қайтыс болған. Үш қызы бар. Қыздарымен бірге пәтерде тұрады. Әкесі мен шешесі қартайып қайтыс болған. Науқастың айтуынша әпкесі мен қарындасы ешқандай аурумен ауырмаған.
Аллергологиялық анамнез: дәрілік заттарға, тұрмыстық заттарға және тағамдық заттарға сезімталдығы жоқ.
Эпидемиологиялық анамнез: инфекциялық гепатитпен, іш және бөрпе сүзегімен, ішек инфекциясымен, туберкулезбен, мерезбен ауырмаған.
Обьективті тексеру.(Status praesens)
Жалпы жағдайы:орташа ауырлықты.
Есі: анық.
Төсектегі қалпы: мәжбүрлі (тұрса басы айналады).
Бет әлпеті: бірқалыпты.
Дене бітімі:дұрыс пішінді, деформация жоқ, науқас нормостеникалық типті. Бойы 165 см, салмағы 79,5кг.
Тері жабындылары: бозғылт түсті, бөртпелер жоқ, тері асты май қабаты жақсы дамыған,тері тургоры қалыпты, тері ылғалды, серпімділігі төмендемеген. Шырышты қабаттар ашық қызғылт түсті. Түкті жабынды жақсы дамыған, ер адамға тән, тырнақ пішіні қалыпты. Ісінулер мен томпаюлар. Аяқта тығыз консистенциялы ісінулер.
Тері асты май клетчаткасы:
- Қалыпты,кахексия немесе семіру белгілері жоқ.
- Лимфа бездері ұлғаймаған, ауырсынусыз, қозғалмалы, ісінулер жоқ.
- Дене бұлшық еттері жақсы дамыған.
- Сүйектерде деформацияланулар мен қисаюлар жоқ.
- Қол, омыртқа жотасының буындары қозғалысы, шектелмеген, еркін.
- Бас сүйек пішіні нормоцефальді.
Физикалды қарау
Шағымдары:
Негізгі:
- Жүрек тұсының сығып,басып, күйдіріп ауырсынуы
- Ауыру сезімінің сол жаққа иррадиациялануы
- Өлім үрейі
- Нитроглицерин бергенде басылмайды
Қосымша:
- Жалпы әлсіздік
- Басының айналуы
- Жүрек айну
- Құсу
- Демікпе
- Тұншығу
- Ұйқының бұзылуы
- Дене қызуы 38-38,5 ̊C
Қарау:
Тері түсі акроцианоз, науқас терлейді, қызба 38 төмен емес, 5-6күн.
Пальпация:
Жүрек ұшы түрткісі солға және төмен ығысқан, жайылған, әлсіреген, төмен, резистентті емес.
...