Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Вирустардың транскрипция процессі

Автор:   •  Октябрь 25, 2018  •  Реферат  •  1,346 Слов (6 Страниц)  •  1,038 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Реферат

Тақырыбы: «Вирустардың транскрипция процессі»

Дайындаған: Сәрсен А.Қ

Тобы: Бг-43

Қабылдаған: Укбаева Т.Д.

Астана 2018

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Рибонуклеин қышқылы, түрлері, қызметі
  2. Транскрипция процессінің жүру механизмі
  3. Вирустардағы транскрипция процессі және оның ерекшелігі

а) ДНҚ-лы вирустардағы

б) РНҚ-лы вирустардағы

в) Ретровирустардағы

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Транскрипция — бұл негізінде мРНҚ молекуласының синтезіне жататын генетикалық ақпараттың берілуінің бірінші сатысы. Бұл фазада ДНҚ-на сәйкес аРНҚ пайда болады, бұл процесс РНҚ-полимеразаның көмегімен іске асады. аРНҚ екі жіпті ДНҚ-ның бір жібінің көшірмесі болады. Себебі ДНҚ-ның бір жібіндегі нуклеотидтердің тізбектелуі сол күйінде аРНҚ-на толық көшірме ретінде жазылады. РНҚ түзейтін полимераза нуклеозид-три-фосфаттарды – АТФ, ГТФ, ЦТФ, УТФ – белгілі бір қалыппен тізбектейді.

Қазіргі кезде белгілі жағдай аРНҚ тірі клеткада генетикалық ақпаратты ДНҚ-нан рибосомдарға жеткізеді. Себебі рибосомдарда белок пайда болады, осыны мынандай формула ретінде көрсетуге болады.

ДНҚ –> аРНҚ –> БЕЛОК

Әртүрлі вирустарда транскрипция процесі де түрліше өтеді.

Рибонуклеин қышқылы, түрлері, қызметі

Ген  және белок арасындағы «көпір» қызметін РНҚ молекуласы атқарады. Дәлірек айтсақ, ДНҚ молекуласындағы азоттық негіз тізбегіндегі кодталған генетикалық ақпарат ең бірінші ДНҚ молекуласынан матрицалық РНҚ (мРНҚ) молекуласына көшіріледі. Бұл саты транскрипция процесі деп аталады және прокариоттарда нуклеоидта, ал эукариоттарда ядрода жүреді. Вирустарда – қожайын клеткасында.Әрі қарай мРНҚ молекуласынан генетикалық ақпараттың белок молекуласына өту процесі трансляция деп аталады.

РНҚ - ның негізгі құрылымдық бірлігі - рибонуклеотидтер.  Олар өзара 5᾽- 3᾽ фосфодиэфирлі байланыспен жалғасып ұзын полинуклеотидтік тізбектер түзеді. Атқаратын қызметіне қарай РНҚ бірнеше түрге бөлінеді. рРНҚ, аРНҚ, тРНҚ. Рибосомның белокты синтездеу қызметінде және құрылысында рРНҚмаңызды рөл атқарады. 5S рРНҚ дан басқа барлық рибосомалық РНҚ- лар ядрошықта синтезделетін 45S - рРНҚ- претранскриптен құрылады. Ядрошықта жоғары метилденген рибосомалық РНҚ-ның рибосомалық белоктармен бірге жинақталуы жүреді. Рибосома массасының 60-65% рРНҚ-дан тұрады.

РНҚ құрылымы. РНҚ — рибонуклеин қышқылы. ДНҚ-дағы сияқты РНҚ мономері нуклеотид болып табылады. РНҚ-ның барлық нуклеотидінде фосфор қышқылының қалдығы жене рибоза көмірсуы болады. Ең алдымен, ДНҚ және РНҚ нуклеотидтері көмірсулар типі бойынша ажыратылады . Дезоксирибозадан рибозаның айырмашылығы — бір атом оттегінің болмауы.РНҚ құрамында азотты негіздер: А, У, Г, Ц болады. ДНҚ-мен салыстырғанда РНҚ-да урацил болады және ешқашан тимин болмайды.ДНҚ және РНҚ-ның тағы бір маңызды айырмашылығы бар. РНҚ біртізбекті молекула түрінде ғана болады.РНҚ-ның үш типі бар. Олардың барлығы әр түрлі құрылымда болады және әр түрлі қызмет атқарады. РНҚ молекулаларының барлығы ДНҚ матрицасының бетінде түзілетін болып шықты. ДНҚ молекуласының үлкен бөлігі құрамында тұқымқуалау ақпараты болады. Тұқымқуалау ақпараты — бұл тап осы ағза нәруыздарының барлығындағы аминқышқыл ретін көрсетеді. Яғни ДНҚ-ның қызмет атқаратын (код жазатын) үлкен бөлігінде нәруыздар аминқышқылдарының реті жазылған. Алайда ДНҚ молекуласының шағын бөлігі аминқышқылдың ретін жазбайды, онда РНҚ нуклеотидтерінің реті жазылады. РНҚ нуклеотидтерінің реті жазылған ДНҚ молекуласының бөлігі ядрошықты ұйымдастыру деп аталады. Сөйтіп, эукариоттарда ДНҚ хромосомалар құрамындағы ядрода болады. Прокариоттарда ДНҚ цитоплазмада бір сақиналы молекула түрінде жүзеді. Вирустардың генетикалық ақпараты ДНҚ немесе РНҚ түрінде нуклеокапсид ішінде орналасады. Ең ірі молекулалар — рибосомалық РНҚ, қысқаша рРНҚ. Рибосомалар — бүкіл тірі жасушаларға тән органоидтар. Атап айтқанда, рибосомалар аминқышқылдарды өзара қосып, ағзаның нәруыздарын синтездейді. Алайда, вирустарда рибосома болмайды, ол қожайын клеткасында орналасқан рибосомаларды пайдаланады.  Мөлшері жағынан екінші молекулалар ақпараттық немесе матрицалық (а-РНҚ немесе м-РНҚ)молекулалар болып табылады. РНҚ-ның бұл түрі нәруыз кодын жазатын ДНҚ болігін көшірмелейді, яғни аРНҚ тұқымқуалау ақпаратын ДНҚ-мен рибосомаға, цитоплазмаға немесе эндоплазмалық торға дейін жеткізу үшін көшірмелейді. Мөлшері жөнінен ең шағын молекулалар тасымалдаушы т-РНҚ болып табылады. Олар көзге «жоңышқа жапырақтары» түрінде көрінеді. Олардың міндеті рибосомаға аминқышқылдарды әкеліп, нәруызда қосылыс түзетіндей ретте орналастыру. Яғни т- РНҚ «құрылыс топтамаларын» нәруыз синтезінің орнына жеткізіп, оларды қажетті реттілікте орналастырады. 

...

Скачать:   txt (21.6 Kb)   pdf (202.8 Kb)   docx (20.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club