Отчет по практике в «Accu Test»
Автор: araiyes • Октябрь 4, 2024 • Отчет по практике • 3,712 Слов (15 Страниц) • 34 Просмотры
«Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ
«ИНЖИНИРИНГ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
«6В05201-ЭКОЛОГИЯ»
(Бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың
оқу курсы 2, Өндірістік тәжірибе бойынша
ЕСЕБІ
АҚМҰРЗА ДАНА ДӘУЛЕТҚЫЗЫ
ТЕКСЕРГЕН: | |
Кәсіпорныннан тағайындалған тәжірибе жетекшісі: | Университеттен тағайындалған тәжірибе жетекшісі: |
А.Ж. Салемхановна | Нурбаева Фарида |
«___»_________________2024ж | «___»_________________2024ж |
______________________ | ______________________ |
АҚТАУ 2024ж
Мазмұны
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Қорытынды
Қосымша
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мен, Ақмұрза Дана Дәулетқызы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг универсетінің «Экология» мамандығынының Э-22-1 тобының 2 курс студенті 03.06.2024-29.06.2024жж аралығында «Accu Test» мекемесінен өндірістік тәжірибеден өттім.
Мен, өндірістік тәжірибемді «Accu Test» мекемесі орынының жұмыс барысымен таныстым. Өндірістік тәжрибеден өту барысында сынамаларды жасау және оларды талдау әдіс тәсілдерін көрдім және тәжірибе жинақтадым. Химиялық талдау жұмыстарын жүргізу жолдарын бақылап және сынамаларды талдаудан өткізу алдындағы қажетті құжаттармен танысып,оларды толтыру үлгілерімен таныстым. 03.06.2024-04.06.2024 күндері өндірістік тәжірибеден өту бойынша бағдарламамен және әдістемелік нұсқаулармен танысу. Тәжірибеден өту қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтармен таныстым. Өндірістік тәжірибемде Каспий теңізінің жағдайы мен ондағы су құрамын химиялық талдаудардан өткізіп ақпарат жинақтадым.Жәнеде топырақты мұнайдан тазалауды бақыладым. Планетадағы ең ірі су айдындарының бірі болып табылатын Каспий теңізі аймақтың экологиялық тұрақтылығы мен экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Алайда, соңғы онжылдықтарда көптеген өнеркәсіптік және антропогендік қызмет Каспий теңізінің жағалау аудандарының су сапасы мен экожүйесінің жай-күйінің нашарлауына алып келді. Ластанудың негізгі көздерінің бірі-құрамында әртүрлі химиялық заттар, ауыр металдар және органикалық қосылыстар бар өндірістік ағынды сулар.
Тәжірибелік оқыту нәтижесінде алынған теориялық білімдер, кәсіби дағдылар мен құзыреттер «Топырақтану», «Геоэкология», «Қоршаған орта мониторингі», «Қалдықтарды өңдеу және пайдалану технологиясы», «Стандарттау және пайдалану» пәндерін оқуға негіз болады. сараптама», «Жүйелік экология негіздері». «Жер ресурстарын қорғау», «Өндірістік экология».
Өндірістік тәжірибенің мақсаты: теориялық білімді бекіту және экология және табиғатты пайдалану саласындағы дербес кәсіби қызмет дағдыларын меңгеру.
Өндірістік тәжірибенің міндеттері:
1) кәсіпорынның табиғатты қорғау қызметінің стратегиясы мен тактикасын, қызметі мен экологиялық бөлімінің мақсаты мен міндеттерін зерделеу және оның жұмысын ұйымдастыру ;
2) Өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды зерделеу, өнім сапасын стандарттау және бақылау, еңбек тиімділігі мен өнімділігін арттыру резервтерін анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстар мәселелері;
3) өндіріс технологиясын экологияландырудың жай-күйі мен перспективасын зерделеу .
...