Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Геодезия и картография

Автор:   •  Март 6, 2018  •  Реферат  •  998 Слов (4 Страниц)  •  1,300 Просмотры

Страница 1 из 4

Геодезиядық және картографиялық аспаптар мен құралдар, астрономиялық-геодезиялық және нивелирлік торларды құру кезінде, жердің топографиялық пландары мен карталарын жасағанда, инженерлік құрылысты салғанда және пайдаланғанда жасалатын геодезиялық өлшеулерді орындау үшін қолданылады. Жер бетінде Геодезиядық және картографиялық аспаптар мен құралдар көмегімен сызықтық, бұрыштық және биіктік өлшеулер жүргізіледі, осыған байланысты олар қашықтықбұрыш, бағыт және биіктік өлшегіш аспаптары болып топтастырылады. Ұзындықты анықтау үшін тікелей әдіспен және жанама әдістермен өлшейтін аспаптар қолданылады. Тікелей өлшейтін аспаптарға ұзындығы 20, 24 және 50 м болатын өлшеу ленталары жатады. Олар штрихты (маркалары ЛЗ-20ЛЗ-24ЛЗ-50) және шкалалы (маркалары ЛЗШ-20ЛЗШ-24ЛЗШ-50) болып бөлінеді. Бұлардың өлшеу дәлдіктері 1:1000 — 1:10000-ға дейін болады. Сондай-ақ, бұл топқа болат рулеткалар (ұзындығы 10, 20, 30, 50 және 100 м; өлшеу дәлдігі 1:50000 және одан да жоғары), таспа рулеткалар (5, 10 және 20 м; 1:500 — 1:1000), өлшегіш болат сымдар (24 және 48 м; 1:30000 — 1:1000000) жатады. Жанама әдіспен өлшейтін аспаптарға, геом. арақатынас принципіне негізделген аспаптарға оптикалық қашықтық өлшегіштер (маркалары Д-2, ДНР-8, ДН-8) жатады. Қашықтық өлшегіштің құрамына арнаулы рейкалар да кіреді. Элек-тромагниттік толқынның таралу уақытын электрондық өлшеуге негізделген аспаптарэлектрофиз. аспаптарды құрайды. Электромагниттік толқынның түріне байланысты аспаптар жарық қашықтық өлшегіш және радио қашықтық өлшегіш болып бөлінеді. Жарық қашықтық өлшегіштер жоғ. триангуляция мен полигонометрия торларында базистік қабырғаларды өлшеуге арналған. Олар инж. геодезия мен маркшейдерлік жұмыстарда қолданылады. Дәл өлшейтін жарық қашықтық өлшегіш төм. триангуляция мен полигонометрия торларында базистерді өлшеуге пайдаланылады. Тех. жарық қашықтық өлшегіш полигонометрия мен теодолиттік жүрістерде арақашықтықты өлшеуге арналған. Радиоқашықтық өлшегіштер кез келген метереол. жағдайда қолданылады. Қазіргі кезде триангуляция торларының қабырғаларын өлшеу РДВГ мен “Луч” радио қашықтық өлшегіш аспаптарымен орындалады (өлшеу ұзындығы 30 — 40 км, дәлдігі 1:200000 — 1:300000). Бұрыш өлшегіш аспаптар жер бетіндегі горизонталь мен вертикаль бұрыштарды, бағыт бұрыштарын өлшеуге арналған. Алғашқы бұрышөлшегіш аспаптар 17 ғ-да пайда болды. Сол кезден бастап Геодезиядық және картографиялық аспаптар мен құралдарда көру дүрбісі (1608), микроскоп (1609), верньер (1631), деңгейлеуіш (1660) және жіптік тор (1670) тәрізді тетіктер қолданыла бастады. Осы тетіктерді біріктіру нәтижесінде 1783 ж. Дж. Рамсден тұңғыш рет теодолит аспабын жасады. Қазіргі жасалатын теодолиттер дәлдігіне, санақ құрыл-ғысының түріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль өсінің конструкциялық жү-йесіне және қызметіне байланысты топтастырылады. Теодолиттер дәлдігіне байланысты жоғ. дәлдікті және тех. болып, санақ құрылғысына байланысты верньерлік және оптикалық болып бөлінеді. Қазіргі уақытта тек оптикалық санақ құрылғысы (микроскоп) бар теодолиттер (Т2, Т5, Т15, Т30, 2Т30) құрылады. Теодолиттердің тахеометр (ТЭТДТВТАДальта 020Дальта 010А) түрлері бар. Олар вертикаль және горизонталь бұрыштарды, арақашықтық пен биіктікті өлшейді. Астрон. теодолиттер (АУ 2/10АУ 2/2) астрон. бақылау арқылы ендіктерді, бойлықтарды және азимуттарды өлшейді. Маркшейдерлік теодолиттер (Т15М, Т30М, 2Т30М) — кеніштердегі бұрыштарды өлшеуге арналған. Одан басқа арнаулы теодолиттер — гиротеодолит, фототеодолит, лазерлік теодолит, кодты теодолиттер де бар. Түзу бағытын анықтау үшін буссоль мен компас қолданылады. Жердің бетіндегі биіктік өлшеулер нивелир көмегімен орындалады. Дәлдігіне байланысты — жоғ. дәлдікті нивелир Н-05 (1 км екі қайтара жүрістегі өлшеу дәлдігі), дәл нивелир Н-3 (өлшеу дәлдігі — 3 мм), инж.-геодезиялық ізденіс жұмыстарында қолданылатын, тех. нивелир Н-10 (өлшеу дәлдігі — 10 мм), топогр. түсірімдердің негіздерін жасағанда, инж.-геодезиялық ізденіс жұмыстарында және құрылыста қолданылады. Графикалық (мензулалық)түсірімдер үшін мензула мен кипрегел (КА-2КН) пайдаланады. Картогр. жұмыстарда картаның негізін (картогр. тор мен тірек пункттерін) салу үшін координотографтар, штанген-циркуль, Дробышев сызғышы қолданылады, ал жасалған картогр. бейнені картаға үлкейтіп немесе кішірейтіп көшіру пантограф аспабы арқылы орындалады. Кейінгі кезде ғарыштық геодезияның дамуына байланысты жасанды жер серіктерінің көмегімен жер бетіндегі кез келген нүктенің координаталарын анықтауға болады.

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (102.3 Kb)   docx (15.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club