Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Вирустарды зертханада өсіру

Автор:   •  Февраль 23, 2018  •  Доклад  •  4,220 Слов (17 Страниц)  •  1,781 Просмотры

Страница 1 из 17

        1.Вирустарды клетка өсіндісінде өсіру.

Вирусологияның кейінгі 40 жыл ішіндегі тез дамуына көбінесе тірі клеткаларды организмнен тыс, яғни лабораториялық жағдайда өсіруді үйренимен байланысты. Клетка культурасы деп, адам мен малдың, жан-жануарлардың организмінен тыс, лабораториялық жағдайда арнайы қорек ортасы құйылған ыдыстарда өсіп-өнетін клеткаларды айтады. Қазір вирусологияда клетка культурасы өте көп салада қолданылады:

  1. Вирустың биологиясын зерттеуде /өсіп-өну жолдары, клеткамен қарым-қатынасы/.
  2. Вирустардың сан-сапасын және олардың әсерінен қанда пайда болатын антиделерді тексергенде.
  3. Ауру малдан, жан-жануарлардан қоздырғышты /вирусты/ диагностикалық мақсаттар үшін бөліп алу.
  4. Диагноз қою, профилактика жасау және емдеу үшін қолданатын арнайы вирус препараттарын /вакуцина, диагностикум, интерферон/ шығару.

Клетканы қолдан өсіру әдісі ыңғайлы, үнемді. Дегенмен, олар да жасырын вирустармен, микоплазмалармен және тағы да басқа микроорганизмдермен ластануы /контаминация/ мүмкін.

Қолдан өсірілген клеткаларды барлық елдерде жаппай қолдану, оларға байланысты біраз түсініктерді араластырып, шатастырып жіберді. Сондықтан 1966 жылы маусымның 3-і күні Сан-Францискода клетка культурасы туралы болған Ассоциацияның кеңесінде осы салад қолданылатын терминдерді бірыңғай біріктіру жөнінде ұсыныс жасалды. Олар қысқаша төменде келтіріліп отыр.

Ткань культурасы – бұл құрама ұғым, ол жануарлардың организмінен алынған клеткалардың, тканьдардың немесе органдардың организмнен тыс 24 сағаттан артық өмір сүріп, көбею қасиеттерін сақтай алатын жүйе /система/.

Биологиялық объекті түріне, оны сақтау және өсіру жолдарына байланысты культуралар былай бөлінеді:

а/ Клетка культурасы – организмнен тыс табиғи емес ортада, ткань құрмай өсетін клеткалар.

б/ Ткань не мүше культуралары – бұл тканнің, органның не оның бір кесек тілімінің өсіп-өні немесе өмір сүру қабілетін жоғалтпай сүйемелдеп сақтау.

Эксплантант – денеден тыс өсіру үшін алынған тканнің немесе органның бір кесек тілімі.

Дара қабат - /монослой/ - шыны бетіне бір ғана қабат болып өскен клеткалар.

«Жүзінді» культура /суспензионная культура/ - сұйық қорекпен араласып жүріп /ыдыс қабырғасына/ жабыспай өсетін клеткалар.

Алғашқы культура /первичная культура/ - организм мүшелерінен алынған алғашқы клеткалар культурасы. Ол қайта сепкенге дейін алғашқы болып саналады.

Клетка саласы /клеточная линия/ - алғашқы культураны қайта-қайта сепкеннің /пассаж/ нәтижесінде алынатын клеткалар тобы.

Тұрақты немесе алмалы-салмалы клеткалар саласы /перевиваемая клеточная линия/ - организмнен тыс көбейе алатын, ұзақ «мәңгілік» жасайтын клеткалар.  Мұндай клеткалар тұрақтылық қасиетіне үш күн сайын қайталанатын 70 сеудан /пассаждан/ өткен соң ие болады.

Клетка штамдары алғашқы культурадан немесе клетка линиясынан алынады. Бұл біркелкі клеткалар тобы. Олардың бір немесе бірнеше белгілі /маркер/ қасиеттері келесі ұрпақтарында толық сақталады.

Клон – бір клеткадан тараған ұрпақ клеткалар.

Клондаған штамм – клоннан шығарған арнайы клетка саласы.

Диплоидты клетка саласы – бұл саладағы клеткалардың 75%-де әуелгі клеткалардың қасиеті /хромосомалары диплоидты/ сақталған.

Гетероплоидты клетка саласы – бұл саладығы клеткалардың  75%- ке дейінгісінде хромосомалары диплоидты болуы мүмкін, бірақ бұл ұғым олардың ісік клеталарына жататындығын немесе организмнен тыс көп уақыт көбейе алатындығын көрсетпейді, тек клеткалардың құрылысындағы өзгерістерді байқатады.

Себу нәтижелігі /эффективность посева/ - топ /колония/ құра алатын клеткалар саны. Оны анықтағанда алғашқы себілген клеткалар санын, клетка өсіруге арналған ыдыстардың түрін және жұмыс жағдайын еске алу қажет.

Фибробласттар – ұршықша келген, сырт пішіні әртүрлі клеткалар. Оларды түріне қарап басқа текті клеткалардан ажырату қиын. Олар тек тұтас мүшелерде танылады.

Эпителий клеткалары – біріне-бірі жақын орналасқан, клеткааралық заттары өте аз клетка қабаттары.

Көп ғалымдар бұл сөздіктердің кемеліне келе қоймағандығын айтып жүр. Мысалы, тканьдар культурасы деген ұғымды клеткаларды да, органдарды да өсіру тәсілдерінің орнына қолданып жүр. Бұған «клетка культурасы», яғни біртектес клеткаларды организмнен тыс өсіру әдісі кірмеу керек.

...

Скачать:   txt (64.4 Kb)   pdf (271.5 Kb)   docx (29 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club