Контрольная работа по "Стоматологии"
Автор: Ulpanserzhan • Декабрь 12, 2021 • Контрольная работа • 1,072 Слов (5 Страниц) • 305 Просмотры
Орындаған: Сержан Ұлпан
5028ЖМ
№ 1 тапсырма
Балалар ауруханасының соматикалық бөлімінде баланың ауыз қуысын күнделікті тексеру кезінде ауруханаға жатқызудың 3-ші күнінде Филатов дақтары табылды. Бөлімшеде әр түрлі жастағы 40 бала бар, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 10 бала, оның ішінде 2 бала қызылшамен бұрын ауырып жазылған; 25 бала қызылшаға қарсы егілді.
- Қызылшаның бұл жағдайы инфекцияның сырттан енген немесе ауруханаішілік инфекция екенін және себептерін анықтаңыз
Бұл жағдайда инфекцияны аурухана ішілік жұқтырған болып табылады ( 8-21 күн). Ол жасырын кезеңнің соңғы 2 күнінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 4 күнге дейін сыртқы ортаға қызылша вирустарын бөледі. Бөртпенің 5-ші күнінен бастап аурудың жұғу қауіпі жойылады. Инфекцияның берілу механизмі – ауа-тамшылы боғандықтан. -Санитарлық эпидемиологиялық басқармаға ф. 030 хабарлама жібереміз. Ф.060 тіркейміз және санитарлық эпидемиологиялық тіркеу журналына тіркейміз.
- Қызылшаның пайда болған ошағын жою бойынша шараларын атаңыз (соңғы 3 күнде бөлімшеден 5 адам шығарылғанын ескеріңіз).
Қатнаста болғандарды анықтау, серологиялық тексеру және бақылау, шұғыл хабарлау қажет , науқастарды үйден оқшаулау -Қатынаста болған 40 баланың 25 профилактикалық иммунизация алғандарды 21 күнге оңашалау. (егер эпидемияға қарсы режимді сақтау мүмкін болса) немесе жұқпалы аурулар ауруханасында. Соңғы 3 күнде шығарылған 5 науқасты оңашалауға 17 күнге алу. Шектеу шаралары, төтенше жағдайлардың алдын алу керек. .
-№2тапсырма
3 жастағы Саша Т. есімді бала 17 қараша күні балабақшаның изоляторында оңашаланды. Бала 1 рет құсқан, дене температурасы Т 380 көтерілген. Анасының айтуы бойынша бала 15 қарашадан бастап ауырады, бірақ бала бақшаға баруын жалғастырған. 21 қарашада учаскелік дәрігер-педиатр «Вирусты гепатит» деген
диагноз қойған. Бала бақшасы типтік ғимаратта орналасқан, топтар оқшауланған. Топта тағы 20 бала бар. Сашаның жанұясы жеке пәтерде тұрады. 12 мен-22 қазан аралығында баланың анасы жоғары тыныс жолдарының катаральды ауыруымен ауырған.
Мүмкін болатын инфекция көзін көрсетіңіз және қажетті
эпидемияға қарсы шараларды жүргізіңіз.
Науқаста берілген симптомдар мен диагнозы Вирусты Гепатит анықталған. Ең бірінші Науқасты ауруханаға жатқызу керек ; Шуғыл жағдайды МСЭҚБ-ға хабарлап жұқпалы ауруларды тіркеу журналына тіркейді хабарлама беру керек. Байланыста болған адамдарды 35 күн бойы бақылау керек бала бақшадағы балдарды (аптасына кемінде бір рет) , қанның биохимиялық талдау жүргізуі керек,; байланыста болған адамдарға эпидкөрсеткіштер бойынша иммуноглобулинопрофилактика жасалады. Ағымдағы және қорытынды дезинфекцияны бақылау мерзіміне жоспарлы егуді жүргізбеу. Сан-люминесценция жұмысы.
№ 3 тапсырма
М., деген ауыл обаның табиғи ошағы аймағында орналасқан. Науқасты үйде қарау кезінде, дәрігер оба ауруына күдіктенді. Науқас ауылдық типтегі үйде тұрады. Науқастан басқа отбасында екі ересек адам бар: анасы мен әкесі. Дәрігер науқасты қараған кезде анасы да қатысты. Учаскелік дәрігер жүргізуге тиісті бастапқы шаралар жоспарын құрыңыз. Осы ошақты оқшаулауға және жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.
Учаскелік дәрігер жүргізуге тиісті бастапқы шаралар жоспары:
Күдікті жағдай туындаңан кезі шұғыл түрде 1 сағатта аудандық СЭҚД және обаға қарсы күрес мекемесіне хабарлаймыз. Облыстық – 2 сағатта, Республикалық – 3 сағатта.
Бірінші звено:
-Анықтау: Ауру көзі – науқас адам. Дәрігер оба ауруына күдіктенген. Анасы да қатысты екенін анықтаған.
-Эпид.анамнез: Науқасты кіммен контактіде болғанын, соңғы уақытта бүргелердің шағуы, қоян, түйенің өнімдерін пайдаландыма, олардың терісін сылу, жүнің өңдеу сияқты контактіде болған болмағанын сұрастырамыз.
-Оңашалау: Науқастарды арнайы палатага немесе бокстарга мiндеттi түрде оңашалаймыз.
...