Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философия пәні

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Лекция  •  1,203 Слов (5 Страниц)  •  545 Просмотры

Страница 1 из 5

«Философия» термині гректің «phileо» - махаббат және «sophia» - даналық , яғни, «даналыққа махаббат» сөздерінен шыққан. Аталған ұғымды б.з.д. VII ғасырда ежелгі грек ойшылы Пифагор енгізді. Бұл мағына терминді толық ашып қоймайды, бүгінгі күнде айтылған түсінікке сан қилы ойлар беріліп жүр. Осы ойлар философияны толықтай зерделеуге мүмкіндік туғызды. Философия адам мен дүние жүйесіндегі ортақ заңдылықтар мен қатынастарды зерттейді.

Философия пәні бүкіл әлемді, оның басты салаларын тұтас құбылыс ретінде қарап, болмыс пен танымның ортақ заңдылықтары мен принциптерін болып табылады. Философия әлемді түсініп білуде адамдардың қажетіліктерін қоршаған ортада толықтай және жалпылама көрсететін, өзіндік қасиеттері мен сипаттамасы бар жүйе. Өзінің үш мың жылдық даму тарихында философия барлық ғылымдардың түп негізіне айналды. Философиялық ойлар алғашқы қауымда қозғала бастағанымен, бірақ бүтіндей жүйе ретінде философияның дүниеге көзқарасы ерте ғасырлық қоғамдағы (Үнді, Қытай, Грек, Рим және т.б) ойлардан іріктеле бастады. Философия мазмұны адамның ұтқыр ойлары мен нақты ғылымдарға негізделген.

Философияны қоғамдық сананың формасы ретінде қарастыру барысында философиялық білімнің бөлімдері анықтала бастады. Нақты ойды білдіретін бөлімдері: онтология-болмыс туралы ілім, гносеология-таным туралы ілім, антропология-адам туралы ілім, логика- ойлау заңдылықтары мен ауқымы туралы ілім, этика- адамгершілік пен мораль туралы ілім, эстетика - сұлулық туралы ілім, философия тарихы - философияның тарихының пайда болуы мен дамуын зерттейтін ілім. Сондай-ақ, бүгінгі күнде философиялық білімнің мамандандырылған бөлімдері бар, солардан ғылым философиясы, дін философиясы, мәдениет философиясы және білім философиясы және т.б. пайда болды.

Материализм – материяның алғашқылығы туралы философиялық дүниеге көзқарас.

Идеализм – идеяның алғашқылығы туралы философиялық дүниеге көзқарас.

Объективті идеализм – адам санасынан тәуелсіз идея.

Субъективті идеализм - адам санасымен байланысты идея.

Монизм – дүниенің алғашқы бастамасы бір субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.

Дуализм - дүниенің бастамасы екі субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.

Плюрализм - дүниенің бастамасы бірнеше субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.

Философия дүниеге көзқарастың теориялық негізі болып табылады.

Дүниеге көзқарастң түрлері мен әртүрлі класикалық формалары бар.

Кең тарағаны - тарихи түрі. Оған келесі дүниеге көзқарастың түрлері жатады: мифологиялық, діни және философиялық.

Негізгі мифологиялық дүниеге көзқарас қияли ойлар мен елестету болып табылады.

Діни дүниеге көзқарастың негізі – сенім.

Философиялық көзқарастың негізі –сана.

Философия әдістері. Философия гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану, барлық ғылымдардың әдіснамасы.

Методология (әдіснама) - таным мен олардың жиынтығы туралы әдістер ілімі.

Әдіс - теориялық және практикалық іс әрекеттер принципінің жүйесі.

Әрбір білім аумағының өзіндік зерттеу пәні , қолданатын ерекше әдісі болады.

Философиялық әдістің ерекшеленетін қасиеті – әмбебаптылығында. Бұл әдістер ақиқатқа жол сілтей отырып, барлық жерде қолданылады. Диалектика осы әдістер қатарына жатады. Бұдан да басқа, жеке философиялық әдістер, сондай-ақ герменевтика, эклектика, софистика және т.б. бар.

Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп-салдар, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылатын философиялық

...

Скачать:   txt (16.7 Kb)   pdf (57.1 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club