Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекция по "Биологии"

Автор:   •  Сентябрь 11, 2023  •  Лекция  •  2,098 Слов (9 Страниц)  •  207 Просмотры

Страница 1 из 9

[pic 1]

Өсімдіктер дүниесі қабатының құрылысына қарай төменгі сатыдағы

Thallobionta, жоғарғы сатыдағы жапырақты сабақты - Carmobionta болып

бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден

негізгі айырмашылығы:

1. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер макроскопиялық құрлысты, кейбір секвоя

сияқтылардың көлемі 8,5 м, ал биіктігі 100 м жуық. Көпшілік төменгі сатыдағы өсімдіктер микроскопиялық құрлысты, тек аздаған балдырдың түрлері макроскопиялық, олардың мөлшері бір метрден (Caulerpa) 50-60 метрге (Makrocystis) дейін барады. Алайда жуандықтары шамалы.

2. Барлық жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің денесі тек мүктәрізділер мен

раффлезиялардан басқасы сабақ, жапырақ және тамырға бөлінген. Төменгі

сатыдағы өсімдіктердің денесі талломнан немесе қабаттантұрады.

3. Жоғары сатыдағы өсімдіктер көп клеткалы, оның денесі көптеген

клеткалар жиынтығы - тіндер системасынан тұрады. Төменгі сатыдағы өсім-

діктер бір клеткалы, көп клеткалы және клеткалық құрылысы жоқ - сифонды

келеді.

4. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жыныс процесі - оогамия, ал төменгі

сатыдағыларда - гологамия, коньюгация, изогамия, гетерогамия, оогамия.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жыныс органы көп клеткалы. Аналық жыныс органын - архегоний, аталығын - антеридийдеп атайды, аналығында біржұмыртқа клеткасы болады. Төменгі сатыдағылардың жыныс органы гаметангия бір клеткалы, сирек көп клеткалы. Аналық жыныс органы оогамня көпшілігінде бір клеткалы, сирек көп клеткалы, жұмыртқа клеткаларының саны түрлеріне карай әртүрлі болып келеді.

5. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде цитоплазма мен ядроның қосылуынан

зигота түзіледі, төменгі сатыдағылардың біреулерінде цитоплазма мен ядроның қосылуы зиготада өтеді, ал екіншілерінде алдымен цитоплазманың косылуы (плазмогамня)болады, ядро қосылмай бір-бірімен жұп құрап, жақындасып, дикарнон кұрайды. Одан кейін әр жынысты ядролардын бірнеше рет бір мезгілде - синхронды бөлінуімен клетка да бөлінеді. Сөйтіп дикариондык фаза құралады.

6. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің толық даму кезені екі ұрпақтан:

жынысты - гаметофиттен, жыныссыз -спорофиттен тұрады. Гаметофит

спорадан өседі де, гаметалар түзеді, ал спорофит зиготадан дамып спора

құрайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктердін даму кезені гаплондты не диплондты

фазада отеді. Редукциялык боліну зиготанын осе бастаган уакытында не

спорангияларда спора кұралардын алдында болады. Төменгі сатыдағы

өсімдіктердің даму циклындагаплоидты (n), дикариондық (n+n) және

диплоидты (2n) фазалары болады.

7. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің басым көпшілігі континенттік, негізі-

нен автотрофты жасылөсімдіктер. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің біразы су организмдері. Көпшілік төменгі сатыдағы өсімдіктер, санырауқұлақтар құрлықта тіршілік ететін, хлорофилсіз, гетероторфтыорганизмдер.

ӨСІМДІК ЖҮЙЕСІНІҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ

Номенклатура туралы сөз қозғалғанда, сөзсіз еске Карл Линней түседі. Ендеше классификацияны еске бір түсірейік.

Филогенетикалық классификацияның негізігі бірлігі немесе ең кіші

категориясы - түр (species) болып табылады.

Тегі жағынан өзара жақын түрлерді ірірек систематикалық топ - туысқа

(genus) біріктіреді. Туыс - дегеніміз бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы. К.Линнейден бастап әрбір өсімдік латынша екі атпен туыс және түр атымен аталады. Мысалы, зоната улотриксі (Ulotrix zonata Kutz) т.б. Бұл жердегі :  L, Kom, Kutz әріптері өсімдікті Линней, Комаров және Кюцинганықтағанын көрсетеді.Мұны бинарлық номенклатурадейді. Тегі жағынан өзара жақын туыстар бұдан гөріірірек топтарға тұқымдасқа (familia) бірігеді.Шығу тегі жағынан жақын келетін тұқымдастар қатарға (orda), олар класқа (classis), кластар бөлімдерге (divisio) біріктіріледі.

...

Скачать:   txt (34.3 Kb)   pdf (185 Kb)   docx (215.5 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club