Контрольная работа по "Философии"
Автор: PLINTUSOFF • Январь 27, 2021 • Контрольная работа • 1,030 Слов (5 Страниц) • 307 Просмотры
1.Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия даналыққа деген сүйіспеншілік ретінде .
Педагогика және психология түсіндірме сөздігінде: Ойлау – ақиқат дүниенің мида жанама түрде ұғымдар арқылы барлық қасиет, байланыс, қатынастармен бейнеленуі. Ойлау адамның сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдей отырып, адамның сезім дүниесінен тыс құбылыстарды танып-білуіне мүмкіндік жасайды. Ойлаудың дамуы әрекетпен байланысты.
Ойлау – обьективті дүниені ұғым, пікір және теория формасында бейнелеудің белсенді процесі; бұл прцесс белгілі бір мәселелерді шешумен шындықты жанама бейнелендіру тәсілдерімен және оларды жалпылаумен байланысты жүзеге асады; айрықша түрде ұйымдасқан материя – мидың жоғары жемісі. Ұғымдар және олардың жүйелері адамзаттың тәжірибесін (жалпылап) бейнелейді, адамдардың жинақталған білімі және шындықты одан әрі танып білуге негіз болып табылады.
Ойлау мәдениеті – адамның ақыл-ой қызметінің әдіс-амалдарын, нормалары мен ережелерін меңгеру дәрежесі; міндеттерді дәлме-дәл тұжырымдап, оларды орындаудың оңтайлы жолдарын таба білуінен, негізді қорытындылар шығарып, оларды іс-әректте дұрыс қолдана алудан көрінеді. Кез келген іс-әрекеттің мақсаткерлігін, ұйымшылдығын, нәтижелілігін арттырады.
Көрнекі – бейнелі ойлау – ойлау түрлерінің бірі. Жағдаяттарды және олардағы өзгерістерді елестетумен байланысты. Көрнекі-бейнелі-ойлау арқылы заттың іс-жүзіндегі әртүрі сипаттамаларының бүкіл сан алуандығы неғұрлым толық қалпына келтіріледі. Бейнеде заттың бірнеше көзқарас тұрғысынан көрінуі бір мезгілде тіркелуі мүмкін. Көрнекі-бейнелі ойлау – ойлаудың онтогенездік дамуының бір кезеңі.
Көркемөнер – қандай да бір тегіс бетке бояудың көмегімен сурет салу өнері. Суретшінің басында пайда болған тақырып пен сюжет күрделі техникалық әдістер: композиция, сурет және колорит (бояу) көмегімен іске асырылады.
Көркемдік әдіс – болмысты, ақиқатты көрсетудің және адамның дүниеге эстетикалық көзқарасын білдірудің тарихи қалыптасқан ерекше тәсілі, ақиқатты өнер образдары арқылы пайымдап, ой елегінен өткізу тәсілі. Көркемдік әдіс белгілі бір эстетикалық мұраттарды бейнелеу мен орнықтыру құралы болып табылады. Көркемдік әдістің сипаты мен бағыты оны қолдана отырып, адамдар өмірін, жеке адам мен қоғамның өзара қарым-қатынасын көркем образдар арқылы көрсету қабілеті мен мүмкіндіктеріне, белгілі бір тарихи кезеңде адамзат дамуының әлеуметтік-саяси және рухани жағдайларына байланысты болады. Кез келген көркемдік әдіс дүниетаныммен тығыз баайланысты, ол көркемөнер шығармашылығына игі немесе теріс әсер етеді.
Рефлексия (лат.reflexio – бейнелеп көрсету) – субьектініі психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі. Рефлексия индивидтің өз санасындағы өзгерістер туралы ойлану процесі деген түсінік философияда қалыпсты. Рефлексия бірде индивидтің өз ойларының мазмұнына шоғырландыратын қабілетпен теңестіріледі (Р. Декарт), бірде оны ішкі тәжірибемен, білімнің ерекше көзімен теңестіріп, түйсіктен, сыртқы дүниеден бөле-жара (Дж. Локк) қарастырды. Рефлексия адамның өзі туралы білім және түсінік қана емес, өзгелердеің өзіне деген көзқарастарының қандай екенін де анықтау.
Философия даналыққа деген сүйіспеншілік
Философияның ежелгі грек ойшылдары дәуірінен бері «даналыққа құштарлық» деп аталып келгені белгілі. Енді «даналыққа құштарлық» деп анықталатын философияға келетін болсақ, бұл сөз тіркесіндегі «құштардық» белгілі бір нәрсеге деген таңдауды, өзіңнен жоғары тұрған нәрсені сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлерді білдірумен қатар, «өзге» үшін, «өзіңді ұмыту үшін», өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады.
философия дегеніміз – адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.
...