Діннің бұрмалануы
Автор: 87472070445 • Март 9, 2020 • Эссе • 1,062 Слов (5 Страниц) • 457 Просмотры
Діннің бұрмалануы
Қазіргі таңда дін мәселесі әрбір адамзат баласын алаңдатады. Себебі, қай дінді алсақ та, оның ішінде бірнеше тармақтары, адамның ойдан шығарған қағидалары болады. Сол сауатсыздық адамды құрдымға алып келуде. Бұл мәселе Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Себебі, Қазақстан халқының көпшілігі ислам дінін қабылдаған. Ал, дін мәселе мұсылман елдерінде туындап жатқандығы барлығымызға айқын. Дін мәселесі жайлы уағыз оқып, сол салада білім бергісі келетін азаматтарымыз көп. Олар жыл санап өсіп келе жатқандықтан, халық қай маманға сенетіндігін, білім алатындығын білмейді. Себебі, дін мәселесіне келген барлық дін мамандарының тарататын ақпараттары әр түрлі болады. Адамдар бір ғана Ислам дінінің ішінен бірнеше тармақтар ашып, өз қағидаларын орнатып тастаған. Онымен қоса, олар өз топтарына адамдарды шақырудан тайынбайды. Бұл қазіргі өсіп келе жатқан ұрпаққа өзінің бас зиянын алып келіп жатыр. Себебі, келер ұрпақ діни сауатсыз болып өсуде. Ол қазіргі қоғамның үлкен, айықпаған дерті болып саналады. Қазақта «Дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің»-деген нақыл сөз бар [1]. Сол себепті, діннің дұрыс тарауы, оның сауатты болуы біз үшін маңызды мәселе болып келеді. Адам баласы дінді ұстаған соң, оның тазасын ұстау керек. Ол үшін біздің қоғамда діни білім дұрыс болу керек.
Діннің бұрмалануы қазіргі қазақ қоғамына өзінің зиянын ғана алып келіп жатыр. Себебі, көптеген жастарымыз таза жолдан адасып, мына қоғамнан жат қалуда. Сол себепті, бұл мәселені алдын-алу керек. Сол сәтте, болашақ ұрпаққа деген алаңдаушылық болмайды. Қазіргі таңда біз діннің бұрмалануы бірнеше зиянды факторларға алып келіп жатыр.
Біріншіден, қазіргі қоғамда діннің тарау бағыты әр түрлі болғандықтан, жастарымыз адасуда. Яғни, жастарымыз өздерін мұсылман санап, өзге қағидалармен жүріп, өзгелерді де үгіттеп жүр. Себебі, қате дінді таратушы адамдар жастардың құлағына оның қаншалықты маңызды, керек, әрі ол дінді ұстанбаса қандай салдарға алып келетіндігін құйып тастаған [2]. Ал, жастарымыз болса өздерін басқарудан қалған. Олар тек белгілі бір адамның сөзімен жүріп, соның қағидаларын ұстануда. Сол себепті, барлығымызға мәлім, қазіргі таңда Сирия еліне кетіп қалған жастарымыз көп. Олар өз еріктерімен, өз қалауларымен, отбасын тастап соғысуға кетті. Қазақ жастары дәл осындай қателікке бой алдырып, жолдан тайып жатуы өкінішті. Онымен қоса, біздің қоғамда «бахаизм» кең таралуда. Оның салдары қарапайым халыққа тиіп жатыр. Бұл дінді ұстанушы азаматтар, соның ішінде жастар өзге әлемнің адамдары секілді. Себебі, қоғамнан бөлектеніп, тым алыс кеткен. Барлығымызға белгілі, сол дінді ұстанушылар салдарынан елімізде көптеген жарылыстар болып, адам шығындары орын алған. Ең өкініштісі, қазақ қоғамында өмір сүріп, қазақ азаматтарымызда өз халқына қарсы шығуы. Ол белгілі бір психологиялық дертке алып келуде. Сол себепті, қазіргі таңда дін мәселесін көтерген жөн болады. Себебі, дін мен сенім, салт-дәстүрлер ата-бабамыздан келе жатқан дүние. Сол арқылы бір рухани дамимыз, жаман әдеттерге бой алдырмай өмір сүреміз. Осы тарапта, дін мамандарының қаншалықты дәрежеде білімді екендігін анықтап, оларды тазалау керек деп ойлаймын. Себебі, мысал ретінде қазіргі таңда орын алып жатқан фактілерді алар болсақ, көптеген молдалар мектептің 10 сыныбын ғана бітіріп мешітке жұмысқа кірген екендігі анықталып жатыр. Әрбір азаматқа діннің тазалығы, қатесіздігі маңызды болып келеді. Сондықтан, әрбір адам дінді мешіттен іздейтін болғандықтан, ол жердегі имамдар да білімді болулары керек. Сол кезде, ешқандай адасушылық, қателесушілік деген болмайды.
Екіншіден, діннің бұрмалануы әсерінен болашақ ұрпақ зардап шегуде. Себебі, қазіргі қоғамда Ислам дінінің бірнеше түрі тарап кеткен [3]. Ал болашақ ұрпақ, кішкентай ғана жеткіншек қай діннің дұрыс екендігін немесе дұрыс жолға жетелейтіндігін білмейді. Ал, барлық ата-ана өз баласына дұрыс діни білім бере алады деп ойламаймын. Енді ғана өсіп келе жатқан бала кез-келген дүниені жадына сіңіріп алатын болады. Ал, оған дұрыс емес білім берілсе, онда оның болашағына қауіп төнеді. Белгілі бір сектаға кіріп, жолдан адасып кетуі мүмкін деген қауіп бар. Сол себепті, бұл мәселенің алдын алу жолдарын іздеп, мектеп кезінен дінді дұрыс бағытта жеткізетін мұғалімдер білім берген жөн. Сонымен қатар, бұл тарапта ата-ана рөлі маңызды екенін ескере отыра, ең алдымен ата-аналарға діни білім берген жөн деп есептеймін. Егер ата-ана өз баласына дін жағынан дұрыс білім бере алса, онда ол бала жолдан адаспайды. Қазіргі кезде, кейбір балалардың санасында мектептегі пәндерге қарағанда діни білім маңызды деген ой туындаған. Себебі, дін таратушы молдалар дінді тым асыра сіллтеп жеткізеді. Алайда, тарихқа сүйенетін болсақ, дінге жақын болған ата-бабаларымыздың өзі білімнің қаншалықты маңызды екендігін айтқан. Солардың бірі-Абай Құнанбаев болып табылады. Сол тарихты ұлағаттап, жас ұрпаққа жеткізе білген дұрыс. Себебі, тарих біздің өткеніміз. Ал, өткеніміз қазіргі күнге дейін дұрыс жолда жеткізсе, демек одан үлгі алуға болады деген сөз. Сол секілді дін мәселесі де сондай. Діни білімнің бір бөлігін тарихымыздан алған жөн. Менің ойымша, сол кезде біз дұрыс бағытта білім алатын боламыз.
...