Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стоматологиядағы молекулалық биологияға және генетика негіздеріне кіріспе

Автор:   •  Март 1, 2022  •  Доклад  •  443 Слов (2 Страниц)  •  439 Просмотры

Страница 1 из 2

Пардакулова Закира

Стом 1-002

Стоматологиядағы молекулалық биологияға және генетика негіздеріне кіріспе. Жасушалық мембрананың және жасушаішілік органеллалардың құрылысы мен қызметі. Жасуша органеллаларының қызметінің бұзылуымен байланысты патологиялар

Молекулалық биология – тіршілікті молекулалық деңгейде зерттейтін биология ғылымының маңызды саласы болып табылады. Осы саланың негізгі зерттеу объектілеріне вирустар, макромолекулалар: ақуыз және нуклейн қышқылдары жатады. Нуклейн қышқылдарының құрылысы мен қызметі, тұқым қуалайтын аппараттың жүзеге асу принциптері мен механизмдері, жасушалардың құрылымы мен функцияларының молекулалық негіздері, өсу,даму,бөліну процестері  және жасушалардың өлу процестерін оқытатын,қамтитын сала болып келеді. Молекулалық биологияның дамуына, 1953 жылы Дж.Уотсон мен Ф.Крик ашқан ДНҚ-ның молекулалық құрылымының ашылуы себеп болды. Бұл сала ашылудан кейін жаңа бағыт ала бастады, қарқынды дамыды және көптеген зерттеулер жүргізіле бастады. Молекулалық биологиямен қоса генетика саласын айта кетуге болады. Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың себептері мен дамуын, олардың диагностикасын, алдын алу мен емдеуді зерттейді. Медициналық генетика тұқым қуалаушылық және сыртқы орта факторларының маңызын, сонымен қатар олардың аурулардың этиологиясындағы байланысын анықтайды.  Осы пән оқи отыра, теориялық база қалыптасады және ол терапиялық стоматология,хирургиялық стоматология және т.б пәндерді үйренуде көмегін тигізеді.

Жасуша – бұл организмнің құрылымдық бірлігі. Жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан қорғап тұратын мембрана жасушалық  мембрана деп аталады. Жасушалық мембрана әрбір жасуша құрамының тұрақтылығын сақтай отыра, сыртқы ортадан бөліп тұрады, жасуша және сыртқы орта арасындағы зат алмасуды реттейді. Жасушалық мембрана екі қабаттан тұрады, олардың көп таралғаны күрделі липидтер- фосфолипидтер. Мембрана түзілуі кезінде молекуланың гидрофобты бөлімдері ішке қарай, ал гидрофильді сыртқа қарай ығысады. Мембрананың қалыңдығы 7-8 нм болады. Жасушалық мембрана екі қабаттан тұрады (биқабат), олардың көбісі күрделі липидтер- фосфолипидтер классы болып келеді. Липидтер молекуласында гидрофильді («басы») және гидрофобты («құйрығы») бар. Мембрана құрамына липидтердің 3 класы кіреді: фосфолипидтер, гликолипидтер және холестерин

...

Скачать:   txt (7.2 Kb)   pdf (67.4 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club