Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам денесіндегі көптеген жасушалардың

Автор:   •  Май 9, 2022  •  Реферат  •  1,220 Слов (5 Страниц)  •  236 Просмотры

Страница 1 из 5

Адам денесіндегі көптеген жасушалардың қызметі жүйке және гуморальды жолмен реттелу арқылы іске асады.

Бездер – бұл белгілі бір зат – сөл бөліп шығаратын мүшелер. Қызметіне байланысты барлық бездер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сонымен қатар ішкі де сыртқы да секрециялық қызмет атқаратын аралас бездер де болады. 

Ішкі секреция немесе Эндокриндік бездердің жасушаларын ұсақ қан тамырлар мен лимфа каппилярлары торлап жатады. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйықтық бірден қанға, лимфаға және ұлпа сұйықтығына өтеді. Бұл бөлінетін сұйықтық гормон деп аталады.

Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқаншамаңы бездері,

айырша без, бүйрекүсті бездері жатады.

Экзокриндік бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
Мысалы
тер, жас, сілекей, сүт бездері және т.б.

Аралас бездерге: ұйқы және жыныс бездері жатады.

[pic 1]

Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Себебі, жүкті әйел организмінде плацента бірқатар гормондар бөліп шығарады: эстроген, прогестерон және гонадотропин.

Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. «Гормон» деген терминді ең алғаш Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрында гормондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептелген. Бірақ кейінгі зерттеулерге қараганда, ағзалар қызметін бәсеңдетіп, тежейтін де гормондар бар екені мәлім болды. Мысалы, адреналин асқорыту жүйесін тежеп бәсеңдетеді.

Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады: мынандай жолдармен:

1) Метаболизмдік 

2) Мофрогенетикалық 

3) Кинетикалық 

4) Түзетілуші (коррекциялық)

Адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, олардың химиялық құрылым ұқсастығын, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі:

1. Белоктық - пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, соматотропин т.б.);

2. Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);

3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер - адреналин, норадреналин).

Гормондар кұрамы мен әсері жағынан бірдей емес, бірақ оларға ортақ физиологиялық қасиеттер бар.

1. Гормондар қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады.

2. Гормондар организм қызметін гуморальдық реттеуде аралық рөл атқарады

3. Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір гормонның жетіспеушілігін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды.

4. Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады.

5. Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді.

6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың

құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда құрылымдық өзгерістер туғызуы мүмкін.

7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды.

Гипоталамус – жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндокриндік реттеуге ауысады. Гипоталамус гормондарына гипофизотропты гормондар либерин және статин жатады.  Қазіргі кезде 7 либерин мен 3 статин зерттелген.

...

Скачать:   txt (17.4 Kb)   pdf (473.7 Kb)   docx (372.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club