Лекции по "Биологии"
Автор: serikreimbai • Сентябрь 16, 2023 • Лекция • 1,938 Слов (8 Страниц) • 162 Просмотры
Гипофиз –
Аденогипофизден (Алдыңғы бөлік,Аралық бөлік,Тубералдық бөліктен тұрады) және Нейрогофизден(Артқы бөлік,Сабағы,Құйғышы) тұрады,
Құрылысы-Аденогипофиздің үш бөлігін ажыратамыз олар Алдыңғы бөлік,Аралық бөлік,Тубералдық бөліктер.
Алдыңғы бөлігі-Жиі орналасқан,тор түзейтін,тармақталған эпителийлік созындылардан құралған,Трабекулалар оларды қоршай орналасқан,Борпылдақ талшықты дәнекер тінмен және синусоидты қылтамырлармен толтырылған.Әрбір трабекула безді жасушалардан құралған.
Трабекуланың ортасында XРОМОФОБТЫ эндокриноциттер орналасады,Олардың цитоплазмасы нашар боялған,шекаралары кедір бұдыр.
Хромофильді Эндокриноциттер-Секреторлық түйіршіктерінің болуына байланысты Базофильді және ацидофильді болып бөлінеді.Түйіршіктердің құрамында гормон өндірілуі үшін керек Гликопротейндер бар.Қалыпты жағдайда хромофильді эндокриноциттер алдыңғы бөліктің 4-10%ін алады және көлемі үлкенірек.
Базофильді эндокриноциттердің екі түрі бар
Базофильді эндокриноциттердің бірінші түрі шетке ығыса орналасқан,секреторлық түйіршіктерінің диаметрі 200-300 нм болатын Сопақша ЭНД.бұл жасушалардың саны гонодотропты гармондардың өндірілуі кезінде жоғарлауына байланысты Гонадатропоциттер деп атайды.Гонадатропоциттер-Фоллитропинді және лютропинді өндіреді.
Фоллитропин-Жыныс жасушаларының пішінделуіне әсер етеді. Лютропин-Аналық жыныс безінде сары денешіктің дамуын және аталық жыныс гормонының бөлінуін белсендіреді.
Базофильді жасушалардың екінші түрі-Пішіні дұрыс емес,секреторлық түйіршіктері өте ұсақ,диаметрі 80-150 нм,өте жақсы боялатын тиротропты эндокриноциттер.Бұл жасушалар тиротропинді өндіреді,
Ацидофильді эндокриноциттердің де екі түрі бар
Ацидофильді эндокриноциттердің бірінші түрі Самототропты эндокриноциттер организмнің өсуін қамтамасыз ететін самототропинді өндіреді.самотропоциттерде секреторлық түйіршіктің пішіні шар тәрізді,олардың диаметрі 350 нм ге дейін жетеді.
Ацидофильді эндокриноциттердің екінші түрі Пролактинді өндіретін пролактиноциттер пролактиннің негізгі қызметі сүт безінде сүттің биосинтезін арттыру.Әйел адам босанған кезде бөлінуі артады және сары денешіктің жұмыс уақытын ұзартады.Пролактиноциттердің пішіні созылыңқы сопақша болады,
Хромофильді жасушалардың тағы бір тобы кортикотропты эндокриноциттердер гипоифиздің алдыңғы бөлігінің орталық аймағында орналасады,АКТГ ны бөліп шығарады.Картикотропоциттердің пішіндері дұрыс емес көп бұрышты,ядросы бөліктенген,ЭПТсы жақсы жетілген, секреторлық түйіршіктері көпіршіктер түрінде болады.
ХРОМОФОБТЫ ЭНДОКРИНОЦИТТЕР-цитоплазмасы бояуларды нашар сіңіреді,анық көрінетін секреторлық түйіршіктері болмайды.Алдыңғы бөліктің шамамен 60пайызын алады,Кейбір Хромофобты эндокриноциттер маңызы да әрқилы жасушалардан түзіледі.ал басқалары керісінше толық мамандаған бірақ өздерінің базофильді немесе ацидофильділігінен айырылып қалғандардан түзіледі.Хромофобты эндрокриноциттерді резвервте тұрған жасушалар деп есептеуге болады.Бұл жасушалардың арасында фолликулалық жұлдыз тәрізді жасушалар кездеседі бұл жасушалардың апикальді ұшынан микробүрлер дамыйды.
АДЕНОГИПОФИЗДІҢ АРАЛЫҚ БӨЛІМІ
Эпителийдің жіңішке жолағынан тұрады,аралық бөліктің эндокриноциттері ақуызды,шырышты өнім өндіруге қабілетті,Артқы бөліктен орталық бөлік эпителийлі борпылдақ дәнекер тіннің жұқа қабатымен бөлектенген.
Аралық бөліктен мелоноцит белсендіруші гормон меланотропин және липидттердің алмасуын алмасуын арттыратын липотропин өндіріледі.
АДЕНОГИПОФИЗДІҢ ТУБЕРАЛДЫҚ БӨЛІМІ
АДЕНОГИПОФИЗДІҢ ТУБЕРАЛДЫҚ БӨЛІМІ дегеніміз Гипофизиалық аяқшаға түйіспе жатқан және гипоталамустың медиалді төмпешігінің төменгі бетімен жалғасатын бөлімі. Тубералді бөлік цитоплазмасы орташа базофильді болып келетін текшелі жасушалардан құралған эпителийлік созындылардан тұрады.
...