Судың қасиеттері
Автор: 555Rahima • Март 2, 2020 • Реферат • 3,471 Слов (14 Страниц) • 1,306 Просмотры
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӘҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: Судың қасиеттері
Орындаған: Иса Анел Славақызы
Жетекшісі: Бисалыева Р.Н
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Су - адам өмір сүруіндегі негізгі атрибуттың бірі. Сусыз өмір жоқ. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады.
Сондықтан қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамуы барысына судың тек қана өзіне тән ерекше қасиеттерінің маңызы зор. Өйткені адам өмірін қамтамасыз етудің бүкіл жүйесі суды пайдаланатын технологияларға негізделген.
Зерттеу мақсаты: күнделікті өмірде кездесетін судың физикалық-химиялық қасиеттерін танып білу және судың өзіндік ерекше қасиеттерге ие екендігіне физико-химиялық тәжірибелер арқылы көз жеткізу.
Зерттеу міндеттері:
- Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша әдебиеттермен жұмыс жасау;
- Су жайында зерттеулер жүргізген әлем ғалымдарының ғылыми зерттеулерімен танысу;
- Судың қасиеттерін ұғына түсу үшін тәжірибелер жасау;
- Жасалған тәжірибелердің нәтижелерін сараптау;
Зерттеу нысаны: судың қасиеттері
Зерттеу заты: су
Зерттеу әдістері:
- Әдебиетке талдау жасау
- Зерттеу
- Тәжірибе жасау
- Бақылау
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы:
Судың физикалық және химиялық қасиеттерінің оның құрылыс ерекшеліктеріне байланысты екендігі жөнінде жаңа ақпараттар игерілді. Тәжірибелер жасау арқылы судың физико-химиялық зат ретінде ерекше қасиеттері анықталды.
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
« Су – әлемдегі бар нәрсенің негізгі көзі»
Гераклит
Су – жер шарындағы ең көп таралған зат. ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су - бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі.
Судың қасиеттері оның молекулалық құрылымына байланысты.Судың молекуласы оттегі және сутегі атомдарының әртүрлі құрылымынан, яғни изотоптарынан құралатын молекулалар қоспасы.Табиғи судың құндылығы жоғары. Себебі онда органикалық заттар мен радиоактивті сәуленің белгілі бір шамасы болады. Табиғи су ағзада айрықша реакциялар тудырады. Жапон ғалымдарының ашылымдарында, еріген мұз суында негізінен тритий болады / НОН3 /. Ол физиологиялық белсенді байланысқан күрделі зат. Мұз суы өсімдіктердің өсуін жылдамдатады, ағзаны жасартады. Тірі ағзадағы су реттелген құрылымды болады. Судың биомолекуласы мен еріген мұз молекуласының сәйкестігінен оның емдік қасиетін түсінуге болады. Еріген мұз суы, бұлақ суының биоқұрылысты болуынан, қабылдаған уақытта ағзаны жасартады.
Судағы күміс мыс, алтын иондары бактерияларды жояды. Емшілер өте ерте заманда күмістің емдік қасиетін білген. Парсы патшасы Кир өз әскерлеріне соғысқа аттанарда тек күміс ыдыстармен ғана су әкелуді жарлық еткен. Күмістің электролиттік ерітіндісімен өңделген су басқа залалдандырғыш заттарға қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Күміс ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды қуып шығады. Бірқатар тамақ, парфюмерия, косметика салаларында күміс суы қолданылады.
Адам денесінің үштен екі бөлігі судан тұрады. Мидың 85 пайызы, қанның 90, бұлшық еттің 75, бүйректің 82, тіпті сүйектердің 22 %-ы судан тұратыны анық. Адам ас ішпей 3-4 апта өмір сүре алады. Ал сусыз 1 апта да өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан су – өмір тынысы.
...