Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өзін басқара алмайтын адам-құл

Автор:   •  Апрель 27, 2020  •  Эссе  •  702 Слов (3 Страниц)  •  523 Просмотры

Страница 1 из 3

«Өзін басқара алмайтын адам-құл»(Сенека)

        Адамдардың сезімге , азғыруға берілу себебінен , адамзат күннен-күнге өзінің құндылықтарын жоғалтып жатыр. Ал бұл мәселенің зардаптары , біздің қоғамымызға теріс әсерін тигізіп жатыр. Бұлардың бәрі өзімізді басқара алмауымыздың себебі. Ал  өзін-өзі басқару деген не?

        Өзін-өзі басқару дегеніміз- азғыруға, ашуға, сезімге, нәпсіге берілмей сабыр сақтауы. Былай қарасақ оңай мәселе сияқты, бірақ кез келген адамда кездесе бермейтін ерекше қасиет. Бұған әсер ететін факторлар өте көп, өмірге деген көзқарастан басталып, қазіргі қоғамның пікірлері мен нормаларынан аяқталады. Енді бұл фактілерді дәлелдейтін қарапайым мысал келтірсек болады. Егер адам өзіне мақсат қойса, оған жету үшін еңбек етеді. Азанда өзінің нәпсісін жеңіп ерте тұрады, ерік күшімен тыным таппай еңбек етеді, келген қиыншылықтарға сабыр сақтайды және келеңсіз жағдайларда өзінің ашуын басқара алады. Міне осындай адамды өзін-өзі басқаратын адам деуге болады, себебі бұл адам күмәнсіз өзінін мақсатына жетеді. П.Кальдерон атамыздың“Ең ұлы жеңіс –өзіңді-өзі жеңу” деп айтуы да бекерден бекер емес. Ресейде жүргізілген сауалнамаға сүйенсек, “Cіз өзін-өзіңізді басқара аласызба” деген сұраққа әр 10 адамның тек біреуі ғана “иә” деп жауап берді. Сауалнамаға 100-ден аса адам қатысты. Бұл біздің ерік күшіміздің әлсіздігін, ашуға,сезімге берілгіш болып бара жатқанымызды көрсетеді.

        Өзін-өзі басқару мәселесі әр уақытта да маңызды мәселелердің бірі болып келеді. Себебі бұл адамгершіліктің ең жоғарғы дәрежесі. Бұлай айту себебім бір ағылшын философы , нақтырақ айтсам Герберт Спенсер былай деді “Адамның жануардан айырмашылығы-өзін-өзі басқаруы” . Бұл сөзбен мен толықтайкелісемін. Себебі өзін-өзі басқару деген үлкен ұғым , оған өз-өзіне есеп беру, ақылымыз, сыни ойлау қабілетіміз кіреді. Ал адам бір сәтке болсын нәпсіге , ашыға берілсе, ол сол нәпсінің құлы болып кетеді. Ол өзіне байқалмайды, дегенмен де бұл сыртқы көзге байқалып қана қоймай, қоғамды өзгертуге алғашқы қадам жасайды. Статисткаға сүйенсек, қазір бұған халықтың 80 пайызы шалдыққан “індетке” айналды. Бұның салдарынан адамзат ертеден бері мұра болып келе жатқан құндылықтарын жоғалта бастады. Ең үлкен “апаттары” үлкенге құрметтің, кішіге ізеттің жоғалуы, адамдардың қарым-қатынастарының нашарлауы. Әлбетте, бұл жағдайдан шығудын жолдары көп. Ендеше осының шешу жолдарын қарастырайық.

        Бірінші жолы, өсіп келе жатқан ұрпаққа қазақ халқының салт-дәстүріне сәйкес тәрбие беру. Себебі қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Мысалыға, патриоттық сезім, бұрын осы тәрбиені көріп өскен қаншама елін,жерін қорғаған батырлар,дүние жүзіне әйгілі көптеген спорт шеберлері шықты. Қазақ халқының бауырмалшылығын да айтсақ болады, ата-бабаларымыз кішкентай ұрпаққа бұл сезімді ұялата білген, соның нәтижесінде қазақ халқы адамның ұлтына , дініне қарамастан бәрін құшақ жая қарсы алады. Оған мысал ретінде Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт саны бар, ең ғажабы, барлық ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Және де ел басымыздың “Рухани жаңғыру” бағдарламасын айтсақ болады. Бұл бағдарлама қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерін еске,яғни бала тәрбиесіне үлкен үлесін қосып жатыр. Осының нәтижесіне жоғарыда айтып кеткен өзін-өзі басқару қасиеттерін жоғарғы дәрежеге көтерілуі.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (43.9 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club