Адам эмбриологиясы
Автор: Guldok • Февраль 21, 2019 • Эссе • 2,465 Слов (10 Страниц) • 1,413 Просмотры
Марат Оспанов Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
[pic 1]
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСЫ
МАМАНДЫҒЫ: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА
КАФЕДРА: МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГИСТОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
ДИСЦИПЛИНА: ГИСТОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
ТАҚЫРЫБЫ: АДАМ ЭМБРИОЛОГИЯСЫ
ОРЫНДАҒАН: ТӨРЕҒАЛИ ГҮЛДАРИЯ ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ
ТЕКСЕРГЕН: БЕРДАЛИНОВА АКЖЕНИС КРИМГЕРЕЕВНА
ТОБЫ: 101 Б
ОРЫНДАУ ТҮРІ: ЭССЕ
Ақтөбе 2019 жыл
ЖОСПАРЫ:
- КІРІСПЕ:
Адам эмбриологиясы
- НЕГІЗГІ БӨЛІМІ:
а) Онтогенез.Жеке дамудың заңдылықтары.
ә) Эмбрионның дамуы.Гистологиялық препаратты сипаттау.
б) Дамудың қатерлі кезеңдері.
в) Құрсақ ішінде дерттердің жалпы патогенезі.
- ҚОРЫТЫНДЫСЫ:
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙ:
І. КІРІСПЕ:
ЭМБРИОЛОГИЯ – (грек тілінен embryon – ұрық, logos – ғылым) ұрықтардың дамуының заңдылықтары туралы ғылымы.
Медициналықэмбриология адам ұрығының даму заңдылықтарын зерттейді. Адамның дамуының қатерлі кезеңдеріне,ана-плацента-нәресте жүйесінің қызметтік және метаболизмдік ерекшеліктеріне, тіндердің дамуының зыңдылықты үдерістері мен эмбрионалдық даму көздеріне ерекше назар аударады. Медицинада мұның барлығының маңызы зор.
Адам эмбриологиясын білу барлық дәрілерге, әсіресе акушерлік іс пен педиатрия салаларында жұмыс істейтіндер үшін қажет. Ол – нәресте жүйесінің бұзылыстары кезіңде диагноз қояға, кемтарлықтың жіне туғаннан кейінгі балалардың сырқаттарының себептерін анықтауға көмектеседі.
Қазіргі кезде адам эмбриологиясы бойынша алынған білім бедеуліктің себептерін анықтауға және оны жоюға, фетальды мүшелерді трансплантациялауға, ұрықтануға қарсы құралдарды дайындауға және қолдануға пайдаланылады.
Адам эмбрионалдық даму үдерісі ұзақ мерзімді эволюцияның нәтижесі болып табылады. Және де жануарлардан да ерекшелі қасиеттері болады. Сондай-ақ адамның дамуының кейбір ерте сатылары төменгі сатыдағы хордалы жануарлардың эмбриогенезінің сейкес сатыларына өте ұқсаста болып келеді.
Адам эмбриологиясын зерттеу үшiн хайуанат дүниесi түрлерiнiң (особьтар,топтар,типтер,т.б.) тарихи дамуы (эволюция) басқыштарын филогенездi жақсы бiлу керек. Әсiресе өте төмен дамыған (қияқ, құстар,т.б.-да) хайуанаттар эмбрионы дамуы сатыларына (онтогенездiң – эмбрионогенезi бөлiмiне) өте жақын болады.
ХIХ-ХХ- ғ.ғ.-да тәжiрибелер нәтижесiнде онтогенез және филогенез ортасындағы байланыстар жөнiнде көптеген терең ойлы пiкiрлер болды. Ч.Дарвин өзiнiң көп жылдық тәжiрбелерiне сүйенiп, хайуанаттар эмбриондарының адам эмбрионына, т.б. ағзаларға ұқсастығына сүйенiп эволюция iлiмiн жараттты,яғни филогенезде алғашқы бастама арқылы эволюциялық даму болғандығын түсiндiредi.
А.Н.Северцов биогенетикалық заңды жалғастырып, эмбриондағы өзгерiстер жинағы тарихи дамудың- эволюцияның негiзi деген iлiм жаратты(филоэмбриогенз заңы). Бұл заң әр бiр түр(осбь) жасаған ортаға бейiмделiп, өзгерiп (филоэмбриогенез заңы): өзiнiң құрамдық бөлiктерiн, сипаттарын, ерекшелiктерiн өзгертiп тұрады деп түсiндiредi. Эмбриологиядағы актуалды проблемалар: жынысты жасушалар құрылысы мен дамуына микроқоршаудағы эндо және экзогендi факторлар әсерiн үйрену; ағзалар,ұлпалар жүйелерiнiң өзара қатынасы және дамуын зерттеу: адам және сүт қоректiлер эмбрионың гомеостазын қамтамасыз етушi және репродуктивтi қызметтi реттеушi механизмдердi зерттеу; эмбрион дамуы кезеңдерiнiң дағдарысқа ұшырау кезеңдерiн үйрену болып саналады. Сондай-ақ жұмыртқа жасуша, эмбрионды бастамаларды егу (экспериментте жасау), жүктiлiк патологиясының цитодагностикасын жасау ,т.б. болып саналады.
...