Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бөріқарақаттар (Berberidaceae), Қарағаштар (Ulmaceae), Талдар (Salicaceae), Жөкелер (Tiliaceae) және Тұттар (Moraceae) тұқымдастары

Автор:   •  Февраль 20, 2024  •  Лекция  •  2,022 Слов (9 Страниц)  •  115 Просмотры

Страница 1 из 9

Дәріс-6

Тақырыбы: Бөріқарақаттар (Berberidaceae), Қарағаштар (Ulmaceae), Талдар (Salicaceae), Жөкелер (Tiliaceae) және Тұттар (Moraceae) тұқымдастары

Мақсаты: Бөріқарақаттар, Жөкелер, Талдар және Тұттар тұқымдастарының орманшылық-экологиялық ерекшеліктерін зерттеу

Сұрақтар:

1. Бөріқарақаттар және Қарағаштар тұқымдасы, туыстары, ерекшеліктері

2. Талдар тұқымдасы, туыстары (тал, терек, чозения)

3. Жөкелер мен Тұттар тұқымдастары, маңызы

1. Бөріқарақаттар және Қарағаштар тұқымдасы, туыстары, ерекшеліктері

Бөріқарақаттар  тұқымдасының табиғи жағдайда кең, 500-ге жуық түрі  тараған туысы- Бөріқарақат (Berberis). Бөріқарақат-мәңгі жасыл, жартылай мәңгі жасыл немесе жапырақ  түсіретін бұталар. Бөріқарақат түрлері тығыз қою бөрікбас құрайды, қырқуға төзімді, көгалдандыру үшін бағалы. Олардың берік сүрегі ұсақ-түйек жасауға жарайды, қабығы мен тамырынан тері бояйтын сары бояу алынады. Бөріқарақаттың жапырақтары  мен жемістері, құрамындағы алма  қышқылының  молдығына байланысты қышқылтым келеді, сондықтан тамақ өнеркәсібінде және тұрғын халық тұздық және тұнба дайындауға пайдаланады. Жемісі -эллипс тәрізді жидек, ұзындығы 12 мм, дейін, қара қошқылды,  тұқымдарының ұзындығы 4-5 мм.  

Кәдімгі бөріқарақаттың қолдан өсірілетін қара қошқыл кәдімгі   бөріқарақаты (B. wuldaris  «Atropurpurica») өте қызығушылық тудырады.

Сібірлік бөріқарақат (B. sibirica) –жапырағын түсіретін биіктігі 1 м дейін жететін бұта. Жапырақтары көнді, ұзынша жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 2 см дейін, гүлдері сары, диаметрі 10-12 мм, жеке-жеке  жемістері қызыл. Алтай, Саян және Орта Азия тауларында кездеседі.

Бөріқарақаттың жерсіндірілген түрлерінің ішінде көгалдандыруда кеңірек қолданыстағысы Жапониядан әкелінген –Тунберг бөріқарақаты (B. Thunbergii). Бұл биіктігі 1 м бұта. Жапырақтары ромбылы-сопақшалы, дөңгелектелінген немесе қалақша тәрізді, негізгі сына тәрізденген ұзындығы сағағымен қоса 2 см дейін), шеттері бүтін, күзде түсер алдында қара қошқылдан қызыл күрең түске енеді.

Гамамелидидылар   (Hamamelididae) класшасының ағаш тектес өсімдіктері

Қарағаштар (Ulmaceae)  тұқымдасы Солтүстік Жарты шардың қоңыржай  белдеуінің тропиктік ормандарында тараған ағаштектес өсімдіктердің 18 туысын және 200 жуық түрлерін біріктіреді. Қазақстанда бұл тұқымдастың 2 туысы - шегіршін  және таудаған өседі.

Шегіршін (Ulmus) - туысы жапырақ түсіретін 40 - қа жуық көбінесе бірінші шамадағы ағаштардан тұрады. Бұл туыс өзінің атауын ағаш сүрегінің ерекше тұтқырлығына, серіппелілігіне және беріктігіне байланысты алған. Шегіршіндерді дала және егін қорғау ормандарын өсіруге, жыра-сайларды, баурайларды, құламаларды және бөгеттерді бекітуге жаратқан.  Олар қалалық жағдайда  әжептәуір төзімді, көптеген әсемдік формалары мен өсірімдері (культиварлары) бар, көгалдандыруда бағалы. Қазақстанда табиғи жағдайда     шегіршін өседі, соның    төменде өз сипатын алған, олардың таралу аймағы     қосымшаларда келтірілген.

Түрлері: Жылтыр немесе кәдімгі шегіршін  (U. laevis ) діңнің биіктігі 25-35м, диаметрі 1,5м дейін жететін, төменгі жағында негізінде жиі тақтай тәрізді безі болатын ағаш. Қысқа толығымен төзімді және көлеңкеге салыстырмалы  төзімді ағаш.

Ұсақ жапырақты немесе аласа шегіршін (U. pumila) табиғи жағдайда биіктігі 6-15 м жететін ағаш кейде бұта тәрізді, қолдан өсіргенде биіктігі 25м, диаметрі 1м-ден асады. Қазақстанда негізінен орманды даланың, далалық және шөлейттің ормансыз аудандарында кездеседі басқа облыстарға  қарағанда Шығыс Қазақстан облысында көбірек тараған.   Ұсақ жапырақты шегіршін өте жарық сүйгіш, құрғақшылыққа, тұзға төзімді топырақ құнарлылығына орташа талап қояды.Ұсақ жапырақты шегіршін–жер шарындағы аридтық аудандарда өсірілетін ағаш тектес өсімдіктердің ең көп кең тарағандарының бірі.

...

Скачать:   txt (25.7 Kb)   pdf (291.1 Kb)   docx (109 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club