Жүктілік кезіндегі қайғылы оқиға
Автор: AidanaKemel • Сентябрь 13, 2022 • Реферат • 441 Слов (2 Страниц) • 172 Просмотры
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
«Қоректік заттардың сіңірілуі және метаболизмі (норма)» -модулі бойынша кейс
Биохимия, қалыпты физиология, анатомия, гистология, қоғамдық денсаулық сақтау кафедралары
КЕЙС: ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА
[pic 1]
Соңғы бірнеше күнде жүрек айнуы, құсу және іштің ауырсынуы болған 21 жастағы әйел жүктіліктің 35-ші аптасында ауруханаға түседі. Сонымен қатар науқас көздерінде сарғыштану байқалады.Ол тәбетінің нашарлығын, әлсіздік, енжарлық, терісінің қышуын, сондай-ақ алдымен қысқа мерзімді, одан кейін жиі-жиі, ауыр, емдеуге көнбейтін қыжылдың (изжога) болғандығын оның «кофе тәрізді» құсумен аяқталатынын және тахикардия (120-140 соққы/мин), қалтырайтынын, перифериялық ісінумен аяқталғанын айтты.
Тексеру кезінде науқаста жоғары қан қысымы, протеинурия, бауыр функциясы көрсеткіштерінің жоғарлағаны, қанның ұзақ уақыт ұюы, гипербилирубинемия, гипофибриногенемия және гипогликемия анықталды. Жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде жатырішілік 35 апталық жүктілік анықталды. Науқас ауруханаға жатқызылғаннан кейін оған шұғыл кесар тілігі отасы (кесарево сечение) жасалды, содан кейін науқаста гипогликемия мен коагулопатия нашарлауы дами түсіп, бүйрек жеткіліксіздігімен бауыр комасына түсті. Жүктілік кезіндегі бауырдың асқынған майлы дистрофиясы – диагнозы қойылды.
Зертханалық мәліметтер:
↑АСТ, АЛТ (300-500МЕ/л);
↑ билирубин (< 85 мкмоль/л,тікелей фракция есебінен);
гипогликемия;
↑ аммиак;
коагулопатия (тамыр ішінде таралған қанның ұю белгілері, негізінен қан ұюы факторлары синтезінің төмендеуі есебінен):
фибриногеннің төмендеуі;
антиромбин.
↑амилаза (ұйқы безі әсерінен);
↑ креатинин, мочевина, метаболикалық ацидоз;
Қанның жалпы талдауы (ҚЖТ): лейкоцитоз, нейтрофилия,
Жалпы зәр талдауы (ЖЗТ): протеинурия
Барлық зертханалық нәтижелерді және оның клиникалық көрінісін зерттегеннен кейін науқасқа жүктілік кезіндегі бауырдың асқынған майлануы диагнозы қойылды.
...