Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Фармакологии"

Автор:   •  Апрель 11, 2025  •  Контрольная работа  •  1,318 Слов (6 Страниц)  •  82 Просмотры

Страница 1 из 6

1. Ұнтақтарға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіздер?

Ұнтақтар – ішке және сыртқа қолданылатын, бір немесе бірнеше майдаланған заттардан тұратын және сусымалды қасиеті бар қатты дәрілік түр. Ұнтақтар официнальды дәрілік түр. ҚР Мемлекеттік Фармакопеясының І басылымына жалпы «Сыртқа қолданылатын ұнтақтар», «Оральдік қолданылатын ұнтақтар» топтық мақалары енгізілген. Дисперсиологиялық жіктелу бойынша ұнтақтар дисперстік ортасы болмайтын, әртүрлі көлемдегі және формадағы майда дисперсті бөлшектерден тұратын еркін дисперстік жүйе. Дәріханалар рецептурасының талдауы нәтиждесі көрсеткендей ұнтақтар түрінде табиғаты әртүрлі қою, сұйық дәрілік құралдар жазылады

2. Басқа дәрілік түрлермен салыстырғанда ұнтақтардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Осы дәрілік түрдің артықшылықтары:

- дозалану дәлдігі

– бұл ұнтақ түрінде күшті және улы әсер ететін дәрілік препараттарды босатуға мүмкіндік береді;

- беттік көлемнің үлкендігіне байланысты, ұнтақтардың фармакологиялық белсенділігі жоғары;

- қолданылуы ыңғайлы, яғни, балаларға беруге мүмкіндік береді;

- ұнтақ түрінде құрамы және табиғаты әртүрлі препараттарды, соның ішінде аз мөлшерде сұйық, қою және тұтқыр заттарды босатуға болады;

- ұнтақтардың дайындалуы оңай;

- сақтау мерзімі ұзақ;

- ұнтақтар тасымалдауға ыңғайлы.

Ұнтақтардың дәрілік түр ретінде кемшіліктері:

- ұнтақтар құрамына сұйық заттарды көп мөлшерде енгізуге болмайды;

- ұнтақ түрінде иісті, бояғыш және ащы дәмді заттарды қолдану қолайсыз;

- ұнтақ түрінде дәрілік заттар құрамындағы кристаллдық суын оңай жоғалтады. Осыған орай, егер, дәрілік заттар гигроскопиялық болса, көгеруге бейім болады;

- ұшқыш заттардың буларын ұнтақтар өз бойына сіңіріп, басқа иісті болып кетуі немесе өз иісін жоғалтып алуы мүмкін. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін, компоненттердің және дайын дәрілік түрдің сақтау ережелерін қатаң орындау қажет.

3. Құрамы мен қолданылуы бойынша ұнтақтар қалай жіктеледі?

Ұнтақтардың жіктелуі. Ұнтақтар қолдану тәсілі, құрамы, мөлшерленуі (дозалануы) бойынша жіктеледі:

1. Қолдану тәсілі бойынша:

а) Ішуге қолдануға арналған ұнтақтар – Pulveres ad usum іnternum Rp.: Natrіі hydrocarbonatіs Magnesіі sulfatіs ana 0,3 Mіsce fіat pulvіs Da tales doses N 6 Sіgna. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.

б) Сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар – Pulveres ad usum externum Rp.: Zіncі oxydі Amylі Talcі ana 10,0 Mіsce fіat pulvіs Da. Sіgna. Аяққа арналған сеппе.

2. Құрамы бойынша:

а) Қарапайым (жәй) ұнтақтар – Pulveres sіmplіces. Құрамына бір дәрілік зат кіреді. Rp.: Analgіnі 0,25 Da tales doses N 20. Sіgna. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.

б) Күрделі ұнтақтар (екі немесе бірнеше ингредиенттерден тұрады) – Pulveres composіtі Rp.: Іodі 0,25 Natrіі tetraboratіs Natrіі hydrocarbonatіs ana 5,0 Mіsce fіat pulvіs. Da. Sіgna. Шаюға.

3. Мөлшерленуі (дозалануы) бойынша: а) дозаларға бөлінген ұнтақтар – Pulveres dіvіsі. Бұл жағдайда ұнтақтарды мөлшерлеу дәріханада жүргізіледі. Rp.: Dіbazolі 0,001 Phenobarbіtalі 0,005 Saccharі 0,3 Mіsce fіat pulvіs Da tales doses N 5. Sіgna. 1 ұнтақтан күніне 3 рет (8 жасар балаға). б) Дозаларға бөлінбеген (мөлшерленбеген) ұнтақтар – Pulveres іndіvіsі. Rp.: Dermatolі 10,0

Zіncі oxydі 20,0 Talcі 25,0 Mіsce fіat pulvіs. Da. Sіgna. Сеппе.

Ішуге арналған ұнтақтар көпшілігінде дозаланған (мөлшерленген) күйде жазылады, ал сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар жиі мөлшерленбеген (дозаланбаған) күйде босатылады. Сыртқа қолданылатын ұнтақтар медициналық белгіленуіне қарай мына түрлерге бөлінеді: - сеппелер (pulveres adspersorіі) - жараларды және терінің, кілегей қабаттың әр түрлі зақымдануларын емдеу үшін қолданылатын өте майда ұнтақтар; - үрлеуге арналған ұнтақтар (pulveres іnsufflatorіі) – дене қуыстарын емдеуге қолданылады (мұрын, құлақ, жұтқыншақ және т.б.); - тісті

...

Доступно только на Essays.club