Өмірді түсіну
Автор: Aizada07 • Май 10, 2020 • Эссе • 261 Слов (2 Страниц) • 589 Просмотры
ЭССЕ
Өмірді түсіну және оның мәнін анықтап зерттеу, өмір сүруге үйрету үшін менің өмірлік түйгенім жетпеуі мүмкін. Бірақ, кез-келген адам өз ісіне жауап бере алатын, өзіне не керек екендігін білетін жағдайда болуы керек деп санаймын. Өмірді қиындатып, ештеңеге алып келмейтін сан-алуан сұрақтардың жауабын іздеп керек емес және қайғымен өмір сүру де маңызсыз. Черчилл айтқандай, ең бірінші маңызсыздықты да маңыздылықты да ұмытып, болып жатқан нәрселерден рахат ала білу керек. Барлығына үлгеремін деп деп жүріп ең қызығын ұстай алмай қаламыз да, ертеңгі күні маңызсыз нәрсеге қол жеткізіп, ешқандай қуаныш әкелмегенін байқаймыз. Мен кішкентай кезімде ойлайтынмын, мен үлкен болғанымда, іш пыстырарлық, қатыгез үлкен кісілер сияқты болмаймын, мәңгі мейірімді боламын деп. Иә, мейірім-ол ең ұлы қасиет, дегенмен, мен ол кезде өз-өзіме «сен үшін жақсылық деген не? Ал жамандық деген ше? Нені қалайсың?»деп мүлдем сұрамаппын. Өмірде барлығын таразыдан өіріп, бағалап отыру аса маңызды, барлығын бірлікте ұстау керек
Адам өзінің таңдаулары мен әдеттерінен тұрады. Біз өмірден рахат ала отырып, өзімізге ұнайтын нәрсемен айналысамыз, солайша әркім өз тағдырының жазушысы болып шыға келеді. Мен кез-келген ойдың материалды екендігіне сенемін, егер адам бір нәрсені қаласа ол оған әрдайым қол жеткізеді деп ойлаймын, тек алғашқы қадам жасау керек. Қателессең-ештеңе етпейді. Тұр да әрі қарай жалғастыр. Белгілі бір таңдаулар жасау үстінде жүректі ұмытпаған жөн, бұл романтизм емес, жүрек пен ақыл үндестікте болуы керек деген сөз. Бастысы-бір жасаған қателікке екінші рет ұрынбайтындай жігерлі болу. Өкінудің маңызы жоқ. Болашақта «не үшін өмір сүрдім? Не түйдім? Айналама не бере аламын?»-деген сұрақтарға өкінішпен өмір сүрген адамға қарағанда, өмірінің әр сәтін бағалай білген адамның жауабы ұзақ болары анық.
...