Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Газды гангрена

Автор:   •  Октябрь 1, 2020  •  Реферат  •  1,116 Слов (5 Страниц)  •  701 Просмотры

Страница 1 из 5

Газды гангрена

 Анаэробты гангренаны госпиталды гангрена деп бірінші болып 1562 жылы сипаттама берген Амбруаз Паре 1839 ж. Вельпо газды гангренаның клиникалық көріністерін жазып, патологияны анаэробты инфекциямен және жарақатанумен байланыстырған. Анаэробты гангренаны соғыс кездерінде мұқият зерттеп, себептерін анықтап, алдын алу, емдеу шараларын ретке келтірген Ресейдің атақты оташысы, ғалымы Н. И. Пироговтың еңбегі өте зор. Газды гангрена көбінесе соғыс кезіндегі жаралардың аса қауіпті асқынуы ретінде кездеседі. Бейбітшілік уақытта да жыртылған, өліеттенген, қанталаған көлемді жараларда дамуы ықтимал. Ұлы Отан соғысы жылдарында газды гангрена жараланған жауынгерлердің 1,5- 2%-дамыған және жараланудан кейін көз жұмғандардың 10%-өліміне себеп болған. Газды гангренаның этиологиясы. Қоздырғыштары ауа жок ортада, спора түзу арқылы дамитын клостридиалды микробтар: Clotridium perfringens, CI. Оedematiens, CIl. Septicum, CI. Histolyticum. Ұлы Отан соғысы кезінде газды гангренаның 80%-аталған микробтардың бірнеше түрлерімен шақырылған немесе стафилококк, стрептококпен бірігіп ауру тудырған. Clotridium perfringens басқа қоздырғыштарға қарағанда жиі кездеседі, ерекшелігі тіндерде газ түзіліп, ауыр интоксикация орын алады. Газды гангренаның қоздырғышы ретінде екінші орында Septicum қоздырғыш ретінде сирек кездеседі, тіндерде қанды сарысу тузіліп, іcініп, наукастың ағзасында ауыр токсикоз орын алады. СI. Histolyticum жеке түрі газды гангренаны ете сирек тудырады, баска түрлерімен біріккенде тіндерді тез арада ыдыратып, наукасты өтe aуыр интоксикацияға ұшыратады. CI. Оedematiens, epекшелігі — тіндердің қатты ісінуі, ауыр интоксикацияға әкелуі

Анаэробты инфекциялардың ерекшеліктеpі: Жергілікті кабыну белгілері - кызару, жергілікті температураның котерілуі болмайды, анаэробтар корытып шығаратын эндо-, экзотоксиндердің эсерінен тіндер үдемелі түрде өліеттенеді, icінеді, тіндерде газдың түзілуі орын алады және науқаста ауыр интоксикация дамиды. Газды гангрена даму үшін қоздырғыштардан басқа да факторлар әсер етеді: 1. топырақпен, кір киімдердің қиықтарымен ластанған, өліеттенген жумсак, тіндерге, әciресе мыжылған бұлшықетке толы жыртылған ауыр жаралар. 2. анемия, шок, қатты тоңу, жгут салу, тамырларды байлау, жараны қатты тану, әсіресе тіндердің гипоксиясы. 3. науқастың иммунитетін төмендететін жағдайлар (қатты зорығып шаршау, жүдеу. суыққа шалдығу). 4. жараланған жердің транспорттық иммобилизациясында және тасымалдау кезінде қосымша жарақаттануы. Патогенезі. Анаэробты микроорганизмдердің эндо, экзотоксиндерінің әсерінен тіндерде туындайтын өзгерістерді екі кезеңге бөледі: 

1) қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты плазма және формалық элементтер тінаралығына жиналып, тіндердің токсикалық іcіну кезені;

2) тіндерде өліеттенген булшықеттердің гликогені, белоктары, қантының ыдырауында газ түзіліп, булшықет және дәнекер тіндерді қысып прогресивті өліеттендіру кезеңі. Тіндердің ісcініп, араларына газ түзілуінде тінішілік қысым жоғарылап, жарада қан айналымы бузылады. Осының салдарынан сау булшықеттер, т.б. жұмсақ тіндер некрозға ушырап, анаэробтардың ары қарай өсіп өнуіне қажетті қоректі заттар көбейеді. Бул кезендердің ағымы, клиникалық көріністері қоздырғыштардың түріне байланысты болып келеді. Анаэробтардың токсиндері Қан арқылы бүкіл организмге тарап, уыр интоксикацияға әкеледі. Науқас ағзасының функциясы бузылып, істен шығады. Клиникалық көріністері. Анаэробты инфекциялардың инкубациялық кезені 1-7 күнді құрайды, бұл кезең неғұрлым қысқа болса, ағымы соншалықты ауыр түрде өтеді. Найзағай тәріздес түрі жараланғаннан кейін, алғашқы сағаттарда дамуы мүмкін. Аурудың клиникасы микробтардың вируленттілігіне, жараның көлеміне, қансырау, шокпен асқынуына, науқастың иммунитетіне сай әрқилы болып келеді. Жара керіп қатты ауырады, жараға салынған таңғыш тіндерді қысады. Жалпы интоксикацияның алғашқы белrілері: тамыр Соғысы, тыныс алудың жиілеуі, әлсіздік, жүйке жүйесінің тежелуі немесе қозуы (көп сөйлеу, мазасыздану). Дене қызуы басында субфебрильді, соңынан тез 38,3-39°C дейін көтерілуі. Тамыр соғысы 140-150, тыныс алу жиілігі 30-40 минутына. Қан қысымының 90- 80 мм. с. б. дейін төмендеуі. Жараланған қол-аяқ жарасы қарағанда қатты ісінген, терici бозарған, теріде бозғылт эмфизема (газ), крепитация естіледі қызыл дақтар, жолақтар анықталады. Тері астында пальпация кезінде эмфизема, крепитация естіледі.

...

Скачать:   txt (17.1 Kb)   pdf (93.8 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club