Лекции по "Биологии"
Автор: Zhan665 • Ноябрь 18, 2023 • Курс лекций • 2,694 Слов (11 Страниц) • 203 Просмотры
1. Тіндердің ұйымдастырудың жалпы жоспары мен түсінігінің анықтамасы. Жасушалар және олардың туындылары тіндердің құрамдас бөлігі ретінде.
Тіндердің онтогенезде дамуы, құрылысы және атқаратын қызметтері туралы ғылым. «Тін» терминін алғаш рет ғалым Н.Гру «Өсімдік анатомиясының бастаулары» (Начала анатомии растений) (1671) кітабында қолданған.«Тін» ұғымының толық және заманауи анықтамаларының бірін А.А. Заварзин (1938) ұсынған:«Тін – даму барысында пайда болған, жалпы құрылымы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ерекшеленетін жасушалар мен олардың туындыларының жүйесі».«Тін» ұғымының қазіргі заманғы анықтамасы, тіндердің ұйымдасуының дифферондық принципін де ескереді:Тіндер жасушалардың диффероны морфофунционалдық жүйесінің генезисі, бағыты және жасуша дифференциация деңгейі бойынша ерекшеленеді. Дифферон - бір туыстық жасушадан дамитын әртүрлі дифференциалдау және жетілу сатысындағы жасушалардың жиынтығы. Шын мәнінде, бұл дің жасушасынан түзілген жасуша клоны.
ТІНДІК ЭЛЕМЕНТТЕР
Әрбір тін құрамдас элементтерден – жасушалардан және олардың туындыларынан – жасушааралық заттан, симпластикадан, синцитиядан және постжасушалық құрылымдардан тұрады.Жасушалар негізгі элемен, олардың белсенділігіне байланысты тіндердің қалған құрамдас элементтері түзіледі.Жасушааралық зат –жасушалардың тіршілік әрекетінің өнімі, олардың тіршілік ету микроортасын құрайды.
Жасушааралық зат тінде іс жүзінде болмауы мүмкін (барлық эпителий, жүйке тіндері) немесе, керісінше, ол жасушаларға (барлық дәнекер тіндер) қарағанда тінде көп болуы мүмкін.
Жасушааралық зат сұйық (қан плазмасы), серпімді (борпылдақ дәнекер тін) немесе тіпті қатты (сүйек ұлпасы) болуы мүмкін. Суреттерде шеміршек (сол жақта) және борпылдақ дәнекер тінінің (оң жақта) жасушааралық заты көрсетілген.
Симпласт - құрамында көптеген ядролары бар протоплазма. Симпласт жасушалардың бірігуі нәтижесінде түзіледі. Миосимпласт (көлденең жолақты бұлшықет талшығы) эмбриогенезде миобласт жасушаларының қосылуынан түзіледі. Симпластқа - хорионның симпластотрофобласты жатады.
Постжасушалық құрылымдар. Постжасушалық құрылымдарға эритроциттер, тромбоциттер, эпидермистің мүйізгектелген қабыршақтары, шаш, тырнақ жатады.
2. Тіндердің классификациясы.
Тіндердің жіктелуі Фон Лейдигтің алғашқы классификацияларының бастап тіндердің 4 түрін ажыратады:
1.Эпителилі тін
2.Дәнекер тін, қан және лимфа;
3. Бұлшықет тіні
4.Нерв тіні.
Онтофилогенетикалық шығу тегі бойынша тіндер барлық үш ұрықтық жапырақшадаг түзілуі мүмкін. Осыған сәйкес тіндерді ажыратады:
- Шығу тегі Эктодермалық (мысалы, нерв тіні)
- Шығу тегі Мезодермалық (дәнекер тін)
- Шығу тегі Энтодермалық (асқазан және ішек эпителиі)
3.Тін дифферондары туралы түсінік.
Дифферон - бір туыстық жасушадан дамитын әртүрлі дифференциалдау және жетілу сатысындағы жасушалардың жиынтығы. Шын мәнінде, бұл дің жасушасынан түзілген жасуша клоны.
Дифферон түрлері
1. Монодифферонды тіндер (бір диффероннан – кардиомиоциттерден жүрек бұлшықетінің тіні (сол жақтағы сурет), тегіс миоциттерден тегіс бұлшықет тіндері). Бағаналы жасушалардың бір түрі көбею және дифференциация (көбею және жетілу) процесінде құрылымы мен қызметі жағынан бірдей көптеген жасушалардың пайда болуына әкеледі.
2. Полидифферонды тіндер – мысалы, борпылдақ дәнекер тіндері (құрамында фибробласттардың дифферондары, макрофагтар, тіндік базофилдер, плазмоциттер, май жасушалары және т.б.). Оларда әр түрлі бағытта дифференцияланатын бағаналы элементтерінің бірнеше түрі бар, бұл әртүрлі маманданған жасушалардың пайда болуына әкеледі.
4.Эпителийдің жалпы сипаттамасы және классификациясы.
.Эпителий тіндерінің морфофункционалдық ерекшеліктері
• Эпителий жасушаларының пласт, яғни тұтас үздіксіз қабат қалыптастыру қабілеті;
• Эпителий базальды мембранада орналасуы;
• Эпителийде жасушааралық зат және қан тамырлардың болмауы;
• Эпителий жасушаларының және қабаттарының поярлығы;
• Эпителиоциттерде аралық кератинді жіпшелері әртүрлі типтегі цитокератин ақуыздарының болуы;
• Эпителий тінінің регенерацияға жоғары дәрежеде қабілеттілігі.
Эпителий тіндердің қызметтері: 1. Шекаралық
...