Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекция по "Биологии"

Автор:   •  Декабрь 8, 2022  •  Лекция  •  727 Слов (3 Страниц)  •  142 Просмотры

Страница 1 из 3

Цитология (грек т.. cytos - «жасуша») — жасуша және  тірі материяның жасушалық ұйымдасу деңгейі туралы ғылым. Цитология жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметін, көп жасушалы организмдегі даму мен өзара байланысты зерттейді.

Жасуша – сезімталдық, зат алмасу, көбею қабілеті тәрізді тірі материяның негізгі қасиеттері тән организмнің ең кіші құрылымдық-функционалдық бірлігі.

                Пішіні бойынша шар, ұршық тәрізді, қабыршақты (жалпақ), куб, бағана (призма), жұлдыз тәрізді, өскінді (ағаш пішінді) болуы мүмкін.

Жасуша қабықшасы – плазмолемма, жасушаны қоршап, оны қоршаған ортадан бөліп тұрады,  заттардың тасымалдануын қамтамасыз етеді, талғап өткізу қабілетіне ие.  

                Цитоплазма құрамы:  

  • гиалоплазма (коллоидты түзіліс);         
  • Органеллалар (эндоплазмалық тор, митохондрия, Гольджи кешені, жасуша орталығы, лизосома);  
  • қосындылар (зат алмасу өнімдері, уақытша түзілістер);
  • арнайы маманданған органоидтар (миофибрилла-лар, нейрофибриллалар, талшықтар,  бүрлер, кірпікшелер).

                Ядро генетикалық ақпаратты сақтайды, ақуыз синтезіне қатысады (нуклеоплазма, 1-2 ядрошық, хроматин).

  • Заттар мен энергия ағымы,
  • Сыртқы орта әсерлеріне жауап беру қабілеттілігі (тітіркенгіштік),
  • Өсу, көбею (өзін өзі өндіру мен генетикалық ақпаратты тасымалдау қабілеті),
  • Дифференциацияға қабілеттілік (жасушаның арнайы қызметтер атқаруға мамандануы).
  • Органоидтар – жасуша тіршілігі үшін аса қажетті тұрақты компоненттер. Олар жасуша цитоплазмасында орналасады, олармен қатар жасуша қосындылары да кездеседі.  
  •         Цитоплазма өзінің ішкі ортасын толтырып тұратын гиалоплазмадан тұрады. Гиалоплазма – ақуыздар, ферменттер, көмірсулар, нуклеин қышқылдары және басқа да заттардан тұратын біртекті күрделі коллоидты жүйе. Гиалоплазма  жасушаішілік құрылымдардың өзара әрекетін біріктіре отырып, келесі қызметтер атқарады: онда ақуыз синтезі жүреді, гликоген, май қосындылары, митохондрия қызметінің барысында өндірілетін АТФ жинақталады.  
  • Қосындылар – жасуша цитоплазмасындағы тұрақсыз құрылымдар, мөлшері жасушаның фукционалдық күйіне байланысты өзгеріп отырады.
  •         Қосындылар жасушадағы зат алмасу сипаты мен қарқындылығы және организмнің тіршілік ету жағдайына байланысты пайда болып, жойылып отырады. Олар әртүрлі көлемді және пішінді болады, химиялық табиғаты әркелкі. Қосындылар атқаратын қызметіне байланысты топтарға біріктіріледі.    
  • Қоректік  - қоректік заттардың қоры, өсімдік жасушасындағы крахмал дәнектері, жануар жасушасындағы гликоген мен май тамшылары.
  • Бөліністік (секреттік) сыртқы және ішкі секреция бездері жасушаларының тіршілік барысындағы өнімдері – гормондар,  ферменттер, жасушадан шығарылуға тиісті шырыштар.
  • Экскреттік – зат алмасу өнімдері, оларға қымыздық қышқылының және қымыздық қышқылды кальций кристалдары жатады.
  • Пигменттік жасушалар мен ұлпаларға белгілі бір түс береді, гемоглобин, миоглобин, меланин, антоциан жатады.

Жасуша өз құрамындағы заттардың қажетті концентрациясын ұстап тұруы үшін маңындағы құрылымдардан бөлініп тұруы қажет. Ал организм тіршілігі жасушалар арасындағы заттардың қарқынды алмасуы есебінен жүзеге асады. Жасушалар арасындағы бөгет (барьер) қызметін жеке жасушаның беткейлік аппараты атқарады. Ол келесі құрылымдардан тұрады:

...

Скачать:   txt (9.7 Kb)   pdf (80.9 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club