Қартаюдың молекулярлы механизмдері
Автор: 87479334995 • Февраль 4, 2019 • Реферат • 1,525 Слов (7 Страниц) • 1,347 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Қартаюдың молекулярлы механизмдері
Факультет: Фармация
Топ:
Орындаған:
Тексерген:
Жоспары:
I.Кіріспе.
Қартаю туралы негізгі түсінік.
II.Негізгі бөлім
А)Қартаю процесі.
Б)Қартаюдың негізгі механизмдері. Қартаюдың молекулалық – генетикалық механизмдері.
III.Қорытынды
Қартаюдың жүру механизмдері жайлы идеялар мен теориялар.
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері
Кіріспе
Қартаю – табиғаттың заңдылық процессі, ол организмнің жылдан-жылға бұзылуы және оның бейімделу әрекетінің төмендеуі. Қартаю процесі өлім мүмкіндігін жақындатады. Қартаю барлық организмдерге тән қасиет. Ол тірі организмдерінде әр түрлі деңгейде өтеді. Олар молекулалық-генетикалық, клеткалық, ұлпалық, мүше деңгейі және біртұтас организм деңгейі.
Гератрия – қарт адамдарда аурудың даму ерекшеліктерін, ағымын,емін және алдын алу шараларын зерттейді. Геронтологияның басты міндеті адам өмірін ұзартумен қатар, қарт адамдардың еңбекке және қоғамдық қызметтерге белсене араласуына мүмкіндік беру болып табылады.
- Гетерохронды – әр түрлі клеткаларда, ұлпаларда және ішкі мүшелерде әр түрлі жылдамдықпен өтуі.
- Гетеротропты – әр түрлі структурада сапа жағынан бірдей емес өзгеруі.
Адам мен жануарларда молекулалық – кинетикалық деңгейде қартаюдың жүргізуші механизмі болып төмендегілер саналады:
- ДНҚ-ның қайтымсыз бұзылуы
- РНҚ және белок(ақуыз) синтезінің өзгеруі
Жасушалық деңгейде қартаюдың жүргізуші механизмі:
- Жасушалардың бұзылуы және өлуі
- Митоз белсенділігінің төмендеуі
- Митохондриялар санының азаюы
- Лизосомалардың бұзылуы
- Жасушалар мембраналарының электрондық және иондық өасиеттерінің өзгеруі
- Цитоплазма коллоидтарындағы дегидратациясы, яғни ондағы мөлшерінің азаюы болып табылады.
Организм деңгейінде қартаю механизмдері болып табылады:
- Нерв жүйесінің
Эндокринді
- Жүрек – қан тамырлар
- Ас қорыту
- Тыныс алу
- Зәр шығару
Қартаюдың алғашқы механизмі клекалардың генетикалық аппараты жағдайының өзгеруімен байланысты.Барлық ұлпаларда қартаюдың нәтижесінде клеткалар саны азаяды және клеткааралық заттардың мөлшері көбейеді. Клеткааралық заттарда су мөлшері азаяды, соның нәтижесінде ферменттік реакциялар бұзылады.
Қартаюдың теломерлік теориясы 2 жағдайдың : ДНҚ-ның толық репликацияланбау проблемасы және жасуша культурасынан табылған Хэйфлик эффектісі нәтижесінде А.М.Оловниковпен қалыптастырылды.
1969 жылы Хэйфлик эффектісінің ашылуы қартаюдың табиғаты жөніндегі жалпы көзқарасты түбегейлі өзгертті. Хэйфликтің тапқан заңдылықтары қартаюдың теломерлі теориясын құруға негіз болды. Сондықтан Леонард Хэйфликтің және оған дейінгі Алексис Каррельдің жұмыстарына тоқталамыз.
Каррель мен Хэйфлик эксперименттері. Вейсманның идеялары.
Төменде сипатталатын жқмыстардың тарихы «терістеуді терістеу» принципінен қалыптасты.1881 жылы цитологияны классигі Август Вейсман өзінің пастулаттарын ұсынды: организмде болатын қартаю процессінің себебі соматикалық жасушалардың бөліну арқылы көбею қабілетінің мәңгі, шексіз еместігінде. Басқаша айтқанда клеткалар тозып, әрі қарай бөліну арқылы жаңара алмайды, сондықтан да өлімге ұшырайды.
Хейфликтің қосымша дәлелдері.
Алғашқы зерттеулерде адам эмбрионынан алынған клеткалар 50 рет бөлініп отырды.Егер клеткаларды (фибробластарды) ересек адамнан алса, онда популяцияның өліміне дейінгі клеткалардың бөліну саны 50-ден төмен болады, яғни донордың жасына тәуелді донордың жасы жоғары болған сайын бөләну саны азаяды.
...