Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Геодезияның мiндетi

Автор:   •  Декабрь 12, 2023  •  Реферат  •  3,970 Слов (16 Страниц)  •  132 Просмотры

Страница 1 из 16

Мазмұны

бет.

Дәрiс 1

Кіріспе. Геодезияның мiндетi

4

Дәрiс 2

Жердiң пішіні туралы мәлімет

5

Дәрiс 3

Геодезияда қолданылатын координаттар жүйесi

7

Дәрiс 4

Бағытты бағдарлау

10

Дәрiс 5

Пландар мен карталар

14


Дәрiс 1

Кіріспе. Геодезияның мiндетi

Геодезия - жер туралы өте ежелгi ғылымдардың бiрi. Адамзаттың баяғы заманда жер бетiнде қашықтық пен ауданды өлшеудегi ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуiне негiз болды. Грек тiлiнен аударғанда «геодезия» сезi «жердi бөлу» деген мағынаны бiлдiредi. Қазiргi заманғы геодезияның жердi бөлу мағынасы шеңберiнен әлдеқашан шыққаны түciнікті.

Геодезия - жердiң немесе оның жекелеген бөлiктерiнiң пiшiнi мен көлемiн, жердi карталар мен пландарға түcipy, сол сияқты адамның инженерлiк қызметiнiң сан алуан мiндеттерiн атқару мақсатында жер бетiн өлшеу әдiстерiн зерттейтiн ғылым.

Біздің жыл санауымызға дейін мыңдаған жыл бұрын, ірі құрылыстар, сарайлар, храмдар, қабір үстіндегі құрылыстар, тоғандар, Ежелгі Шығыстағы су құбырлары салынған. Бұл құрылыстарды жер бетінде, тек қана жетілдірілген өлшеу әдістерін білгенде ғана іске асыруға болатын еді. Ежелгі Қытайда және Индияда біздің эрамызға дейін бүкіл аймақты қамтамасыз ететін суармалы жүйе және ретке келтірілген құрылысты қалалар болған, мұның бәрі ерте заманнан жер бетінде өлшемдер жүргізудің жоғарғы деңгейде болғанын көрсетеді.

Ең алғаш геодезия пәні мен оның нысандарын геометрия, оптика және стереометриядан ажыратқан Әбу Райхан әл-Бируни. Ең алғаш «Геодезия» кітабын да жазған 1025 жылы, сондықтан геодезияның жеке пән ретінде негізін қалаушысы деп айтуға болады.

Адамзат қоғамының дамуына және ғылым мен техниканың өcyiнe байланысты, геодезияның мазмұны да өзгерiп отырды. Соның нәтижесiнде өзiнiң даму процесiнде геодезия бiрсыпыра дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлiнедi:

1. Жоғарғы геодезия - жердiң және планеталардың фигуралары мен көлемдерiн зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негiзгi тiрек жүйелерiн құру жөнiндегi мiндеттердi шешедi. Жоғарғы геодезия мiндеттерiн шешу әдiстерiн егжей-тегжейлi зерттеу үстiнде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия жане ғарыш геодезиясы бөлiнедi.

Геодезиялық астрономия - геодезиялық тipeк жүйелерi үшiн аспан шырақтарын бақылау негiзiнде координаталық бастапқы мәлiметтердi анықтап беру мәселелерiмен айналысады.

Геодезиялық гравиметрия - жер бетiнiң жекелеген нүктелерінің ауырлық күшiн арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жердiң фигурасын зерттеумен шұғылданады.

Fарыш геодезиясы - Жердiң жасанды cepiктepiнің көмегімен жер бетi нүктелерiнiң геометриялық арақатынастарын зерттейдi.

2. Геодезия немесе топография жер бетiнiң бiршама шағын учаскелерiн түcipумен байланысты мәселелердi зерттейдi.

3. Картография жер бетiнiң едәуiр территорияларының кескiндерiн әртүрлi мақсаттағы карталар түрiнде жасау әдicтерi мен процестерiн, оларды жасау және кебейту технологиясын зерттейдi.

4. Аэрофототопография жердiң карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден тycipген фотосуреттер бойынша жасаудың әдiстерiн талдаумен айналысады.

5. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңiздер түбiнiң табиғи қорларын барлау мен картарға түcipyгe байланысты арнайы өлшеу әдiстерiн талдап жасайды.

6. Қолданбалы геодезия iздеулер, құрылыстар мен инженерлiк ғимараттарды салу және пайдалану, жабдықтарды монтаждау, сонымен қатар елiмiздiң табиғат байлықтарын пайдалану кезiнде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдiстерiн зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезия өзiнiң жұмыс барысында геодезия әдiстерiн кең пайдаланады, ал кейбiр жағдайларда оны өз тәсiлдерi мен құралдары арқылы шешедi.

...

Скачать:   txt (57.6 Kb)   pdf (1.8 Mb)   docx (1.8 Mb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club