Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жүрек-тамыр жуйесiнiн анатомия-физиологиялык ерекшелiктерi

Автор:   •  Октябрь 21, 2020  •  Лекция  •  1,365 Слов (6 Страниц)  •  776 Просмотры

Страница 1 из 6

ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ АНАТОМИЯ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 Жаңа туылған баланың жүрегінің салмағы 20-25 г (дене салмағынан 0,8%), ересек адамдарда дене салмағынан 0,4%. Жүрек алғашқы екі жыл ішінде және жыныс мүшелерінің жетілуі кезінде тез өседі. Алғашқы 2 жылда балалардың жүрегінің диафрагмасы жоғары тұруына байланысты көлденең (горизонтальды) орналасқан, 3-4 жасқа таман қиғаш, ал 5 жаста тік (вертикальды) күйде орналасады. Жаңа туылған баланың сол не оң жақ қарыншалардың қабығының қалыңдығы бірдей (5 мм), кейін сол жақ қарыншасына көп күш түскендіктен біршама қалыңдайды. Жүректің салмағы мен көлемі  баланың өмірінің алғашқы 2 жылында және 12-14 жаста  қарқынды түрде өседі.

Алғашқы апта және айларында күре тамыр арасында байланыс сақталады:

  1. Артериалдық (Боталдық) өзек (құрсақ ішінде өзек аорта мен өкпе артериясын қосады). Артериалдық өзек 90% балаларда 2 айға дейін жабылады. Егер туғаннан 3 ай  өткеннен кейін өзек жабылмаса, онда іштен біткен жүрек ақауы деп саналады, өкпе артериясының 35% веноздық қаны  аортаға ағады.  
  2. Сол және оң жүрек бөлімдерінің арасында байланыс болады, ол жүрекше аралығындағы пердедегі сопақша (овал тәрізді) тесік. Бала туғаннан кейін 3 айында жабылады. Байланыс арқылы қан жоғары қысым әсерінен сол жақтан он жаққа ағады (ұштасым - шунт)  және артерия қаны веноздық қанмен араласады.

Жас нәрестенің артериясы ересектердікінен біршама кеңірек болады. Жаңа туған нәрестелердің вена кеңдігі артерия кеңдігімен бірдей. 16 жаста вена саңылауы артериялардың саңылауынан екі есе үлкен болады.

Балалар тамырының соғуы (пульс) ересектердікінен жиі, тұрақсыз. Бала айқайлағанда, жылағанда, денесіне күш түскенде, дене қызуы көтерілгенде  пульс жиіленеді.

Түрлі жастағы балалардың пульс жиілігі

Жас шамасы

1 минутта тыныс алу жиілігі

Жаңа туған бала

140-160

1 жас

120

5 жас

100

10 жас

80-85

15 жас

70-80

Түрлі жастағы балалардың кан қысымы

Жас шамасы

Систолалық қан қысымы

мм.с.б.б.

Диастолалық қан қысымы

мм.с.б.б.

Жаңа туған бала

60

 Систолалық қан қысымнан ½ немесе 2/3  құрайды

1 жас

80-84

5 жас

100

10 жас

110

15 жас

120

ІШТЕН БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ (ІБЖА)

ІБЖА пайда болу себептері: хромосомдық бұзылыстар, гендердің біреуінің мутациясы, жүктілік кезіндегі жағымсыз факторларының әсерлері (алкоголизм, наркомания, қызамық, грипп, В гепатиті, дәрі-дәрмектер, радиация және т.б.)

ІБЖА балалар арасында едәуір көп таралған және олар іштен туа біткен ақаулардың арасында 30% жуық орын алады.   Туылған әр 1000 баланың ішінде ІБЖА-мен туылатыны 3-8-ге тен.

Жіктелуі. ІБЖА түрлері көп болғандықтан (200 аса) олардың бірыңғай, бәрін түгел қамтитын классификациясы жоқ. Дәрігерлер үлкен және кіші айналысы шеңберіндегі гемодинамиканың бұзылысына қарай патофизиологиялық принципке де байланысты құрылған жіктеуді пайдаланады.

Іштен біткен жүрек ақауларының жіктелуі:

  1. Кіші қан айналымы шеңберіне ауыртпалық түсіретін ІБЖА.
  2. Кіші қан айналымы шеңберіне қанның аз келуімен сипатталатын ІБЖА.
  3. Қан айнылымының үлкен шеңберіне қанның аз келуімен сипатталатын ІБЖА.
  4. Гемодинамика бұзылыстарынсыз.

Кіші қанайналыс шеңберіне ауыртпалық түсіретін ІБЖА

...

Скачать:   txt (20.4 Kb)   pdf (159.3 Kb)   docx (16.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club