Возрастная физиология
Автор: Lashynka0p • Октябрь 24, 2018 • Реферат • 2,222 Слов (9 Страниц) • 614 Просмотры
1.Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің организмінің жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы- жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жас өспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері, олардың жекеше дамуының қалыптасу заңдылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функцияларының ерекшеліктері. Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигена мен медициналық гигиена, биохимия, психология, педагогика, цитология, генетика т.б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Жасқа сай физиология мен гигиена- жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты етіп өсірудің негізі. Ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды.
2. Көру талдағышының жас ерекшелігі
Көз
Көз - адамға қоршаған орта туралы 90 пайыздай ақпарат береді. Көздің көмегімен адам заттарды, олардың қозғалуын және түстерін ажыратады. Ортаға бейімделеді, қажетті бағытта қозғалуға көмектеседі. Мұның барлығы көздің сезім мүшелерінің ішінде ең маңызды екенін көрсетеді.
Сонымен, көру дегеніміз не және ол қалай жүзеге асады?
[pic 1]
Себебі, көз заттардың шағылыстыратын жарық сәулелерін қабылдай алады. Жарық сәулесі жұқа мөлдір қабықшадан -қасаң қабықшадан өтеді, онан ары түсті қабықшаға өтеді. Міне осы қабықша көзге әр түрлі түс береді. Бұдан соң жарық түсті қабықша артында орналасқан қуыс арқылы қарашыққа түседі. Түсті қабықшаның ерекше бұлшық еттері жиырылып, босаңсып, көздің қарашығын кішірейтіл, үлкейтіп тұрады. Осылайша көзге түсетін жарық мөлшері реттеледі. Айнала неғұрлым қараңғы болса, қарашық соғұрлым үлкейіп, жарықты көп өткізеді. Керісінше, айнала неғұрлым жарық болса, қарашық кіші болады, одан аз жарық өтеді.
...