Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы
Автор: Nigarammm • Июнь 12, 2024 • Практическая работа • 5,108 Слов (21 Страниц) • 73 Просмотры
«6B05108 - Биомедицина» мамандығы студенттеріне арналған
«Медициналық микробиология»
зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 1
Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы.
Сабақ мақсаты. Микробиологиялық, медициналық және ветеринариялық биотехнология жұмыстарына қатысты зертханалардың номенклатурасымен және түрлерімен танысу. Микробиология зертханасында жұмыс істеу ережелерін қарастыру.
Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:
- Медициналық және ветеринариялық зертханаларының номенклатурасы және түрлері..
- Микроағзаларды биологиялық қауыптылығына байланысты сұрыптау.
- Микробиология зертханасында жұмыс істеу ережелерімен, микробиологиялық зертханадағы қауіпсіздік ережелерімен танысу.
- Микроскоптау техникасы.
1.Алдарына қойылған талаптарына байланысты зертханаларды келесі топтарға бөледі:
- Ғылыми–зертханалық.
- Оқулық
- Диагностикалық
- Өнеркәсіптік.
Ден саулық сақтау жүйеде келесі зертханалар бар:
- Жалпы немесе әдейленген түрлі клиника-диагностикалы зертханалар. Олар емдеу – алдын алу мекемелердің құрамында болады.
- Бактериялық зертханалар.
- Сантитариялы–бактериялық зертханалар.
- Санитариялы–химиялық зертханалар.
- Орталық, проблемалық, регионалдық, оқулық зертханалар.
- Әдейленген зертханалар (аса қауыпты инфекциялармен және т.б. әдейленген жұмыстармен айналысатын).
- Бактериологиялық, микологиялық, протозоологиялық, иммунологиялық.
2. Микроорганизмдерді қауыптылығына байланысты келесі топқа бөледі:
- Патогенді емес “сапрофиттер” (грек тілінен sapros - шіріген, phyton - өсімдік) Адамға, жануарға зиян келтірмейтін микроорганизмдер.
- Шарты патогенді микроорганизмер. Кей сапрофитты микроорганизмдер қолайлы жағдайларда адамдардың және жануарлардың ауруларын тудыра алады (адам иммунитеты (инфекцияғы төзімділігі) төмендегенде, қалыпты микрооорганизмдері көбейіп аурулар туғызады).
- Патогенді микроорганизмдер. Осы микроағзалар ауру қоздырады (бруцеллез қоздырғышы, қан аурулары, оба, шешек, аусыл, сібір жарасының қоздырғыштары).
3. Микробиологиялық практикум кезінде жұмыс істеу ережелері. Микробиологиялық зертханадағы қауіпсіздік ережелері.
Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу кезінде белгілі бір ережелер сақталуы қажет.
Сабақ техникалық қаіпсіздік ережелерімен таныстырудан басталады.
- Зертханаға сыртқы киіммен, бас киіммен кіруге болмайды және бөгде заттарды кіргізуге тыйым салынады.
- Зертханалық сабаққа халат киіп қана кіру қажет.
- Бір орында жұмыс жасау қажет және бекінген құрал-жабдықтарды ғана қолдану керек.
- Жұмыс істеу кезінде бактериологиялық ине және тұзақ от жалынында микроорганизмдермен жұмыс істеудің алдында және соңында қыздырылады.
- Зертханада тамақ жеуге мүлдем болмайды.
- Сабақ аяқталған соң жұмыс орны дезинфекцияланады, қолданылған материалдар және басқа заттар маман-лаборантқа тапсырылады, бөлмені желдетеді (30 мин), УК-шамдармен сәулелендіреді.
- Зерттеу қорытындылары жазба түрінде жазылынып алынады.
Зертханалық құрал-жабдықтар
Бокс/ ламинар - стерильді жағдайда биологиялық объектілермен жұмыс істеуге арналған зертханалық құрылғы
Термостат - берілген тұрақты температурада микроорганизмдердің қоректік ортада айналдыру үшін қолданады. Лабораторияда эр түрлі температурада бірнеше термостаттар бөлек топтағы микроорганизмдердің жетілуі үшін қондырылған: мезофильді - 28-30 С, термофильдік - 43-55, ағынды түрі - 37 °С, өлшемі мен конструкциясына байланысты термостаттар әр түрлі болады. Үлкен емес шкафтан политермостатқа дейін бірнеше бөлімдерден тұрады.
Автоклав - ыдыстардың стерилизациялануына, қоректік ортаның және тағы басқа материялдардың қаныққан бу қысымымен атмосферадан жоғары қысымда қызмет істейді. Автоклавта әр түрлі конструкциялды (вертикальды, горизантальды), бірақ принципті схемасы мен құрылысы бірдей болады. Кептіргіш шкаф - термолегулятормен кептіру үшін лабораториялық ыдыстардың стерилизациялануы, әр түрлі материялдардың тұрақты массаға дейін кептірілуі үшін қажет. Кептіргіш шкафты термотұрақты материалды (металл жэне асбест-тен) диопозонды температура жұмыс камерасында 40-тан 200о С-қа дейін есептелінеді. Шексіз іші тесік бетті металды сөрелер орналысқан.Онда ыдыстар немесе кертірілетін материалдар қойылады.
...