Лекция по "Биологии"
Автор: seitzhan213 • Декабрь 3, 2018 • Лекция • 2,452 Слов (10 Страниц) • 705 Просмотры
Биология экзамен 10 сынып 2 жартыжылдық
1-билет.
Онтогенез - организмдердің жеке дамуы
Жасуша ұрықтанғаннан соң организмдердің жеке дамуы - онтогенез басталады.
Онтогенез екі кезеңге бөлінеді: эмбриондық (ұрықтық) даму және постэмбриондық (ұрықтан кейінгі) даму, яғни организмнің жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгі кезең.
Эмбриология - организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым. Эмбриология ғылымы негізінің қалануы Ресей Ғылым акакдемиясының академигі К. Бэрдің есімімен тікелкй байланысты. Ол 1828 жылы “Жануарлар дамуының тарихы” деген еңбегінде сүтқоректілер мен тауық ұрықтарының даму ерекшеліктері туралы зерттеу жұмыстарының нәтижесінен жарияланған болатын.
Бластуланың түзілуі. Митоздық бөліну нәтижесінде пайда болған бөлшектерді бластомерлер деп атайды. Бластула қабаты қалыптасқаннан кейін жасушаның бөлінуі әрі қарай жүре береді де, дамудың келесі кезеңі басталады.
Дамудың келесі сатысында бластула қабаты ішке қарай ойысады да, одан жасушаның ішкі қабаты пайда болады. Осының нәтижесінде қос қабат қалыптасады. Мұндай қос қабатты даму сатысын гаструла деп атайды. Гаструла - іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Гаструла сатысындағы сытрқы қабатты эктодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы, ішкі қабатты энтодерма немесе ішкі ұрық жапырақшасы деп атайды.
Гаструла сатысы аяқталғаннан кейін де жасушаның бөлінуі жалғасады. Бұдан кейінгі сатыны нейрула деп атайды. Нейрула сатысы кезінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды.
Көптеген жануарлардың ұрықтық дамуының алғашқы сатылары ұқсас. Бұл ұқсастық Жер шарындағы тірі организмдердің шығу тегінің бір-біріне байланыстылығын көрсетеді.
2.Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 жылы табылды. Бұл ауру ертеден белгілі. Тұмау індеті адам баламына шешек пен обадан кем тиген. 1918-1920 жылдары тұмаумен 500 млн-дай адам ауырып, оның 20 млн-дайы қайтыс болды.
Полиомиелит - тез таралатын індет. Полиомиелит вирусы тұмау вирусымен салыстырғанда өте кішкентай болады. 1916 жылы Нью-Йрокте полиомиелиттен 2 мыңдай адам қайтыс болып, 7 мыңдай адам сал ауыруына шалдыққан. Бұл ауру әсіресе балалар арасында кең таралған. Оның қоздырғышы су, тағам және ауа арқылы таралады. Бұл аурудың қоздырғыштары жүйке жасушаларына еніп, адам қозғалысын басқаратын жүйкелерді бұзып жансыздандырады.
Алдын алу шараларына: 1)вакцина салдыру 2)иммуномодуляторлар(витаминдер) пайдалану 3) интерферон препараттарын қолдану.
2-билет.
Цитоплазма
Цитоплазма - жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжаң зат. Цитоплазманың химиялық ерекшеліктеріне келетін болсақ, оың құрамында түйіршікті денелер, нәруыздар, ферменттер, нуклеин қышқылдары және көмірсулар мен АТФ молекулалары болады. Орта жағдайының әсеріне байланысты цитоплазманың физикалық қасиеті өзгеріп, яғни сұйық күйден қатты күйге немесе керісінше ауысып отырады.
Цитоплазманың серпімділік, жартылай өткізгіштік және басқа сұйық заттармен араласпайтын ерекше қасиеттері бар. Цитоплазманың басты қасиеттерінің бірі - үнемі қозғалыста болуында. Қозғалысы көбіне айналмалы және тасқынды түрде болады. Айналмалы қозғалыста зат алмасу процесі жақсы жүреді. Цитоплазма қозғалысымен бірге ондағы органоидтар да қозғалады. Цитоплазманың барлық жағдайы, қозғалысы сыртқы ортаға тығыз байланысты.
Цитоплазманың химиялық құрамы күрделі. Оның құрамы орта жағдайында өзгеруі мүмкін. Оның құрамында 30%-тен артық су болады. Су кейбір органикалық заттар мен тұздардың ерігіштік қасиетін арттырып, оның бір жасушадан екінші жасушаға ауысуына көмектеседі. Су көміртегін ассимиляциялау үшін және барлық тіршілік процесіне қажет. Судан басқа цитоплазманың құрамында 60-70% ақуыз, липоид, амин қышқылдары, витаминдер, фосфатидтер және басқа заттар болады.
2. Нәруыз биосинтезінің механизмі. Трансляция процесі үш сатыдан тұрады:
...