Отчет по практике в "Екібастұз ГРЭС-1 станциясы" АҚ
Автор: Арыстан Баттал • Май 9, 2020 • Отчет по практике • 3,962 Слов (16 Страниц) • 464 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
1 | Негізгі бөлім | 4 |
1.1 | Кәсіпорынның өндірістік процесі | 4 |
1.2 | Әр бөлімнің мақсаты мен ерекшелігі | 5 |
2 | Кәсіпорынды бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету | 9 |
2.1 | Кәсіпорынның техникалық құжаттамасын ресімдеу | 9 |
3 | «ГРЭС-1» өндірістік-экологиялық бақылау бағдарламасы | 10 |
3.1 | Өндірістік-экологиялық бақылаудың мақсаттары | 10 |
3.2 | Өндірістік мониторинг процесінде қадағаланатын параметрлер | 10 |
4 | Қатты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақтауышын (полигонын) пайдалану жөніндегі нұсқаулық | 13 |
4.1 | Есеп және есептілік | 13 |
4.2 | Жинақтаушының техникалық-экономикалық көрсеткіштері | 13 |
4.3 | Жинақтаушы жұмысының технологиялық сұлбасы | 14 |
4.4 | Қалдықтарды жинау, сақтау, есепке алу | 14 |
4.5 | Қалдықтарды тасымалдау | 15 |
4.6 | Жинақтағышты пайдалану | 15 |
4.7 | Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы іс-шаралар | 16 |
5 | Өндіріс қалдықтарын басқару және тұтыну | 17 |
5.1 | Жалпы ережелер өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару рәсімдері | 17 |
5.2 | Қалдықтарды есепке алу | 18 |
5.3 | Қалдықтарды түгендеуді жүргізу тәртібі | 18 |
6 | Қорытынды | 20 |
7 | Қолданылған әдебиеттертізімі | 22 |
Кіріспе
Практиканың негізгі мақсаты-эколог-маманның теориялық білімін, практикалық іскерліктерін бекіту және кәсіби іс-әрекетінің дағдыларын меңгеру. Практика барысында алынған кәсіби дағдылар мен іскерліктер ғылыми-зерттеу қызметіне, жобалау-өндірістік және бақылау-сараптама қызметіне жатады.
Практиканы өткізу орны – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Биология және экология» кафедрасы
Арнайы жеке берілген тапсырма бойынша "Екібастұз ГРЭС-1 станциясы"АҚ туралы мәліметтерді қарастырдым.
Станция өз қызметінде ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
АҚ Жарғысына, "Екібастұз ГРЭС-1 станциясы" АҚ нормативтік құжаттарына, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тапсырмаға байланысты практика міндеттері келесі кәсіби дағдыларды меңгеруді қамтиды:
- корпорацияның қызметі туралы жалпы түсінік алу;
- осы кәсіпорында өндірістік-экологиялық бақылау бағдарламасын оқып үйрену;
- кәсіпорынның экологиялық тобында нақты жұмыстың практикалық дағдыларын алу.
Практика кезінде мен ұйымның құрылымымен, ол шешетін экологиялық міндеттердің әдістері мен құралдарымен оқып таныстым және жұмыстың кәсіби дағдыларын теория тұрғыда алдым.
1 Негізгі бөлім
1.1.Кәсіпорынның өндірістік процесі
Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС белгіленген қуаты 4000 МВт электр энергиясын өндіруді және таратуды жүзеге асыратын конденсациялық үлгідегі жылу электр станциясы болып табылады. Станцияның негізгі отыны Екібастұз кен орындарының тас көмірі болып табылады.
...