Геологиядағы IT технология
Автор: Zhansaya1 • Апрель 28, 2018 • Реферат • 5,365 Слов (22 Страниц) • 760 Просмотры
Мaзмұны
Кіріспе 2 1 Геологиялық сипаттама 3 1.1 Геологиялық құрылым 3 1.2 Интрузивті түзілім 3 1.3 Субвулкандық және интрузивтік түзілім 6 1.4 Тектоника 6
1.5 Пайдалы қазбалар 8
2 Геологиядағы IT технология 10
2.1 «LogPlot»бағдарламасы 10
2.1.1 LogPlot-тағы бейнелер экспорты 12
3 Жобаның орындалу барысы 13
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16
Кіріспе
Практикалық жұмыстың мақсаты геологияда қолданылатын IT бағдарламалармен жұмыс жасауды меңгеру. Сонымен қатар практикалық жұмыс жер қыртысының геологиялық даму тарихын қарастыру үшін тәжірибе жинақтау үшін орындалды.
Бұл практикалық жұмысты орындау барысында Алтай ауданының геологиялық даму анализі жүргізілді.
Курстық жоба геологиялық карта және оның геолологиялық сипаттамасынан тұрады.
Практикалық жұмыстың сипаттамалық бөлігі пайдалы қазбалардың, аймақтың тектоникалық құрылымының ерекшеліктері, стратиграфиялық қабаттардың, жатыс пішіндерін және олардың пайда болу жағдайларын, сонымен қатар аймақтың тектоникалық қозғалысары жөніндегі мәліметтерді қамтиды.
Курстық жобаның екінші бөлігінде геологияда қолданылатын негізгі бағдарламалар сипатталады.
Жұмыстың үшінші бөлігінде жоба барысында қолданылған бағдарламасымен жасалған жұмыстың реті баяндалады, яғни осы пәнді оқу барысында үйретілген барлық әдіс-тәсілдер қарастырылады.
Бұл практикалық жұмыстың мәтіндік бөлігі Алтай ауданың толық сипаттамасынан, геологияда қолданылатын IT бағдарламалары жөнінде мәліметтен және жұмыстың орындалу барысының сипаттамасынан тұрады.
1 Геологиялық сипаттама
1.1 Геологиялық құрылым
Қарастырылып отырған аудан Қазақ ұсақ шоқы сілемдерінің ерте каледонидтік ауданының шөгінді жыныстарының эпипалеозойлық платформасын сипаттайды. Каледонид шығыс беткейге қарай Байконыр-Ишим мегасинклинасына дейін созылып жатыр. Батыс шекарасына қарай Торғай ойпатының негізі бөлігіне кіретін каледонид Оңтүстік-Торғай синеклизасын дейін созылып жатыр. Ишим мегасинклиналі Байконыр синклиналінің ауданында қалыптасқан.
Ауданның шығыс үлкен бөлігі екі ірі оң құрылым құратын протерозой, девондық және кембрийлік тау жыныстарымен құралған. Протерозойдың Акбулак сериясы метаморфтық және кристалдық сланецтермен құралған. Оң құрылымдармен аталған, аиртау және терсек свиталары тау жыныстарымен аталған екіншісі қатпарықтың кембрийлік аймағына жатады және Торгай синеклизасының оңтүстік жалғасын білдіреді[2].
1.2 Интрузивті түзілімдер
Протерозой
Протерозой интрузивті комплексінде қуаттылығы 4100 м болатын коксуй сериясының (PR2ks) вулканогендік қабаттылығы бөлінеді.
...