Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі

Автор:   •  Март 14, 2023  •  Реферат  •  4,220 Слов (17 Страниц)  •  190 Просмотры

Страница 1 из 17

М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

                   БӨЖ 1:

Философияның теориялық, методологиялық негіздері модулі бойынша

Орындаған: 

                                                                                                                 

                                                                                                                Эрсаин Алдияр ТПП21к

Петропавл қаласы

2023 жыл


Кіріспе

  1. «Қазіргі заманғы  Қазақстанның  үшінші  модернизациясын жүзеге асырудағы  философияның рөлі».
  2. «Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу».
  3. «Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау».
  4. «М.Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары».
  5. Қолданылған әдебиетер

1. «Қазіргі заманғы  Қазақстанның  үшінші  модернизациясын жүзеге асырудағы  философияның рөлі»

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі,

ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

                                                                    Қазақстан Республикасының Президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталды. Үшінші модернизацияның басты мақсаты – мемлекетіміздің жаңа тарихи кезеңінде және мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде жаңа өсу моделін құру. Осы жаңғырудың аясында басты - баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауға, əлемдік қиындықтарды болжап қана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыруға бағытталған бес нақты басымдық белгіленгендігі мәлім. Олар:

- Бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

- Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.

- Үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық..

- Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту, ең алдымен білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту.

- Бесінші басымдық - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Халық өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Өз елін өзгерткісі келген, жақсы және гүлденген болашақты көздейтін адам өз жолын: өзін танып білуден, ойланудан бастауы керек. Философия – бұл өмірдің даналығы туралы ғылым. Осы орайда, философия адамның өмір сүруі үшін ең жақсы жағдайларға қол жеткізудің маңызды факторларының бірі болып табылатын өмір тақырыбын білуге бағытталған. Философия білім беруден бастап экономикаға дейінгі барлық салаларда болуы керек.

Джон Локк— британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. "Мемлекеттік басқару туралы екі трактат" еңбегінде өзінің мемлекет туралы ілімін баяндайды. Адамдарды табиғи жағдайда еркін, өзара тең, тәуелсіз ретінде қарастырады. Адамдардың табиғи қалыптан мемлекетке өтуі табиғи жағдайда құкықтардың тұрақсыздығынан туды. Бірақ мемлекеттік жағдайда да еркіндік пен меншік сақталуы тиіс. Сонымен бірге жоғары мемлекеттік билік қалай болса солай және шексіз бола алмайды. Шарль Луи Монтескье– француз ағартушысы, философ, социолог. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды.

...

Скачать:   txt (53.1 Kb)   pdf (179.9 Kb)   docx (24.7 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club