Рапс
Автор: Bisenovaliliya • Май 11, 2023 • Реферат • 6,197 Слов (25 Страниц) • 167 Просмотры
[pic 1]ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы
Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
«Агротехнологиялық» институты
«Өсімдік қорғау және карантині» жоғары мектебі
«Өсімдік карантині» пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Рапс
Орындаған:
Тобы: ПА-31 Л.Е.Бисенова
Тексерген: а.о PhD доктор А.Т. Орынбаев
Орал 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.........................................................................................................................................3
1.Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы……………………………………………………....4
2.Климат жағдайларының сипаттамасы………………………………………………………..5
2.2. Топырағы…………………………………………………………………………………….6
3.Зиянды нысандардың қысқаша сипаттамасы және күрес шаралары………………………7
3.1Рапстың зиянкестері................................................................................................................7
3.2.Зиянкестермен күрес шаралар кешені...................................................................................8
3.3.Рапстың аурулары....................................................................................................................9
3.4 Аурулардан қорғау шараларының жүйесі...........................................................................13
3.5. Рапстың арамшөптері...........................................................................................................14
3.6.Арамшөптермен күрес шаралары........................................................................................15
4.Зиянды нысандарға қолдануға арналған препараттар..........................................................15
5.Зиянды нысандармен күресу әдісінің негіздемесі.................................................................18
6.Шаралардың күнтізбелік жоспары..........................................................................................20
7.Шараларды өткізуге қажетті машиналар санын анықтау.....................................................21
8.Жеке бастың және қоғамдық қауіпсіздік шаралары..............................................................22
9.Өсімдік қорғау шараларының экономикалық тиімділігі .....................................................26
Қорытынды ..................................................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................................28
КІРІСПЕ
Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.
Агроклиматтық жағдайының күрделілігіне қарамастан ауыл шаруашылығының бірнеше салаларын дамыту қолға алынған, жетекші саласы — мал шаруашылығы. Ауданның солтүстігінде жаздық бидай егіледі және ірі қара өсіріледі. Оңтүстік аймақтарында судың жетіспеуінен егіншілікпен айналысу шектеулі түрде ғана, сондықтан да түйе және қой шаруашылығын дамыту тиімді. Егіншіліктің жалпы ауданы бар-жоғы 3%, оған дәнді дақылдардан жаздық бидай, тары, қара бидай, техникалық дақылдардан - күнбағыс, жүгері және қыша егіледі.
...